Мазмұны Кіріспе Пән



бет54/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

МӘН ЖӘНЕ ҚҰБЫЛЫС – дүниедегі барлық обьектілер мен процестердің аса қажетті жақтарын бейнелейтін философиялық категория. Мән материалдық жүйенің дамуының негізгі қасиеті мен қалыпты бағдарын айқындайтын тамырлы байланыстардың, қатынастардың және ішкі заңдардың жиынтығы. Құбылыс – шындықтың сыртқары жақтарын байқайтын және кейде мәннің байқалу формасын алға тосатын дәне анықтайтын нақты оқиғалар, мәндер немесе процестер. Мән менқұбылыс өзара тығыз байланысты. Дүниеде нәрседен тыс болмайтын және танылмайтын мәннің болмайтыны сияқты, өз бойына мән туралы ешбір ақпаратты сіңірмейтін құбылыс жоқ.
МИФ–дүниеге көзқарастың ерекше түрі, ұжымдық өмір мен табиғат құбылыстары туралы синкретті, бейнелі, айырықша көрінісі.
МИФОЛОГИЯ - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos
– аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады.
МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ – теориялық пікірлер мен дәлелдерге негізделмеген дүниеге көзқарас, көркемдік-эмоционалды әсіреленушілікке, немесе қоғамдық елеске сәйкес емес қабылдауларымен туған үлкен адамдар тобы мен әлеуметтік процестер (кластармен, ұлттармен) және өзінің олардағы ролі.
МӘДЕНИТ–ұжымдық ойды, құндылықтарды, мінез құлық нормалармен бөлісетін және индивид пен қауымға тән жүйе.
МИСТИЦИЗМ–адамзаттық танымдағы құдіреттілік туралы терең ой.(ортағасыр философиясы). МОДУС–өзімен өзі өмір сүре бермейді, ол басқаша айтқанда, шынайы әлемде атрибуттар нақтылыққа айналады.
МОНАДА (гр. monas –жеке, дара) –болмыстың субстанциалды бірлігін, құрылымдылығын білдіретінфилософиялық термин.Философиялық жүйеде әртүрлі түсіндіріледі Пифагоршылдарда – дүниенің негізі. Николай Кузанскийде– болмыстың бір ғана бастауы, яғни материяның руханиландырылуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет