Мазмұны кіріспе оқушылардың музыкалық Қабілетін дамыту


Дауыс ерекшеліктерін дамыту



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата08.06.2024
өлшемі141.54 Kb.
#502447
1   2   3   4   5   6
stud.kz-118294

Дауыс ерекшеліктерін дамыту. Халықымыз өзінің сан қырлы әншәлік
дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап – сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізді. Әр
аймақтың әр өлкенің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, композиторлары
суырып салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата – бабаларымыздың
музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына, шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп,
қалдырып отырды. Ол шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін
тыңдаушының сезімінің пернесін дәл басқандай етіп жеткізе білуге, орындау
мәдениеттілігі мен дауысты жоғарғы шеберлігіне үйретеді.
Ән айту өнері бұрынан келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда зерттеу
жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады.
Балалар дауыстарын зерттеудегі ең көп еңбек сіңіргендер: И.Левидов,
Е.Алмазов, А.Содейка, А.Рябченко т.б атауға болады.
Көптеген зерттеушілер дұырс ән айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
сақтау болып саналады дейді. Т.Н.Овчинникова әр түрлі жастағы балалардың
ән айту ерекшеліктерін зерттей келе, дұрыс ән айтуды – олардың табиғи
дауыстарын сақтап, әрбір оқушының әншілік дауыстарын дамытуда
қамтамасыз етеді деп көрсетеді.Оқушылардың дауыстарын сақтауға және ең
жоғарғы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екені мәлім.
Оқушылардың музыкалық мәдениетін сипаттай отырып А.В.Школяр:
есту, көру, сезу,ойлау өнері сияқты негізгі, іргелі қабілеттіліктерді
қалыптастырып алмай, баланың оқушының жаратушы, суретші тәрізіді
қалыптасуы мүмкін емес, - деген ерекше ой түйеді. Балалардың орындаушылық
сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты вокалдық орындау мүмкіншіліктері
мен тығыз байланысты.
Хор ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктеріне көп мәселенің
байланысты екенін ұмытпау керек. Міне, осыған байланысты хор топтарын жас
шамасына қарай 3 топқа бөлеміз: Кіші сынып оқушыларының хоры –
кішкентайлар хоры, бұған 1-2 сынып оқушылары, кейде көбінесе 3 сынып
оқушыларын қосуға болады. Орта сынып оқушыларын - орташалар хоры, бұған
3-4 сынып, кейде 5 сынып оқушыларын қосуға болады.
Жоғарғы сынып оқушылардың хоры – үлкендер хоры, бұған 5-6 сынып
кейде, өз қалауымен 8-10 сынып оқушылары, әсіресе қыз балалардың
қатысуына болады.
Мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат: балалардың дауысындағы
болатын мутациялық өзгерістерді еске ала отырып, олардың дауысының өсуі
мен қалыптасуына зиян келтірмеуі. Екіншіден балалардың жас шамасына қарай
репертураларды лайықты тыңдауға, яғни көлемі, мазмұнының олардың ой –
өрісіне лайық болуы, дауыс дипазондарына сай, дәл болуды ескеруге
мүмкіншілік жасайды. Дегенмен, кейде мектептің, ондағы сыныптардың,
оқушылардың санына байланысты және ән сабағынан беретін мұғалімнің
мүмкіндігіне байланысты хор үйірмесін 2- топқа ғана бөліп ұйымдастыруға
тура келеді.
Мұндайда кішкентайлар хорына 1- 4 сынып, ал ортаншылар хорына 5 - 8
сынып оқушылырын қатыстырып топтауға болады. Төменде хор үйірмесін
ұйымдастырудың бірінші түрін қарастырып көрелік. Ән айту - егер ол
педагогикалық түрде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық, эстетикалық
тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептеледі.
Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық процесс тек
техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек,сонда ән
айту тәрбиесі таза ән айтуға айналады. Сонымен бірге балалар әнді қалай
орындап тұрғанына ән айту процесінің техникалық жағынан жауапкершілік
қарау өте қажет. Дыбысталу сапасы қарастырылуда, яғни дауыс аппарттарының
жұмысын ән айтатын жағдайда келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін,
әсіресе вокалды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің, хор жетекшісінің арнайы
білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
Сонымен адамының дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп,
қадалағап, сапалы түрде қолдану керекдеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі –
дауысты қорғау болып табылады деген болжамға келген ғалымдарымыз
Н.Левидов, А.Я.Рябченко т.б. Кейбір жағдайда дауыс аппаратының ауруларын
вокалды педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан.
Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айту дауысты қоғау болып табылады
деген тұжырымға келген. Оқушылардың эстетикалық дамуы табиғаттың,
қоршаған ортаға, еңбекке, қоғамға көз қарасын тәрбиелеумен тығыз
байланысты.Сан алуан тақырыптағы музыкалық шығармалар арқылы
оқушылардың жан – дүниесіне, сана – сезіміне әсер ете отырып, эстетикалық
белсенділін арттыру, жоғары көркемдік талғаммен рухани дүниесін байыту,
музыкалық шығармаларға, сүйіспеншілігін арттыру.
Болашақ мамандырдың негізгі мақсаты болуы тиіс. Вокалды хор – жұмыс
барысында оқушының әншәләк дауысына ерекше көңіл аударылады.
Оның негізгі қасиеттіне жататындар: дыбыстық және динамикалық
диапазон, темрінің сапасы, дикция. Музыка мұғалімінің музыкалық қабілеті
оның педагогикалық қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда
вокалды және аспаптық орындаушылықта, жеке музыкалық – пластикалық
әрекетінде, балалардың аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің
ән шығаруында драмалады, мюзиклдарды ұйымдастыруда, сабаққа музыкалық
шығармаларды таңдағанда т.б.
Дауыс тәрбиесін саналы түрде қбылдап оның қалыптасыуна нәтижелі
үлес қосу. Балалар дауысының теориялық негіздері. Бала дауысының
ерекшелігі және оның өсіп жетілуі. Қазіргі кезге дейін тәжірбиеде балалар
дауысың нәзіктігі, жеңіл де, жарқан үні, әсіресе кіші жастағы балалар
дауысының фальцетпен (Фальцет – әншә даусының көбінесе ерлер дауысының
жоғары регистерде бас резонтарының искусствалық жасанды жәй таза
орындалуы) дыбысталуы туралы айтылып жүр.
Балалар дыбыс мүшелері үлкендердің дыбыс мүшелерінен өзгешелеу,
яғни өте нәзік, көлемі жағынан да кішілеу болады. Балалардың көмекей
(гортань) үлкендердің көмекейінің көлемінен екі, екі есе кіші болады. Ал дыбыс
желбезегі (голосовая связка) үлкендерге қарағанда 4 есе қысқа болып келеді.
Міне, сондықтан да олардың дауысы өте ашық, жоғары, жеңіл де, нәзік болады.
Сонымен қатар тыныс алуға қатысатын өкпе диафрагмасының көлемі кіші
болғандықтан, демі тез бітіп қайта – қайта дем алады, сол себептен оларға
қысқа, жеңіл сөз тізбектеріне (фраза) тұратын әндер айтқызуға тура келеді.
Жастардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу,
бірлесе отырып ән айту, олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыруымен
қатар, ортақ табысқа қуана білуге, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға
тәрбиелейді. Жас кезеңдеріне бөлудің көбірек таралған түрі Қазақстан
Республикасының энциклопедиясына берілген. Онда жас ерекшелігіне
байланысты даму кезеңдері төменгіше бөлінеді. 


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
- туғаннан 1 жасқа дейінігі бөбектік кезең, 
- 1 мен 3 арасындағы сәбилік кезең,
- 3 пен 7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3 кезеңге бөлінеді:
-7 мен 9 – дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар),
- 10 мен 14- тың арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер),
- 15 пен 17 – дің арасындағы жоғарғы сынып оқушылары (балаң жастар).
Балардың дамуы туралы, кейде кері өзгеріске түсетін күрделі процесс.
Оның нәтижесінде дене мен психикада сандық, сапалық өзгерістер болады.
Олардың өсуі мен дамуында биологиялық көрсеткіштері ғана өзгеріп
қоймайды, сонымен бірге санада сандық, сапалы өзгерістер және балалардың
қоршаған дүниеге қарым – қатынас жасауы өзгереді. 
Мектепке дейінігі кезеңде баланы оқуға дайындау, мектеп жасында
оларды оқыту, сананың дамуына, алдымен ақыл – ойдың, естің, қиялдың
дамуына негіз болады.Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді
бастан өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні,
күмбірлеген күйі елден – елге, ауыздан – ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірде
жаңа мәдениетке көтерілді.
Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым –
қатынастың нашарлығынан және жанұя мен мектептің байланысың
жоқтығынан «қиын», болмаса педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар
қалыптасады. Олар психологиялық, денелік жағынан дамыған, бірақ мектептің,
жанұяның, қоғамның талап тілегіне көнбейтін, өзін ерікті санап жүріп тұратын,
қылмысты әрекет жасайтын балалар. «Қиын» баланың негізгі белгілері
жеткіншек кезеңінде айқын көрінеді.
Сондықтан өзі еңбек ететін мұғалім – тәрбиешісінің сынып, топ
ұжымында «қиын» оқушы болса, алдымен оның ерекшеліктерін зерттейді.Оған
сай өзге мұғалім – тәрбиешілер мен, ата – аналарымен бірлесіп, оқуына
көмектеседі, өнеге көрсетеді, сенім артып және бойындағы жақсы қасиеттерге
сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындатады, өзге оқушылармен қарым - қатынас
жасауына мән береді. 
Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық
негізі мен практикалық нұсқауларын тереңірек жүзеге асырудың
фундаментальдық принциптері мен жолдарын атақты зерттеушілер
Б.В.Асафьев, В.Н.Щацкая, Д.Б.Кабалевский т.б. қарастырды. Д.Б.Кабалевский
балаларды және жасөспірімдерді үлкен және салмақты музыка әлеміне жетелу,
музыка әсер ету арқылы олардың жеке басының тұлғасын қарастырды.
Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені – қазіргі әлелеуметтік
тақырыптарға, балалар мен жастар образын жасауға арналған.
Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио, телевизор, магинитафон,
немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез – келген үйден
кездеседі. Бұл қуантарлық жағдай. Өйткені, мұның өзі мәдениетіміздің өскенін,


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
музыкамен айналысуға әркінімнің де мүмкіндігі барын талап – талғамының
артқанын дәлелдейді. Ал, жақсы музыкадан шарап, жалығатын адам табылар ма
екен! Қорытып айтсақ, музыка біздің өміріміздегі көңіл серігіміз.
Қазіргі мектепте тәрбиеленіп жүрген жасөспірім балаларды адамгершілік
тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтық іс болып отырғаны баршаға
мәлім. Сондықтан күрделі саласының бірі – жастарға музықалық – эстетикалық
білім саласында едәуір білім алуға міндетті. Эстетикалық қабылдау қасиеті
сәбидің жас кезінен – ақ пайда болады. Жалпы айтарлық адамгершілік қасиет
деп отырғанымыз – қоғам өмірінің заңдылығына сәйкес моральдық ұғым.
Мектеп қабырғасында жастарға музыка сабағы: туған жер, Отан, ата – ана,
жастар, мәдени мұра, ұлттар достығы туралы әндерді үйретіп, шындықты
білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі.
Адамның әсіресе мектеп жасындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің
нәтижиелілігі жоғары көтерілуінің қажетті алғы шарттары болып олардың
білімі мен музыкалық дамуын есепке алу болып табылады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар – мектептік оқу – тәрбие
жұмысының бір тұтас бөлігі. Қазірігі кезде, біздің ойымызша ән сабағы
мұғалімдерінің, музыкалық топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып,
жан – жақты байқаудан өткізетіндей балалардың музыкалық ән айту
ерекшеліктерін зерттейтін анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістермелер
жоқтың қасы. Көп мұғалімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй
әдісітерін қолданады музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқ
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі
бағыт беріп отыру.
Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұндай формасы әр баланың жеке
өзіндік қасиетін терең ұғындармайтын сияқты. Іс жүзінде мынандай да
жағдайлар кездеседі. Кейбір дарынды балалар музыкалық тексеру кезінде сәтсіз
жағдайларға тура келуі мүмкін.Мысалы: көпшіліктен ұялуы, немесе тамағының
ауырып қалауы және т.б. Ал келесі сабақта ол оқушы өзін жақсы жағынан
ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір ғана сабақтың
нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.
Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналаған
кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Музыка сабағының және мектеп
жанындағы түрлі көркемөнер үйірмелерінің алда тұрған міндеттері орасан зор.
Республикамыздың көптеген бастауыш, сегізжылдық және орта мектептерінде
музыка көркемөнер жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Әйтседе, кейбір
мектептерде музыка сабағының орнына басқа сабақты өткізе салу әдетке
айналған. Музыка сабағын өткізгенмен мұғалімдердің бәрі бірдей музыкалық
аспаптарда нақышын келтіріп жақсы ойнай алмайды немесе әнді жөндеп айта
бермейді.
Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа,
жинаққылыққа бейімдеп,ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойынындағы


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
дарынын ашуға көмектеседі. Мұндай музыкалық кештерді әр тоқсан сайын
біренеше сынып балаларының басын қосып өткізуді дәстүрге айналдырған
дұрыс. Әр түрлі музыкалық қабілетін шыңдап, білімін тереңдетіп, олар
әсемдікті сезінуге, мәдениеттілікке тәрбиелейді. Бұнымен қоса белгілі әнші –
бишілермен, композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрудың немесе
олар туралы қызықты әңгімелер өткізудің де мәні зор. 
Үйірмеге қатысушы балалардың музыкалық дарынынан басқа ықыласы
мен ынтасы болуы керек. Үйірмелердің ішінде қазіргі кең бағыттағы
мектептерде кең таралған және сүйікті – хор. Хор – ежелге грек театрындағы
трагедия мен комедиялар өнер көрсеткен орындаушылар тобы. Оларды
алғашында арнайы аспап көмегінсіз тексеріп, деңгейлерін байқайды. 
Төменгі сынып балалары ұялшақ болғандықтан, оларды топпен немесе
жеке – жеке тексерген дұрыс. Әдетте, хорға 40 – 50 бала немесе одан көп бала
алынады. Республикамызда хор өнерінің дамуы,жалпы профессиональдық
өнер, ұлттық музыкалық театрдың ашылуымен тыығыз байланысты. Хор
мәдениетінің дамуына компазиторлар Д.Мацуцин, М.Төлебаев,
Е.Брусиловский, Қ.Қожамияров, Б.Байқадамов, М.Сағатовтар айтарлықтай үлес
қосты. Көркемөнерпаздар үйірмелерінің де өздеріне тән белгілі кемшіліктері
бар. Мұны біз сынып оқушыларының музыка сабағында немесе сыныптан тыс
хор үйірмелері әншілердің музыкалық шығарманың стилін және жанрын талдау
жұмысында көп жағдайда дәрменсіз екен деп түсінеміз.
Сондықтан жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу
күшейеді. Көптеген музыка мұғалімдері өздерінің тәжірбиелерін жинақтады.
Мұғалім - құрметті, қоғамдық мәні жоғары, қиыншылығы мен сыры мол және
үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Жас ұрпаққа өз өнерін,
тәжірбиесін, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші. Мектепке оқу – тәрбие
процесін өмірдің талабына сай жетілдіру мұғалімнің яғни, келешек біздердің іс
– тәжірбиеміздің үздіксіз толықтырып отыруымызға, жаңа ізденістерді
жасаумызға байланысты. 
Музыка мамандығы оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, музыканы қабылдауларын зерттейді. Мұғалімнің балалар мен тіл
табыса білу іскелкелігі болуы тиіс. Мұғалімнің балалар алдындағы беделінің
артуы оның талап қоя білуіне, ісіне мән беруіне де байланысты. Сондықтан ән
сабақтары бірін – бірі қайталамай, жоғары талаптарға сай жүргізілуі тиіс.
Сонымен, музыкалық тәрбиенің ең көпшілік түрі ән салу болып табылады. Ән
айту жалғасып келе жатқан өнер. Яғни, бұдан нағыз керек шабыт себеп болып
отыр. 
Шабытсыз туған ән көпке жетпейді. Қазақ халқының тарихындағы
күрделі оқиғалар – ән жанрында өз көрінісінде тауып отыр. Қазіргі уақыттарда
зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп
саналады. Балалар дауыстарын зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И.Левидов,
Е.Алмазов, А.Рябченко т.б. атауға болады. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді.
Ақын шын өмірді әсерлі де айқын бейнелеуі арқылы дұрыс бейнені
көрсетеді де, өз оқушыларының фантазиясына әсер етеді. Біреуі дәлелдейді,
екіншісі көрсетіп береді, сөйтіп екеуі де сендіреді. Бұл жерде ғылым да, өнер де
бірдей қажет, сол себептен ғылымда өнердің орынын баса алмайды.
Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін, олардың ағзаларының өсіп даму
процестерінде дауыстарын жүйелі қалыптастырып тәрбиелеуде ән айту
аппаратының даму кезеңіндегі өзгеріп отыратын жас ерекшеліктерін ескеріп,
қадағалау дұрыс үйрету мен тәрбиелеудің басты шарты болып табылады. 
Физиологияның заңдылықтарын оқып – біліп отырғанымыздай, бірінші сынып
оқушылары үшін мынандай қасиеттер тән жеп білеміз:
1) Ағзаларының нәзік, әрі толық жетілмеуі, орынында біркелкі
қозғалыссыз отыруынан, мұғалімінің сабақты бір сөзбенен айтып түсіндіруінен
тез шаршауы. 
2) Әдетте, мақсатылықтың, қабілеттіліктің, оймен жұмыс істеу
қасиеттерінің нашар болуы, бірақ олардың есте сақтау қабілеттері берік.
3) Өз бетімен қалай болса солай ойлау назарының шағын көлемі, еріксіз
ықыласты игеруі, әртүрлі обьектілерге ауыстыру жолымен ұдайы белсенділікті
қажет етеді. 
4) Белгілі бір бейнені сол қалпында елестете білуі, оының нақтылығын
білу, сондықтан музыканың дыбысталу қасиеттерінің белгілі нақты
бейнелерімен қоса, турашылдық, анайлық байланысының қаупі барын әрдайым
еске алуы қажет. 
Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық даму деңгейі біркелкі емес,
әртүрлі. Кейбір балалар көңілдерін басқа нәрсеге аудармай музыка тыңдай
алады, ал кейбіреулері музыка тыңдаудың не екенін түсінбейді. Балалардың
белгіді орындаушылық қабілеттері болады, музыкалық сауатты, ал біреулері
музыкаға немқұрайлы қарайды. Балалардың музыка тындаудағы
мүмкіншіліктері кең ауқымды, оларға негізгі көрнекті, жарқын характердегі
музыкалар ұнайды, бірақ олардың өз бетімен қалай болса солай ойлауының
көлеміне байланысты шығармада шағын болуы тиіс. Балалардың ән айту
мүмкіншіліктері белгілі бір деңгейде алдыңғы музыкалық дайындық кезінде
анықталған. Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшелігіне
байланысты вокальдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты.
Музыкалық дайындығы жоқ балалардың дауыс диапазоны – октавадан
жоғары, 7 жастағы балалардың жұмыс дипазоны бастапқы сабақтарда
примарлық зонамен тең келуі керек, яғни бірінші октаванның ре – ля
нотасымен. Примарлық зонаны кеңейту бірітіндеп жоғары дыбыстарды қосу
есебімен жеңіл жүреді, бірінші октаваның си нотасынан екінші октаваға дейін.
Хор үйірмелерін мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат балалардың
дауысының өсуі мен қалыптасуына зиян келтірмеуі. Хорды мұндай топқа
бөлудегі тағы бір пайдасы балалардың жас шамасына қарай репертуарларды


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
нақты тыңдауға, яғни көлемі, дыбыс дипазондарына сай, дәл болуды ескеруге
мүмкіншілік жасайды.
Ер балалар мен қыз балалардың дауысында тембрі ашық, жеңіл, жарқын,
әлсіздеу орташа күші болады. Жалпы әнге, хорға – талабы, қабілеті бар
оқушыларды өз ризашылығымен қабылдайды. Кішкентайлар орындау хорының
шеберлігі,ерекшелігі бар, өте эмоционалды – көркем образ арқылы, сезімін
ашық та анық, дирижер ұстаздың көрсетуіне лайықты қимыл әрекет арқылы
орындайды. Жасөспірімдерге көбінесе бірінші октавадағы және екініші
октавадағы аралығында жазылған шығармалар таңдалғаны жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дамуы: аранайы іс –
тәжірбиелер мен зерттеулердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушылары
әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды өте тез ұғып алады. Негізгі барлық
музыкалық тәрбие беру әдістемелік жұмыстарындағы ең басты мәселе
музыкаға деген қызығушылығында, оның дамып жетілуінде, бар ынтасымен
тыңдап, орындаулында деп көрсетті. Балалардың алаған музыкалық әсері
негізінде, музыкалық білім алудың бірінші күнінен бастап, олардың музыкалық
қабілеттерін яғни, музыкаға деген эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін,
лад пен ырғақты сезінуді, есте сақтау қабілетін, музыкаға деген
шығармашылық қабілетін әрі қарай жетілдіріп, күнделікті дамытып отыру
қажет. 
Әрбір музыка пәні мұғалімдері мен хор жетекшілерінің алдына қойған
мақсаты – оқушылардың бірінші сыныптан бастап музыканы тыңдай білуге
үйрету. Бұл дағды кез келген музыкалық іс – әрекет барысында, оның ішінде,
әсіресе ән үйрету кезінде дамиды. Ең бастысы, дұрыс қалыптасу үшін кез
келген дағды уақытты талап ететін мұғалім әркез есте сақтауы тиіс. 
Музыкалық қабілеттің екінші белгісі.
Музыкалық қабілетті зерттеудің заманауи сатысын бұрылысты кезең
ретінде сипаттауға болады. Музыкалық есту, ырғақты сезгіштік және
музыкалық жады үштігі музыкалық қабілеттің табиғатын құрайды және дәл осы
аталғандар жақсы жетекшілік жасалған жағдайда музыка саласында ғажайып
табысқа жетудің кепілі бола алады деген түсінік психологтар арасында да,
музыканттар арасында да өзінің басым жағдайын жоғалтып отыр. Көпшілік
мамандар музыкалық есту ырғақты сезгіштік және музыкалық жады – бұлар
музыка саласында табысқа жету үшін жеткіліксіз деген пікірді қолдап отыр.
«Қабілеттік» және «дарындылық» түсініктерінің анықтауда туындайды.
Айтарлықтай қиындық осы аталған терминдердің көпшілік мақұлдаған және
тұрмыстық түсінігімен байланысты. 
Егер түсіндірме сөздіктердің көмегімен көмегімен жүгінетін болсақ, көп
жағдайда «қабілеттілік», «дарынды», «талантты» сияқты түсініктердің
синонимдік қатарда тұратындығын және қабілеттілікті көрсетудің сатыларын
белгілейтін ұғымдар ретінде көреміз. Алайда «талантты» ұғымы адамның
табиғи ерекшелігін көрсететіндігін атап өту маңызды. Қабілет туралы сөз


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
болғанда адамның бір нәрсені жасау мүмкіндігі меңзеледі, ал талант туралы
айтылғанда белгілі бір адамның қасиетінің жарталысынан бар сипаты екендігі
сөз болады. Сонымен қатар қабілеттілік те, дарындылық та табысқа жетуде
көретіндігі сөзсіз. 
Қазіргі таңда музыкалық – көркемдік, шығармашылық қабілеттіліктерді
зерттеу алғашқы орынға шығып отыр. Музыкалық дарындылық
психодиагностикасында негізгі екпін 14 – 15 жасқа келген кезде өзінің өмірлік
жолына таңдау жасай бастайтын балалардан жасөспірімдерге ауысып отыр.
Балаларға жүргізілген музыкалық тестілеу әзірге жақсы музыкалық
көрсеткіштерді кәсіби көрсеткіштерден айыруға мүмкіндік бермей отыр; Тек
жақсы есту және ырғақтық көрсеткіштерге ие балаларды музыкаға оқыту
үдерісінде ғана кәсіби музыкалық қай деңгейде бейім екендіктерін анықтауға
болады. Бұл адамдардың барлығы тұрақты дәстүрі бар бір топқа тиесілі, бір
әлеуметтік сабақтастыққа бекітілген. Бір бірімен қарым – қатынаста, бір біріне
өзара әсер етуде, сондай – ақ олардың шығармашылықтары бағалаушылардың
тар шеңберінде ғана емес, еркін қала адамдардың арасында кең көлемде
қажеттіліке ие болуының арқасында олардың барлығы өздеріне берілген
артықшылықтарды дамытуға мүмкіндік алды.
Музыкалық қабілетті эксперменталды қалыптастыруы мен жалпы
музыкалық қабілеттің даму деңгейінің түрлерін анықтаумен қатар балалармен
дианостикалық дайындық болып табылады. Қабілеттер - еңбектің негізінде
қасиеттерді әдетке айналдыру, дамыту мүмкіндігі. Жекелеген қасиеттердің
локальді сипатын ескере отырып, Яворский қабілеттерді музыканттың барлық
тұлғасымен, тұтастай алған оның мәдениетімен байланыстырады.
Қабілеттердің әрқайсысын дамыту арнайы нышандарға тәуелді және барабар
функционалдық жүйелерді қалыптастыруды талап етеді, бұл ретте теория мен
практикада түсіндірілуі қажет. Жалпы музыкалық – педагогикалық тәжірбиеде
негізгі музыкалық қабілеттердің астарындамыналар түсіндіріледі, яғни
музыкалық есту, ырғақты сезгіштік және музыкалық жады.
Музыкалық қабілеттің негізгі 3 түрі бар. Мақамдық сезім – яғни әуен
дыбысының мақамдық қызметін эмоционалдық тұрғыдан ажырата білу қабілеті
немесе әрекеттің дыбыстық жоғарлығына тән эмоциалық көріністі сезіну. Бұл
қабілетті басқаша – эмоцоналдық немесе музыкалық естудің перцептивтік
кешені деп атауға болады. Мақамдық сезім музыкалық жоғарлықты сезінудің
үзілмес бірлігін, яғни тембрден мүшелеген жоғарлықты жасайды. Мақамдық
сезім әуенді қабылдауда, оны тануда, интонацияның дәлдігін сезінуде тікелей
көрініс табады. Ол ырғақтық сезіммен қатар музыкаға деген эмоциалық
ықыластың негізін қалыптастырады. 
Есту арқылы түсіну қабілеті – яғни дыбыстық жоғарлылықты
әрекеттерінде көрінетін есту арқылы түсінуді еркінше қолдану қабілеті. Бұл
қабілетті басқаша музыкалық естудің немесе репродуктивті кешені деп атауға
болады. Ол әуенді, ең алдымен әнді есту бойынша орындауда тікелей көрініс


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
табады. Бұл қабілет мақамдық сезіммен бірлікте үйлесімді естудің негізінде
жатыр. Дамудың анағұрлым жоғары сатысында әдетте ішкі естуді
қалыптастырады. Бұл қабілет музыкалық жады мен музыкалық елестің негізгі
өзегін құрайды. Музыкалық – ырғақтық сезім – музыканы белсенді түрде сезіну
қабілеті, музыкалық ырғақтың эмоционалдығын және оның нақты орындалуын
сезіну. Ерте жастағы музыкалық – ырғақтың сезімнің көрінісі музыкалық
туындыны есту музыкалық ырғақты беретін белгілі бір қозғалыстық
реакциялардың қатар жүруімен байланысты болады. Бұл сезім музыкалық әркет
хорын қабылдаумен және және оның көрінісімен байланысты музыкалылықтың
негізінде жатыр.
Музыкалық жады – Музыка өнерінің ерте кезеңінде музыкалық жадының
маңызы туралы Р.Дрейк айтқан болатын. Оның ойынша, музыкалық жады
өзіндік музыкалық қабілет болып табылады. К.Сишор музыкалық
шығармашылықта музыканы жады бойынша қабылдауға үлкен назар аударған.
Ол оны «есту бейнесін жасау» қабілеті деп атады және оны ұзақ мерзімді
жадымен және «есту елесінің» жұмысмен байланыстырды. Б.М.Теплов «есту
арқылы түсіну» қабілеті «музыкалық жадының және музыкалық елестің негізгі
өзегін» құрайды деп санайды. Ал Л.Мейер өз кезегінде « музыкалық жадының
маңызы музыкалық бейненің даму үдерісінде сезіледі» дейді.
Ультрақысқа жады – қысқа, үзік – үзік және күтпеген дыбыстардың ізі,
дыбыстың басты белгісі жоғарлығы, тембр. Олардың ұзақтығы онша емес – 0,1
– 0,5 секунд. Санада сигналды тірілту үшін қайталауға қажетті тез жоғалатын
ізі қалады. Қысқа мерзімді жады – Санада дыбысталатын музыканың үлкен
көлемімен ерекшеленеді, ол дыбыстардың жекелеген белгілері емес, керісінше
мағыналық блоктарды, яғни мотивтер, фразалар мен әуендерді есте сақтауды
қамтамасыз етеді. Жылдам жады – тікелей қабылдаудың және бұрын игерілген
қысқа мерзімді жадының материалдарын пайдалынады. 
Оның негізгі мазмұны – тікелей келіп жатқан музыкалық әрекетке
ұсынылған немесе шынайы, орындаушылық немесе композиторлық әрекетке
қызмет етеді. Қозғалмалы жады –музыкантта орындаушылық қозғалыстар мен
олардың кешені жақсы есте сақтау арқылы көрініс табады. Жақсы қозғалмалы
жадының белгісі виртуоздық, техникалық қиындықтарды меңгерудегі оңайлық,
шеберлік болып табылады. Орындаушы үшін бұлар үлкен маңызға ие. Олар
есте сақтауды және музыкалық туынды меңгеруді жеңілтеді. Жарқын және
тұрақты музыкалық – есту сипаты бейнелі жады иесіне тән болып келеді.Жақсы
бейнелі жады, есту – ішкі естудің қалыптасуының жеңілдетсе, көру –
жыбысталуымен қатар ноталық мәтіннің көру арқылы қабылданған бейнелерін
жеңіл еске түсіртеді.
Эмоционалдық жады – бастан өткен сезім мен эмоция жадысы. Ол
музыканы қабылдауда және орындау кезінде болған сезімдерге байланысты
белгілі бір «үндестіктегі» адамның барлық қабылдауын, іс – әрекеттерін
безіндіріп тұрады. Эмоционалдық жады музыкалылық пен мақамдық сезімнің


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
негізі болып табылады. 
Қабілеттілік мәселені әрқашан өткір әрі өмірлік маңызды сұрақтардың
бірі болып қала береді әрбір жеке адамның алдында үнемі өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігі тұрады, оларды қанағаттандырудың
іс жүзіндегі мүмкіндіктері өмірлік жағдайларға, соның ішінде қабілет пен
біліктілікке, шеберлікке тікелей тәуелді болып келеді. «Талант» ұғымын
анықтауда оның тума сипатына ерекше назар аударылады. Талант белгілі бір
нәрсеге қатысты берілген тарту, дарын ретінде анқталады, ал тарту немесе
дарын табиғаттың берген қабілеті болып табылады. Басқаша айтқанда, талант –
табиғат берген тума қабілет, ол белгілі бір әрекетте жоғары табыспен
қамтамасыз етуші. Сонымен қатар шет тілдер сөздігінде талант ұғымына
анықтама беруде көрнекті, тума қасиет, ерекше табиғи қабілет деп беріледі.
Дарандылық таланттың бір сипаты, тума таланттың бір деңгейі ретінде
қарастырылады. Балалардағы дарындылықты психологиялық зерттеу мен
айрықша балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты психологиялық –
педагогикалық мәселелерді шешуге ұзақ уақыт бойы елімізде басты назар
аударылды. Қоғамда бас сипатқа ие идиологияға сәйкес ерекше қабілетті бар
балаларға ерекше көңіл аударудың қажеті жоқ деп саналады, себебі барлық
балалар бірдей, олардың әрқайқсында қажетті кез – келген қасиетті
«қалыптастыруға» болады деп есептеледі. «Артықшылық», «дарындылық»
ұғымдарының шеңбері бір идеологиялық, зиянды нәрселер қарастырылды.
Психологиядағы бұл жағдай шетелдік ғылымнан біздің ғылымды
алшақтатып, бөлектеп тұрды. Тек қана соңғы жылдары балалар арасындағы
дарындылық мәселесі «көлеңке тұстан шығып», ғылымдар арасындағы үлкен
қызығушылық тудыра бастады. Балалардағы қабілетті неғұрлым ертерек
дамытса, оқыту да соғұрлым айқын көрінеді. Балада қандай болмасын
қабілетпен дағды болса, ондағы артықшылықты ерте жасынан дамыту қажет.
Баланың белгілі бір әрекетке деген қызығушлығын одан әрі дамытып, қолдау
бала өмірінің алғашқы жылдарында ол саналы түрде осы дамуды өзі қалағанша
және ұмтылғанша жалғасуы керек. Ұзақ уақыт бойы кішкентай адамның
тұлғасын мықтап дамытып қалыптастыра отырып, баламен бірге үлкен
нәтижиелерге жетугеталпыну керек. Демек қабілеттілік – бұл еңбектің негізінде
осы қасиеттерді өсіру, дамыту, қызығушылығын арттыру болып табылады.


Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет