АҚИҚАТ КРИТЕРИІ (гр. krite-rion –бір затты бағалау өлшемі) – бекітуді, гипотезаны, теоритикалық қырылымды тексерудің құралы. Ақиқат критериі қоғамдық практика болып таббылады.
АДАСУ - бұл сананың мазмұны,шындыққа сәйкес келмейтін, ақиқат болып танылмайтын білім.
АДАМ – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің, дамуының субьектісі, өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, анық сөйлей алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тіршілік иесі.
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым- қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы. Әлеуметтік норма тек заң және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арқа сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
БУДДИЗМ - діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Б.з.б. 6-5 ғасырда Үндістанда пайда болды.
БОЛМЫС 1.Барлық тіршілікті қамтитын, обьективті санадан тәуелсіз философиялық. 2. Неғұрлым жалпы және абстрактілі ұғым, сонымен қатар, тіршілік деген мағынаны білдіреді.
БІЛІМ - белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
БЕЙНЕЛЕУ – бұл екі жүйенің өзара әрекеті, нәтижесінде бір жүйенің ерекшелігі басқа бір жүйе ерекшелігінде жаңғыртылады.
ВЕРИФИКАЦИЯ – пікірді шындықпен салыстыруда, нақты шартты көрсетуде, ол ақиқат әлде жалған екендігін көрсетеді.
ГНОСЕОЛОГИЯ - (гносис - білім) таным туралы ілім, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы. Білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |