Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.
1.1Музыканы қабылдау
Бүгінгі білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсат – жеткіншек
ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие бере отырып,
олардың
әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер
шығармашылығын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай
білуге қабілеттірін қалыптастыру. Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан
серігі мен және өзінің көркемдігі, нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың
жақсы мінез – құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді.
Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын
тәрбиелеуге, эмоциялдық сезімталдығына
қалыптастыруда білімді, мәдинетті
болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше.Баланың
бойынан музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен
бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама
меңгеріп шығады.Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және
сезімдік тұрғыдағы қарым – қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен - саз,
өлшем – ырғақ жүйесін есту тәжірбиесі қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті
де жинақталады.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға
баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі.
Өйткені ол оқушының музыкалық мәдинеттілігін қалыптастырудың алғы
шарты болып есептеледі.
Музыканы қабылдау –музыка сабағында қолданатын іс – әрекеттердің кез
– келген түрінің
іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни
музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты.
Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте – бірте музыканы
тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн.
Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық
кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң
орындау керек, сондықтан орындау
барысында интоноция тазалығына,
мәнерлігіне назар аударған жөн.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау)
қалыптастыруы мен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам –
сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Арнайы зерттеулер мен іс – тәжірбиелердің көрсетуі бойынша төменгі
сынып оқушыларының музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып
жетіледі.
Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін,
лад пен
ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән
үйрену кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты
Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл естуді қадағалау
қажет.
4-5-6 сынып оқушыларының мінез – құлқы психология – педагогика
әдебиетінде қиын, өзгерісті деп қарастырылады. Дауыс ерекшеліктерінің
дамытудың әдістері мынандай жағдайларды қамтиды:
1) Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру.
2) Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін
қатаң сақтау.
3) Жәймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
4) Көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
5) Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты
келтіру.
6) Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
7) Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырмаушылыққа бағыттау,
ал сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай
немесе жеке көркемдік нәтиже
қажет.
8) Балалардың жеке басының өзгешіліктерін есептей отырып, музыкалық
материалдарды таңдай білу. Жеке қадағалау формалары:
1) Фонитарлық бақылау ( тексеру).
2) Ән айтуын жеке тексеру.
3) Күйді не әнді тыңдау.
4) Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: