Мазмұны Кіріспе sтм-64 сандық жаңғырту жүйесінің негізгі қағидалары



бет2/26
Дата24.01.2024
өлшемі0.77 Mb.
#489671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Диплом ВОЛС

Кіріспе
Соңғы жүз жылдықта, әсіресе, соңғы он жыл көлемінде техника саласының ғарыштап дамыған уақыты болды. Өсу, дамудың барысы әлбетте білім беру жүйесіне де өз ықпалын тигізіп отыр. Қазір кез-келген салада техниканың ролі өте зор екені даусыз.
Кең байтақ даламызда домбыраның қос ішегіндей тартылған темір жолдар ел мен елді, жер мен жерді байланыстырып, жолаушылар мен жүк тасымалында тоқтаусыз қызмет етуді қамтамасыз етіп келеді. Қашаннан да теміржол – тіршіліктің қуатын арттыратын күре тамыры екені белгілі. Осы ретте сан мыңдаған жолаушылар тағдырын «мойнына алған», тонналап жүк тиеген пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтау – теміржол саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда еліміздегі тасымалданатын жүктердің 70 пайызға жуығы теміржол көліктеріне тиесілі екен. Бұл теміржол саласының ел ішіне үлкен сенімге ие екендігін айғақтай түседі. Осыған орай, теміржол мамандарын дайындайтын оқу орындарының да міндеттері мен жауапкершіліктері өте қатаң болмақ. Бүгінгі күнде теміржол тасымалын дамытуда инновациялық технологиялардың маңызы зор. Мәселен, айтар болсақ:
- жаңаша жол техникаларын пайдалану арқылы негізгі магистральдардың инфраструктурасын қалыптастыру;
- жаңа теміржол желілерінің құрылысын жүргізу;
- басқарудың автоматтандырылған диспетчерлік орталықтандырылуын және талшықты – оптикалық байланыс желісінің құрылысын өзіне қосатын тасымалдау процесінің басқару орталығын толықтай ақпараттандыру;
- локомотив және вагон жасау заводтарын, сондай-ақ оларға заводтық және деполық жөндеу жұмыстары мен жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстарын дамыту;
- отандық ғылыми орталықтарды ашу;
- өндірістік жұмыстардың сапасын арттыруда заманауи диагностикалық құрылғыларды пайдалану.
Теміржол саласы мамандарының алдында тұрған тағы бір маңызды міндет – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақау оқиғаларын болдырмау. Уақыт талабымен санасып, қарышты қадам басып, ел экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан теміржол көлігіндегі тасымал қызметін арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ақпараттық, технологиялық жобалардың қажеттілігі белгілі. Заманауи ақпараттық технологиямен толықтырылып жатырған болат жолдың саласы төмендегідей құрылғылармен уақыт өткен сайын жаңаруда:
- диспетчерлік орталықтандыру мен диспетчерлік бақылаудың жаңа жүйелері;
- қолданыстағы тасымал процесі жүйесін дамытып, заманауи жүйемен алмастыру;
- телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
- теміржол құрылысының жаңа заманға сай рельс бекітпелерін, бағдаршамдардың бағыттама бұрмалармен байланысуын, локомотивтердің жаңа түрлерінің қолданысқа енгендігін.
Телекоммуникация және жаңғырту әлемі жиілікті ресурстардың динамикалық дамушы сұраныстармен тығыз байланысты. Бұл үрдіс негізінен Internet қолданушылардың саны өсуімен және халықаралық ақпараттардың жеткізілу көлемінің өсуімен байланысты. Сондықтан да, байланыс жабдықтарын жеткізушілер заманауи ақпарттық желілерді құру кезінде талшықты – оптикалық кабельдер жүйесін жиі қолданады. Бұл телекоммуникациялық магистральдың тартылуы мен локкальды сандық желінің құрылысына тікелей қатысты. Оптикалық талшықтар (ОТ) қазіргі уақытта ақпартты беруге арналған толықтай физикалық орта және белгіленген арақашықтықта ақпараттың көп ағынын беруге арналған болашағы мол орта болып саналады.
Талшықты – оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) кең көлемде қолдану шет елдерде 40 жыл бұрын басталған. Аймақ аралық масштабта синхронды сандық иерархияның (SDH) талшықты-оптикалық желісінің құрылысы алдыңғы қатарда тұр. Біздің өмірімізге талшықты – оптикалық интерфейс Ethernet, FDDI, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, ATM локальды және аймақты желілер арқылы енгізілді.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемнің байланыс қызметін жеткізушілері бір жыл ішінде жер астымен, мұхиттардың, өзендердің түбінен, тоннелдер мен коллекторлар арқылы талшықты – оптикалық кабельдердің мыңдаған киллометрлерін орналастыруда. Көптеген компаниялар: соның ішінде IBM, Lucent Technologies, Nortel, Corning, Alcoa Fujikura, Siemens, Pirelli ірі компаниялар талшықты – оптикалық технология аймағына қарқынды зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Алдыңғы қатарлы технологияларға талшықты- оптикалық магистарльдың өткізу қабілетін өсіру мүмкіндігіне ие DWDM (Dense Wavelength Division Multiplexing) толқынының ұзындығы бойынша өте тығыз толқынды мультипликация әдісін жатқызуға болады. ТОБЖ қолдану аймағы барынша кең көлемді – қалалық және ауылдық байланыс пен борттық комплекстерден (ұшақ, ғарыш кемесі, корабльдер, теміржол көліктері) жоғарғы ақпараттық сыйымдылыққа ие үлкен арақашықтықтағы байланыс жүйелеріне дейін. Оптикалық талшықты байланыс негізінде ақпарат берудің жаңа жүйелері пайда болуы мүмкін. ТОБЖ базасында бірегей көп мақсатты интегральды желі өрбиді. Талшықты – оптикалық жүйені көріністердің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін және абоненттерге ақпараттық қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтетін кабельдік телевиденияда коп қолданады.
Көп канальды ТОБЖ халықаралық магистральды және аймақтық байланыс желілерінде, сондай-ақ, СОБ құрылғыларын байланыстыру тораптарында кеңінен қолданады. Бұл бір ОТ бір уақытта әр түрлі толқынның ұзындықтарына көптеген ақпарттық сигналды тарата алуымен түсіндіріледі, яғни, оптикалық кабельдер (ОК) бойынша ақпараттың өте үлкен көлемін беруге болады. Әсіресе, теміржол және су асты оптикалық магистралындары тиімді және үнемді. ОК негізінде әр түрлі топологиядағы (сақиналы, жұлдызшалы және т.б.) локальды сандық желілер пайда болады. Мұндай желілер сандық орталықтарды біріккен ақпараттық жүйеде жоғарғы өткізу қабілетімен, сапалылығымен және рұқсат етілмеген желілерден қорғау қасиетімен біріктіреді. ОК жеңілдігі, аз габариттілігі, тұтанбайтындығы байланыс аппараттарында және мобильдік құрылғыларда өте қолайлы.
«Бейнеу –Жезқазған» теміржол құрылысы жолға төселіп, сигналдандыру және байланыс саласының құрылысы басталған кезде басқарудың автоматтандырылған диспетчерлік орталықтандырылуын және талшықты – оптикалық байланыс желісінің құрылысын өзіне қосатын тасымалдау процесінің басқару орталығын толықтай ақпараттандыру жүйесі Бейнеу жерінде орнатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет