Мазмұны Кіріспе Пән


АКСИОЛОГИЯ – құндылық туралы ілім. АКТУАЛИЗАЦИЯ



бет47/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

АКСИОЛОГИЯ – құндылық туралы ілім.
АКТУАЛИЗАЦИЯ - потенциалды қасиеттерін сөзде жүзеге асырады. АЛОГИЗМ
(греч. а – терістеу және logos - ақыл) - таным процесіндегі логиканың рөлін теріске шығаратын, логикалыққа, діни сенімге қарсылықты білдіретін термин. Ғылыми дәлелдерді мойындамай, ескермей, таным құралы ретінде сезімді, интуицияны дәріптейтін ағым.
АНАЛИТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ – әртүрлі философиялық бағыттардың біріктіреетін философиялық дәстүр,(логикалық позитивизмді, лингвистикалық талдау философиясын, тілдік актілік теорияны).
АНТИНОМИЯ – бірін - бірі теріске шығаратын ой.
АНТРОПОМОРФИЗМ – адамда болатын қасиеттерді табиғат құбылысында бар деп түсінетін алғашқы адамдардың ойлауы.
АНТРОПОСОЦИОГЕНЕЗ–адам мен қоғамның қалыптасуы.
АПЕЙРОН – көне грек философиясының термині, «шексіздік» деген мағынаны білдіреді.
АПОЛОГЕТИКА-ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғау және ақтауға негізделген христиандық ілім.
АПОРИЯ – шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Ол, негізінен бақылау және тәжірибе жасау аркылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасында туатын қайшылықтарлы білдіреді.
АПОСТЕРИОРИ ЖӘНЕ АПРИОРИ – тәжірибеге қатысты, олардың ақиқаттылығы туралы білім алатын тәсіл бойынша тұжырымдар немесе пікірлердің түрлері арасындағы айырмашылық. Априорлы білім - өмір тәжірибесіне тәуелсіз, оған дейін танылатын ұғым. Апостериорлы – тәжірибеден алынған білім.
АТАРАКСИЯ - руханитыныштық және наразылықтың болмауы күйі, әлемнің барлық мәселелерінен бас тарту. (Эпикур).
АТРИБУТ - субстанцияның ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.
АҚИҚАТ- таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет