Шойындар
Шойын болатқа қарағанда құрамында көміртегі мөлшерінің жоғары болуымен және құйылу қасиетінің өте сапалы болуымен ерекшеленеді. Ол қалыпты жағдайда қысым арқылы өңделуге қабілетсіз№ Шойын құрамында кремний, марганей, фосфор және күкіртқоспалары болады.Арнайы қасиеттер бар шойындар құрамында - қоспалы элементтер – никель, хром, мыс ,молибден және т.б болады. Сұр және ақ шойындар қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
Ақ шойындар - өте қатты және морттылығы жоғары, олар кескіш аспаппен жақсы өңделмейді, ақ шойыннан қыздырылған шойын алуға болады.
Сұр шойын – бұл құйма шойын. Сұр шойын арзан құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жақсы құйылу қасиеттері бар, кесумен жақсы өңделеді, тозуға төзімді, тербелмелі және ауыспалы жүктеме барысында тербелістерді жою қабілеті бар. Тербелістерді жою қабілеті демпфирлеу қабілеттілігі деп аталады. Шойынның демпфирлеу қабілеттілігі болатқа қарағанда 2 – 4 есе жоғары.
1412-80 ГОСТ – қа сәйкес сұр шойындардың төмендегідей маркалардың (таңбалары) шығарылады (жақшаның ішіндегілер – қаттылықтың сандың мәндері) : СЧ 10(143-229); СЧ 15(163-229) ; СЧ 20 (170-241) ; СЧ 25 (180-250) ; СЧ 30(181-255) ; СЧ 35(197-269) ; СЧ 40 (207-285) ; СЧ 45 (229-289).
Беріктігі төмен сұр шойын – 300 МПа беріктігіне ие және СЧ 30-ға дейінгі маркаға сәйкес. Маркадағы әріптер шойын атауының қысқартылып белгіленуі, ал одан кеінгі екі мәнді сан – беріктік шегі.
Беріктігі жоғары сұр шойын - СЧ 35 СЧ40-қа дейінгі маркаларға сәйкес. Бұл шойындардың беріктігі шойынның қоспалануы және модификациялануымен қамтамасыз етіледі.
Беріктігі жоғары шойын – магниймен модификацияланған сұр шойынның бір турі болып табылады.7293-79 ГОСТ бойынша беріктігі жоғары шойынның келесі маркаларын шығарады (бірінші сан – созылу барысындағы беріктік шегі, екінші сан – созылу,жақшадағы қаттылықтың сандық мәні).
Беріктігі жоғары шойынның механикалық қасиеттеріоны ауыр жағдайда жұмыс жасайтын , машина бөлшкетерін жасауға пайдалануға мумкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |