Мазмұны кіріспе оқушылардың музыкалық Қабілетін дамыту



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата08.06.2024
өлшемі141.54 Kb.
#502447
1   2   3   4   5   6
stud.kz-118294

ҚОРЫТЫНДЫ.
Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп
мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмей – ақ естіген әуендерін,
күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге
түскеннен сол ортада өсті, құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір
жылнамасын бар болмысымен сезді. Ал біздің жағдайымызда есту қабілеті әр
түрлі әдістермен дамытылады: 
1) Домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу. 
2) Домбыра үйренгеннен соң – дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп
тауып үйрену – есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы.
3) Оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды. 
4) Бастапқыда бір дыбыстан, бірітіндеп көбейтіле береді. 
5) Бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын, үлкен кіші жақсы
естиді де, төменгі регистрді қабылдай бермейді. Осы бағытта жұмысты
жандыру керек болады. Домбырашының құлақ құнықтылығы осылай
қалыптасады.
6) Төменгі және жоғарғы іштектегі әуендерді жекешелеп айтқызу, бұл
перне аралық дыбыс даму байланысы жүйесіне үйрету.
7) Жай екпінде нотаны бірден оқытқызу. 
8) Дәлме – дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру. 
9) Буын аралық, перне аралық байланысты сезіну. Осы арқылы оқушы
пернеден дыбысты, нақышты таба біледі, сонымен қатар тез жаттайды,
батылдықта осыдан пайда болады. 
10) Әрине буынды, аудармалы есту бойынша табу – мамандық
оқушыларының есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы. 
Қорыта айтатын болсақ, музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір
қабілеті – музыкалық есту мен қозғалыс бөлек – бөлек дамытылмай, бірлікте
болуы шарт. Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс. Осыған мінез
қызбалығын, шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада
керекті мақсатқа жетеміз. Балада қандай болмасын қабілет пен дағды болса,
ондағы артықшылықты ерте жастан дамыту қажет. Демек, қабілеттік – бұл
еңбектің негізінде осы қасиеттерді өсіру, дамыту, қызығушлығын арттыру
болып табылады. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үдірісті бірдей
теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет