ЛОГОС – ақыл.
ЛОГИКАЛЫҚ ПОЗИТИВИЗМ - философияның және таным теориясының пәні болып табылмайды, оның шешімі дүниеге көзқарастық мәселеге енуге мәжбүр, ал бұл метафизикалық мәселелер аумағындағы философиялық ойлауды қозғамаудан құтыла алмайды.
МӘҢГІЛІК АҚИҚАТ- танымның даму барысында ақиқатты жоққа шығаруға болмайтындығын білдіретін термин. Осы мазмұнда мәңгілік ақиқат абсолютті ақиқатпен бара бар.
МӘҢГІЛІК-дүниенің, болмыстың, материяның шексіз өмір сүруін білдіретін философиялық категория. Материя уақыт жағынан да, кеңістікте өмір сүруімен де мәңгі болып есептеледі. Мәңгілік дүниенің материалды екендігін дәлелдеп, оның өзара бірлікте екенін көрсетеді.Мәңгілік өзі адамдардың рухани, материалдық байлығының өміршеңдігімен, олардың үнемі дамып, жетіліп, өркендеуімен тығыз байланысты.
МИФТІҢ ДИАХРОНИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ – өтіп кеткен өмір жайлы. МЕТАФИЗИКА–алғашқы себеп, болмыстың алғашқылығы туралы ілім (Аристотель).
МИЛЕТ МЕКТЕБІ - ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп (б.з.б. 6 ғ.). Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Милет қаласының атымен аталған.Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда
болған, әр алуанқұбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді.
МАТЕРИАЛИЗМ (лат. materialis - заттық) - идеализмге қарама - қарсы философиялық бағыт. Материалистер дүниенің алғашқы бастамасы деп материяны есептейді.
МАТЕРИЯ - бұл философиялық абстракция, табиғат құбылыстарының және процестерінің көп қырлылығын білдіретін ұғым.
МӘН – белгілі бір нәрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырғанда белгілі бір жағдайдың әсерімен өзгеріске ұшыраған қалпыен салыстырғанда оның ешнәрсеге қатынассыз бірегейлігі. Мән ұғымы кез келген философиялық жүйе үшін, мәннің болмысқа және зат мәннің санаға, ой тұжырымдауға қатысы тұрғысынан алғанда бұл жүйені ажырату үшін өте маңызды. Обьективті идеализм үшін болмыс, шындық және өмір сүру ешнәрсеге қатыспайтын, мызғымайтын абсолют деп қаралатын мәнге тәуелді. Мұндай жағдайда заттың мәні барлық затта туындап, соны басшылыққа алатын ерекше идеалды шындықты құрайды (Платон, Гегель).
Достарыңызбен бөлісу: |