Музыкалық қабілет.
Музыка адам өмірінің жан серігі, музыканы сүймейтін адамды кезіктіру
мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, оның тілі кім – кімге де түсінікті. Міне
сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің мінедеті – шәкірттерін музыка өнерінің
сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.
Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай
түзесе, музыка да адамның жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі
оқушылардың эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек
екенін дәлелдейді.Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын
белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы
алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.
Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген
сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.
Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және
адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің
орны ерекше.
Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қарастыра
отырып олардың бойында белгілі адамгершілік – эстетикалық мәдениетті,
көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Музыка өнері әрбәр
Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
оқушыны әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани
мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды.
Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның
обьективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек.
Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның
таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру,
нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық, талғамы мен
мәдени деңгейін жоғарлату – басты міндет.
Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың
рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұрағатталғандары, көркем
шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы
дәстүрлер т.б. мәселелерді көтере келіп, тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми
талдаулар жасады.
Ғұлама ғалым Әбу – Насыр Әл Фараби « Музыкалық идеяны оны жүзеге
асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау,
жаттығу түрлерін бір – бірімен салыстыру, әуенді талдау әрбәр тонның
дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға
болатындығын айтады.
Тәрбиелеу барысында тәжірбие жинақтаудың рөлі зор екенін атап
көрсетеді, т.б. өзгерісін бақылап сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім
мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы
өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің
дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді.
Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.
Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Музыка
сабақтарында балалар жан – жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар
қоя біледі. Дәлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны
тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін
түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.
Жан – жақты музыкалық даму барысында алдына көпетегн мақсаттар қоя
біледі. Дәлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны
тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін
түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.
Ән айту, музыка тыңдау, музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық
сауат және қозғалыс (ырғақ) музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.
Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және
музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана,
шығармашылық белсенділік нәтижелі болады.Үйірмелерде оқушылар музыка
сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге
мүмкіндік алады. Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың
музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сыныптан тыс жүргізілетін
музыкалық – көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды,
Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды
мақсат етеді.
Осы мақсатқа жету үшін, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны
қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны
жөн,ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі. Бастауышта
оқылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойының маңызы зор.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар, зерттеуде. Мысалы: жүйелі жүргізілген ойындар
кезеңінде төмендегідей ойындар жүргізіледі. Эмоцияны дамыту, қарым –
қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын жақсартуға бағытталған
ойындардан «әуенді тап!» «Шатасқан ноталар», «Кім немесе не үні екенін тап»,
«Әуенге қозғалыс ойла да сыйла», «Музыка арқылы менің эмоцияларым»,
«Көңіл күйді көрсет», «Әнді тап», «Музыкалық – мимикалық гимнастика» т.б.
Ойындық өзара әрекет - бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз
қабілеттерін мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, өзін – өзі бекітуге мүмкіндік
беретін ерекше іс – әрекет түрі. Яғни, ойын бала тұлғасының әлеуметтік
дамуының негізгі факторы. Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген
құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қана қоймай, есте сақтау,ойлай
білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды.
Біз Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырдамасы жобасынан көре аламыз. Мысалы: Иохон Хейзингтің «Ойыншы
адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Бренннің «Адамдар
ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды.Ойын теориясын зерттеуші Ресей
ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудярявцев, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық
ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров, т.б.
Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек –
деп жазды Ж.Аймауытов. Мектептегі сондай ойындардың бірі – «Ойлан тап»,
жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін,
құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшандыққа үйрене алады.
Мысалы:
Ұзын мойын ек шек,
Қатар – қатар тепкішек,
Басып қалсаң бір – бірлеп,
Күй шығады, күмбірлеп. (Домбыра).
Ұсынып отырған жұмбақтарды оқушылар екі топқа бөліп жарыс түрінде
өткізуге болады.
Бірінші топтың балалары жұмбақты айтса, екінші болып оқушылары
жауабын табу керек. Кәне балалар бәріміз дауыстап төрт түлік малды төлін
емізуге бәріміз бірдей дауыстап шақырайық.
Мысалы:
Биені құраулап,
Түйені көс – көс деп,
Курстық жұмыс
Н 3-4-2021
1 баспа 05.01.2021
Сиырды аухаулап,
Ешкіні шөрелеп,
Шақырып аламыз,
Сауамыз, бағамыз.
Бұл музыкалық ойында ән айтқызу арқылы дыбыс тазалығына, сөздерді
анық айтуға көңіл бөлеміз.
Музыкалық дидактикалық ойын. Ойын мақсаты. Тоқсан бойынша
тыңдалған әндер мен күйлерді тыңдатып, сазгерлер мен шығармаларының
аттарын ажырата білуге дағдыландыру. Сонымен бірге орындалу
ерекшеліктеріне қандай музыкалық аспапта немесе әнді кім орындады т.б.
көңіл бөлу. Ойынды түрлі көрнекіліктер (карточкалар, таблицалар, т.б.)
пайдалану арқылы өткізу.
Музыкалық – дидактикалық ойын. Ойын мақсаты. Ұрмалы немесе ішекті
аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз. т.б.) дыбыс
ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында
балалардың белсенділігін, қызығушылын жоғалтып алмау мақсатымен,
аспаптарды шешімін дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
Күйді тыңдатып, одан алған әсерін сұрау немесе күйді тыңдата отырып,
оларға күйден алған әсерін, көңіл – күйін, ой сезімі мен толғанысын суретке
салдыру керек. Ою – өрнектердің түрлерін көрнекі құралдар пайдалану арқылы
таптыру. Көрнекі құралдарға – үй жиhаздарынан: түскиіз, қоржын, киіз әр түрлі
иллюстрацияларды пайдалануға болады.
Музыка сабағында әрбір оқушының жеке тұлғалық (психологиялық,
мінез – құлық, қабілет, мүмкіндік т.б.) ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі
музыкалық – дидактикалық ойындар қатарын таңдап алған жөн. Бұл ойындар
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында негіз болатын оның өзін – өзі
сезінуі, психикалық процестерінің дамуына бағытталып, сабақ үстінде сергіту
сәттерінде және сабақтан тыс кездерінде жүргізілді. Мысалы; Жүйелі
жүргізілген ойындар жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |