Мазмұны Кіріспе Тарау


Кесте-4«Смак» ЖШС-інің таза айналым капиталы деңгейі (мың теңге)



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#138608
1   2   3   4   5

Кесте-4«Смак» ЖШС-інің таза айналым капиталы деңгейі (мың теңге)


Көрсеткіштер



2004 жылы

2005 жылы

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Ағымдағы актив

444884

407093

407093

621579

Ағымдағы пассив

97082

105361

105361

302270

Таза айналым капиталы

347802

301732

301732

319309

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, таза айналым капиталы оң мәнге ие. Бұл субъектінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2005 жылға дейін таза айналым капиталының төмендеу қарқыны байқалады да, 2005 жылдың соңында оның көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,76 пайызға өскендігі көрінеді.



Кесте-5

Көрсеткіштері

Абсолютті көлемдер, мың тг

Үлес, салмағы, %

Өзгерістер

01.01.04

01.01.05

01.01.04

01.01.05

Абс.көл

Үлес салмақ

%

Ақшалай қаражат

46742

13037

10,5

3,5

-33705

-7,3

87,4

Дебиторлық қарыз

100915

97109

22,7

23,9

-3806

+1,2

9,9

ТМЗ

297227

296177

66,8

72,9

-1050

+6,1

2,7

Барлық АА

444884

406323

100

100

-38561

0

100

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
Айналым капиталының негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіпорынның өндірістік запастарын қарастыруға болады. Олар өз кезегінде шикізат пен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және басқа да запастардан кұралады. Кәсіпорын өз қаражатын запастар құруға жұмсайтын болғандықтан запастарды сақтаудың шығындары тек қана қойма шығындарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауардың бүлінуі мен ескіруіне де байланысты.

Көптеген кәсіпорындар запастарды құру мұндай кәсіпорынға тән капиталды салымдарының қауіптілігіндей деңгейде. Сондықтан сақтаудың шығынын есептегенде кәсіпорын капиталының орташа құнын алады.

Ағымдағы активтердің белгілі бір түрін белгілі бір мөлшерде сақтағаннан болған экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері осы актив түріне тән сипатта болады. Мысалы, дайын өнімнің көп запасы (алдағы үлкен сатылымға орай қарастырылған) сұраныс әдеттен тыс өсіп кеткенде өнім тапшылығының тумауына жәрдемдеседі. Осылайша шикізат пен материалдардың жеткілікті көп мөлшердегі запастары осындай запастардың өндіріс процесінің тоқтауынан немесе неғұрлым қымбат тұратын материал-алмастырғыштарды сатып алудан болатын жетіспеушілігі кезінде кәсіпорынды сақтап қалады. Шикізат пен материалдарды көп мөлшерде сатып алуға берілген үлкен тапсырыс әрине үлкен запастардың кұрылуына экеп соғады. Дегенмен егер кәсіпорын жеткізушілерден көп тапсырыс бергені үшін жеңілдіктерге, көтерме бағаға қол жеткізе алса мұндай тапсырысты жасауға әбден болады. Осындай себептерге байланысты кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті запасы болған жөн. Ол өндірісті неғүрлым ұзақ та үнемді басқаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде енді кәсіпорынның өзі, әдеттегідей, клиенттеріне жеңілдіктер бере алады. Қаржы менеджерінің міндеті — запастарды сақтаудың нәтижелері мен шығындарын шығарып, қалыпты балансты жасау.

Дебиторлық қарыз — айналым капиталының маңызды компоненті, бөлігі. Бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынға немесе мекемеге тауар сатқан кезде, оның ақшасы бірден төленеді деп үміттену міндетті емес. Жеткізілген тауарлар үшін төленбеген шоттар (немесе тапсырып алу шоттар) дебиторлык қарыздың көп бөлігін кұрайды.

Дебиторлық қарызға тән элемент — маңызы бойынша құнды қағазға жататын (коммерциялық құнды қағаздар) тапсырып алу векселі.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар. Ақша қаражаттарына кассадағы, есеп шоты мен депозиттік шоттардағы ақшалар жатады. Қысқа мерзімді салымдарды құрайтын бағалы қағаздарға: басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар және жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар жатады.

Қаржы менеджері қолма-қол қаражат пен бағалы қағаздар арасында таңдау жасағанда өндіріс менеджері шешетіндей міндеттерді орындайды. Қандай жағдайда да ақша қаражатының үлкен қорын құрумен байланысты артықшылықтар болады. Олар қолда бар ақшаның түгесілу қаупін азайтады және заң тағайындаған уақыттан бұрын тарифті төлеу талабын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, уақытша бос, пайдаланылмай жатқан ақша қаражатын сақтаудың шығындары оларды бағалы қағаздарға қысқа мерзімді салу шығындарынан әлдеқайда жоғары. Мысалы, оларда шартты түрде мүмкін болған қысқа мерзімді инвестициялау кезінде алынбаған пайда түрінде қарастыруға болады. Осылайша қаржы менеджері ақша қаражаттарының тиімді запасының мәселесін шешуі керек болады.

Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар жатады. Нарықтық экономика жағдайында несиелердің негізгі көздері коммерциялық банктер болып табылады. Әдеттегідей, банктер қарыз алушыдан оның сұрап отырған несиесінің тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін құжатпен растауын талап етеді. Басқа вариант бойынша кәсіпорын өзінің дебиторлық қарыздарының бір бөлігін қаржы мекемесіне сатады да, оған қарыз міндеттемесі бойынша ақша алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ кейбір кәсіпорындар өздерінің қысқа мерзімді қаржыландыруға қатысты проблемаларын өздерінің ағымдағы активтерін кепілге беру арқылы шешсе, кейбіреуі оның бір бөлігін сатуы да мүмкін. Кеңірек талдау жүргізу үшін барлық айналым активтерін тәуекел категориялары бойынша топтастырған жөн.

Мысалы, аяқталмаған өндіріс немесе алдағы кезеңдердің шығындарына қарағанда дебиторлық қарыздарды сатудың ықтималдығы анағұрлым жоғары. Мұндайда айналым құралдары түрлерінің пайдаланылу аймақтарын ескерген жөн. Бір ғана мақсатқа қолданылатын активтертің тәуекелі өте жоғары. Яғни көпмақсатты активтерге қарағанда сатылу ықтималдығы төмен. Жоғары тәуекел категориясына жататын активтерге неғұрлым қаржы көп салынса, соғұрлым кәсіпорынның өтімділігі төмен.

Кесте-6Ағымдағы активтердің тәуекел дәрежесі бойынша жіктелуі

Дәрежесі

Ағымдағы активтер тобы

Ең төменгі

Қолма-қол ақша қаражаттары, оңай сатылатын қысқа мерзімді бағалы қағаздар.

Төменгі

Қалыпты қаржы жағдайындағы кәсіпорынның дебиторлық қарызы+қорлар (көп жатып қалғандарынан басқа) +сұранысқа ие, халық жаппай тұратын дайын өнім

Орташа

Өндірістік – техникалық мақсаттағы өнім, аяқталмаған өндіріс, алдағы мезгіл шығындары.

Жоғары

Кәсіпорынның ауыр жағдайдағы дебиторлық қарыздары, пайдаланудан шығып қалған дайын өнім қорлары, көп жатып қалған қорлар, өтімділік еместер.

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

Келтірілген талдаудың дамуы үшін қиын сатылатын активтер мен активтердің жалпы көлемінің қатынасының, сондай-ақ қиын сатылатын және оңай сатылатын активтердің өзгеру қарқынын бағалаған дұрыс. Осы айтылған қарқындардың өсуі өтімділіктің төмендегендігін көрсетеді.

Мұндай талдау жүргізген кезде айналым құралдарындағы сатылатын және оңай сатылатын деп жіктеу тұрақты болмайтындығын естен шығармаған жөн. ол нақты экономикалық шарттардың өзгеруімен ауысып отырады. Мысалы, қамтамасыз ету тұрақсыз болғаңда және ақшасының құнсыздануы жалғасқанда кәсіпорындар ақша қаражаттарын өндірістік қорларға және тауарлы-материалдық құндылықтардың басқа түрлеріне салуға ынталы болуы мүмкін. Оған деген нарық бағасы тұрақты өсуде. Ол аталған топтың активтерін оңай өткізілетіндерге қосуға негіз болады.

Кәсіпорын балансындағы қиын өтетін активтердің көлемінің көптігінің бұдан да ауыр жағымсыз салдарлары болады. Өлі капитал деп аталатын бұл қаржы кәсіпорындағы құралдардың айналымдылығын тежейді. Нәтижесінде оның қызметінің тиімділігін төмендетеді. Біздің кәсіпорындарда көбінесе рентабельділік көрсеткіштерінің құлдырауы көп жағдайда қиын өтетін активтердің барлығы мен үлесінің өсуімен анықталады.

Соңында, айналым құралдарының жеке элементтерінің құрамында көрінетін қиын өтетін активтер кәсіпорынның өтімділігінің шынайылығын бұрмалап көрсетеді. Бұл оның басшылары мен іскер серіктестерін тура жолдан адастыруы мүмкін. Көптеген кәсіпорындарда тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын қадағалаудың едәуір әлсіреуі жағдайды одан ары ұшықтыра түседі. Формалді түрде жүргізілген инвентаризация кәсіпорын басшысы мен бухгалтериясына материалдык құндылықтардың саны мен сақгалуының айқын бейнесін ашпайды. Егер қиын өтетін активтер айналым құралдарының көп бөлігін құрайтын болса, онда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері тез арада қаржы жағдайы мен кәсіпорын жағдайын тұрақтандыратын шараларды қарастыру керек. Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:


  • "төмен" сапалы активтерді анықтау үшін (тозған қондырғылар, көп жатып қалған материалдар; қайтып алынуы мүмкін емес дебиторлық қарыздар) мүлік инвентаризациясын жүргізу жне кәсіпорын мүлкінің шынайы көлемін анықгау;

  • сатып алушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру (инфляция кезінде өнімді сатудың қолайлы жағдайын күтіп отырмай, оны тезірек өткізіп жіберген жөн);

- тауарлы-материалдық құндылықтардың шектен тыс қорларын қысқарту, нәтижесінде шығатын ақша қаражаттарын қысқарту.

Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиімділігін арттырудың жалпы кешенді проблемасында негіз қалаушы болып саналады.

Айналым құралдарының өндіріс пен айналымдағы тиімді қатынасын тағайындау өндірістік бағдарламаны орындауды қаржы құралдарымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге айналыс құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясаты кәсіорынның қалыпты өндірістік-қаржы қызметіне кедергі жасауы немесе серпіліс беруі мүмкін. Оның ішіне айналым құралдарын рационалды пайдалану да кіреді. Мемлекетгік салық саясаты мұнда басты рөл атқарады. Мысалы, бірқатар салықтарды (жұмыс, қызмет) өнімнің өзіндік құнына енгізу, қосымша құн салығын бюджетке төлеудің ерекшеліктері, пайда салығын аванспен төлеу кәсіпорынның айналым құралдарын өндірістік емес шығындарға жұмсауға жұмылдырады. Бұл кәсіпорындарды үлкен пайызбен қарыздар алуға, жоспардан тыс қаржы көздерін іздеуге, қаржы тәртібін бұзуға мәжбүрлейді. Айналым құралдарын басқа арнаға бұру олардың айналымдылығын тежейді, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетеді, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Кәсіпорынның айналым құралдарын ұйымдастыру міндетті түрде олардың сақталуы мен тиімді пайдалануын жүйелі түрде бақылаумен іске асады. Бұған ревизиялар мен статистикалық мәліметтер, операциялық және бухгалтерлік есептер негізіндегі зерттеулерді жатқызуға болады. Бұны активтердің құрылымы мен құрамын адын-ала талдамай іске асыру мүмкін емес. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Міндеттеме – бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борыш қордың нақты әрекетіне мыналар жатады:


  • мүлікті беру;

  • жұмысты орындау;

  • ақша төлеу

және басқалар әйтпесе бір әрекеттен бас тарту, ал несие беруші борыш қорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған кәсіпорынның берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағымына әкеліп соғады.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырады:


  • ақшалай қаражатпен төлеу;

  • активтерді табыстау;

  • қызмет ұсыну;

  • міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;

  • міндеттемені капиталға айналдыру.

Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімдік кредиттік берешек, ол операция кезеңінде немесе есептелінетін күнінен 12 ай ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеелді.

Қысқа мерзімді міндеттемелер – бұл кәсіпорынның жабдықтаушылармен, жұмысшылармен, банктермен, мемлекетпен және де басқа да кәсіпорындар арасындағы төленбеген қарызы болып табылады. Қысқа мерзімді міндеттемелердің тиімділігі кәсіпорынның өндіріс циклының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді. Ол өзінің түскен табысымен немесе активтерін ақшаға айналдыру арқылы басқа да кәсіпорындармен есеп айырысады.


2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының қаншалықты тез шынайы ақшаға айналатындығымен тығыз байланыста. Құралдардың айналым жылдамдығымен байланысты:

  • авансталған (іске қосылған) капитал мен онымен байланысты ақша қаражаттарының (банк несиесін пайдаланғаны үшін пайыз, акциялар бойынша дивиденттер және т.б.) ең аз қажетті көлемі;

  • қосымша қаржыландыру көздеріне деген қажеттілік;

- тауарлы-материалды құндылықтарға ие болу мен оны сақтауға байланысты
шығындар сомасы;

- төленетін салықгар көлемі және т.б.

Кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің әртүрлі айналым жылдамдықтары бар. Қаржылардың айналымда болу ұзақтығы бірқатар әрбағытты ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық әсерімен анықталады. Біріншілер қатарына кәсіпорынның қызмет сферасын (өндірістік, қамдау-өткізу, делдалдық және т.б.), салалық бағытын (станок құрылысы зауыты мен кондитер фабрикасындағы айналым құралдарының айналымдылығы күмәнсіз әртүрлі), кәсіпорындардың көлемі, масштабы (шағын кәсіпорындарда құралдардың айналымдылығы ірі кәсіпорындарға қарағанда анағұрлым жоғары — бұл да шағын бизнестің бір артықшылығы) және басқа бірқатар факторлар. Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты кәсіпорынның шаруашылық шарттары да бірталай әсер етеді. Мәселен, инфляция процестері, көптеген кәсіпорындардың жеткізушілермен және сатып алушылармен жолға қойылған шаруашылық байланыстарының болмауы қолдалануға мәжбүрлейді, ол өз кезегінде құралдардың айналым процесін тежейді. Бірақ атап айтуымыз керек, қаржының айналымда болған кезеңі кәсіпорын қызметінің ішкі жағдайларымен біршама деңгейде анықталады. Бірінші кезекте оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (болмаса оның жоқтығымен). Шынында қолданылып отырған баға саясатына, активтер құрылымына, тауарлы-материалдық запастарды бағалау әдістемесіне қарай кәсіпорын өз қаржысының айналу ұзақтығына әсер етудің үлкен немесе кіші еркіндігіне ие болады.

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентінің мөлшеріне активтерді басқарудың қабылданған стратегиясы тікелей әсер ететіндігін естен шығармаған жөн. Осылайша кәсіпорын өз активтерінің айналымдылық коэффициентінің көлемін реттеуге белгілі бір мүмкіндік алады5.

Айналым құралдарының мынандай айналымдылық көрсеткіштері болады: айналымдылық коэффициенті (айналым жылдамдығы), ұзақтығы (айналым уақыты), айналым құралдарын салу коэффициенті.

Бір айналымның ұзақтығы аз болған сайын айналым құралдары соғұрлым көп айналым жасайды. Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдатқанда оларға деген қажеттілік азаяды да, өнім шығару үшін резерв ұлғаяды. Айналым кұралдарының айналымдылығын жылдамдату үшін олардың өндіріс сферасында және айналым сферасында болу уақытын азайту қажет. Бұл үшін бұйымды өндеу уақыты мен жинақтау уақытын механизациялау мен автоматтандыру арқылы қысқарту қажет; жаңа техниканы пайдалануды жақсарту; өнімді өңдеу кезінде оны бақылау мен тасымалдауды жылдамдату; материалдар, отын, ыдыс, аяқталмаған өндіріс запастарын тағайындалған нормативтерге дейін қысқарту; өндірістің барлық бөлімшелері мен цехтарындағы жұмысты жеделдетуді, материалдарды кәсіпорынға және жұмыс орындарына уақытында жеткізуді қамтамасыз ету; дайын өнімді тиеп жіберуді жылдамдату; жеткізушілермен есеп айырысуды өз уақытында және жылдам іске асыру; өнімнің сапасын арттыру, тұтынушыларға жеткен дайын өнімнің қайтып келуін болдырмау және т.б.

Бір айналымның ұзақтығы өндірістік запастарды, өндіріс циклының ұзақтығын және дайын өнімді жеткізу уақытын қысқарту есебінен азайтылуы мүмкін. Өндірістік запастардың нормасын олардың шығындарын жетілдіру, тапшы шикізатты неғұрлым арзанмен алмастыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану, қолданылатын материалдың сапасын арттыру, материалдарды жеткізу уақытының жылдамдығын арттыру, тиеу-түсіру жұмыстарының уақытын азайту, көп рет пайдаланылатын ыдыстарды қолдану және т.б. арқылы төмендетуге болады. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар материалдық құндылықтардың орта тәуліктік шығындарын азайтуға және жеткізулер арасындағы интервалды, яғни айналым құралдарына деген сұранысты қысқартуға септігін тигізеді.

Өндіріс циклының ұзақтығын қысқарту аяқталмаған өндірісте құралдардың айналымын жылдамдату үшін маңызды рөл атқарады және өңдіріс процестеріннің қарқындатылу деңгейімен, дайындалған өнімнің номенклатурасын азайтумен, қайта енгізілген өндірістік күштердің игерілу мерзімімен, шығарылатын өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетумен, негізгі капиталды пайдалануды жақсартумен, өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен және т.б. қамтамасыз етіле алады. Айналым құралдарының өндірісте болу мерзіміне: тікелей қызмет ететін (өндейтін) процесте болатын өндірістік айналым кұралдарының уақыты; жұмыс күшін қажет етпейтін өндіріс процесіндегі үзіліс уақыты; өндірістің айналым құралдары запас күйінде тұратын уақыт.

Айналым құралдарының айналым сферасында болу уақыты кәсіпорынның кассадағы, банк шоттарындағы және шаруашылық субъектілерімен есеп айырысудағы ақша қаражаттарының өтпеген өнімнің қалдығы түрінде болу уақытын қамтиды. Айналым құралдарының жалпы айналым уақыты (бір айналымның ұзақтығы немесе айналым жылдамдығы) олардың өндіріс сферасы мен айналым сферасында болған уақытынан құралады. Ол айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігіне және кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін маңызды сипаты болып табылады. Айналым құралдарының айналымдылығы — оларды пайдалану тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Айналым құралдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың критериі ретінде уақыт факторы алынады: айналым кұралдары неғұрлым бір түрде болса (ақша немесе тауар түрінде), соғұрлым оларды пайдалану тиімділігі төмен, және керісінше. Айналым құралдарының айналымдылығы оларды пайдаланудың қарқындылығымен сипатталады.

Айналым сферасының салалары үшін мына көрсеткіштердің рөлі өте жоғары: сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, делдалдық қызмет, банк бизнесі және т.б. Айналымдылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі айналым уақыты. Ол бір жыл ішінде айналым құралдарының қанша күн ішінде айналатындығын көрсетеді:

АУ = (AАОК*360)/ОКСТ, (4)

Мұндағы:

В — осы айналымның уақыты;

ААОК — ағымдағы активтердің орташа көлемі;

Т - 360 — уақыт кезеңі;

ОКСТ — осы кезеңдегі сатудан түскен түсім.

Күн есебіндегі айналымдылық қанша уақыт ішінде айналым құралдары осы кәсіпорын айналымының барлық кезендерінен өтетіңдігін көрсетеді. Құн есебіндегі айналымдылық қаншалықты жоғары болса, кәсіпорынға соншалықты ақша қаражаттары қажет, соғұрлым қаржы ресурстары үнемді пайдаланылады. Айналымдылық сонымен бірге айналым жылдамдығымен де есептеледі, яғни жылына айналым құралдары қанша рет айналады:

С=ОКСТ/ААОК (5)

Мұндағы: С — айналым жылдамдығы.

Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату олардың айналымнан абсолютті және салыстырмалы босап шығуына себепші болады. Абсолютті босап шығу дегеніміз өнімді сату көлемін ұлғайтқанда айналым құралдарының сомасының ағымдағы жылда өткен жылға қарағанда төмендеуі. Сату көлемінің өсу қарқыны айналым құралдарының өсуі қарқынынан асып түскенде салыстырмалы босап шығу пайда болады. Бұл жағдайда айналым құралдарының оқ көлемін сатып-өткізудің үлкен мөлшері қамтамасыз етеді. Жалпы төлем айналымының жоғары инфляция кезінде өсуіне байланысты айналым құралдарының абсолютті босап шығуы мүмкін емес. Сондықтан ресурстардың салыстырмалы босап шығуын талдауға және оған жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Айналым құралдарының абсолютті босауы — бұл осы кездегі жоспарлы сұраныс пен нормаланған айналым құралдарының қалдығының орташа нақты сомасының айырмасы. Салыстырмасы босап шығу — бұл нормаланатын айналым құралдарына деген жоспарлы және есепті сұраныстар арасындағы айырмашылық.

Кәсіпорын үшін өзінің жекеменшік айналым құралдарымен де қамтамасыз етілгендігі өте маңызды. Ол жеке айналым кұралдарының жалпы айналым құралдарына қатынасымен есептеледі.

Кәсіпорынның материалды ресурстармен қамтамасыз етілуін талдағаннан кейін оларды пайдаланудың тиімділігі мен бағалауға көшу керек. Ол бірқатар көрсеткіштермен айқындалады. Негізгілеріне өнімнің материал сыйымдылығы мен материал қайтарымдылығы жатады.

Материал сыйымдылығы өнімнің құндық көлемінің 1 теңгесіне шаққандағы шығын үлесін сипаттайды; оның кері көрсеткіші — материал қайтымдылығы. Ол 1 теңге өнімге кеткен материалдық шығындарды көрсетеді. Материал сыйымдылығы көрсеткіштерінің жүйесіне кіретіндер:


  • материалды шығындардың барлық көлеміне катысы бар жалпы материал сыйымдылық (тозусыз), тауарлы өнімнің құнына және кәсіпорынның материалды ресурстарын жиынтық пайдалануды сипаттайды;

  • жеке материал сыйымдылығы, ол материалды шығындардың нақты тобының натуралды және құнды көріністегі өнім шығаруға қатынасы және материалдық ресурстардың жеке элементтерінің пайдаланылуын сипаттайды;

Өндірісті материалдармен қамтамасыз етуде олардың жиынтықтылығы өте маңызды.

Кәсіпорынның шығындары запастың жетіспеушілігіне қарағанда қолда бар материалдардың жиынтықсыздығынан көп болады. Сондықтан қалдықты натуралды және бағалық түрде есептеп қана қоймай, оның жиынтығына да назар аударылады.

Пайдалану тиімділігін көтерудің тағы бір тәсілі айналым құралдарының нормативтерін дұрыс есептеу болып табылады.

Норматив — бұл кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қажетті айналым құралдарының минималды жоспарлы мөлшері. Айналым құралдарының нормативінің (Н) ақшалай көрінісі былайша есептеледі:

Н = Р*Д, (7)

Мұндағы: Р — өндіріс шығындарының сметасы бойынша айналым активтерінің элементтерінің бір күнгі шығыны;

Д — айналым құралдарының нормасы, запас күнімен.

Әр кәсіпорынның жекеменшік айналым құралдарының нормативтері төмендегі негізгі көрсеткіштермен анықталады:



  1. өнім өндірісінің және оны өткізу көлемімен;

  2. өнімді өндіру, сақтау және сатып өткізу шығындары;

3) тауарлы-материалды құндылықтардың жеке түрлері бойынша айналым құралдарының запас нормалары және күнмен есептелген шығындар.

Айналым құралдары нормативтерін есептеудің үш әдісіс неғұрлым кең таралған: аналитикалық, тура есептеу әдісі, коэффициенттік әдіс.

Нормалаудың аналитикалық немесе тәжірибе-статистикалық әдісі өндірісті ұйымдастыру, жабдықтау және сатып-өткізудің қалыптасқан практикасын көрсетеді. Бұл әдістің маңыздылығы қолда бар тауарлы-материалды құндылықтарды талдаған кезде олардың нақты запастары реттеледі және артық немесе қажетсіз құндылықтар шығарылып тасталады. Тура есептеу әдісі бойынша айналым құралдарының кәсіпорынның қол жеткізген ұйымдастыру-техникалық деңгейін ескеру арқылы әр төлемешінің запастарын ғылыми негізге сүйене отырып есептейді. Мұнда техника мен технологияның дамуынан болған, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлы-материалдық құндылықтарды тасымалдауда, есептеу саласында болып жатқан барлық өзгерістер назардан тыс қалмай қарастырылады. Коэффициенттік есептеу кезінде алдыңғы кезендегі еркін нормативке өндіріс көлеміндегі және қаржылардың айналымдылығын жылдамдатудағы жоспарлы өзгерістердің түзетулері енгізіледі. Егер нормативтер тура есептеу әдісімен әр кезеңде нақтыланып отыратын болса, онда айналым құралдарының жеке элементтері бойынша дифференциалдық коэффициенттерді қолдануға болады.

Нормалаудың негізгі тәсіліне айналым құралдарының әр элементі бойынша жеке тура есеп әдісі жатады. Нормалаудың басқа әдістері өнеркәсіпте косымша әдіс ретінде қолданылады.

Қалдық құн баланстың активтердің бөлімінде жатады. Себебі ол фирма «Смак- тың»меншікті болып саналады. 2004 жылғы басты құралдардың құны 64 млн. 56мың қалдық.

Ал 2005 жыл бұл 59 млн. 5 мың теңге болды. Айырмашылығы 5 541 000 теңге. Басты құралдардың амортизациясы 9 682 000 теңге. 2005 жылы транспорттық құралдарға 5 531 318 теңге кеткен.

Салық кодексі бойынша жыл аяғында басты құралдардан қалдық құн формуласы төменде көрсетілген жыл басындағы қалдық құн +пайдалану алу – істен шығу – 12 ай бойындағы амортизация = жыл аяғындағы қалдық құн.

Материалдық тауар қорына:

- шикізат

- материалдар

- дайын өнімдер мен тауарлардың қалдығы жатады.

2005 жылы материалдық тауар құны 9 689 000 теңге.Ал 2004 жылы бұл сома 15 913 теңге болды. Айырмашылығы 6 224 000 теңге, ТМҚ сондықтан 2004 жылы тауардық материалдық қор қалдығы 6 224 000 теңгеден көп болды. Ақша құралдары баланстың актив бөліміне жатады. Ақша құралдары банк, касса және карталық шоттарында орналасады.

2004 жылдың аяғында ақша құралдарының қалдығы 165 мың теңге, ал 2005 жылы 430 000 теңге болды. Сонымен 2005 жылы ақша құралдары 2 650 000 теңгеге өсті. 2004 жылы дебиторлық қарыз 2 629 000 теңге, ал 2005 жылы 2 287 000 теңге болды. Ақша құралдары арқылы осындай қорытынды жасауға болады. ЖШС «Смак» фирмасының дебиторлық қарызы минимум 2 млн. теңге денгейінде, ал максимум денгейінде 3 млн. теңге болады.

ЖШС «Смак» фирмасының дебиторлық қарыздары 3 жыл бойы болмады. Себебі, 2004-2005 жылы жарғылық капиталы 6 млн. теңге 2004 жылы жыл аяғындағы кіріс 3 055 000 теңге. Ал 2005 жылы 3 920 000 теңге 2004 жылы банк несиесі 56 884 000 теңге болды. Ал 2005 49 786 000 теңге, айырмашылығы 7 098 000 теңге. Сонымен ЖШС «Смак» фирмасы жарты жыл ішінде банк алдындағы қарызын 7 098 000 теңгеге жапты. Енді 49 786 000 теңге көлеміндегі қарызын жабу керек.

ЖШС «Смак» фирмасының айлық жалақы қоры 5 млн. теңге, ал 2005 жылы жұмысшыларға қарыз көлемі 1 157 000 теңге. Бұл 2 ай бойындағы қарызы, ал 2004 жылы бұл қарыз 1 040 000 теңге болды. 2004 ж. ҚҚС бойынша қарыз 210 000 теңге. Ал 2005 ж. 446 000 теңге мердігерлер мен жабдықтаушылар құрамындағы есеп беруі 2005 жылы 754 900 теңге. Ал 2004 жылы 7 416 000 теңге, ЖШС «Смак» фирмасының мердігерлерге қарызы 7 500 000 теңге көлемінде, сонымен қатар «Смак» фирмасы зауыт ғимаратын жалға алады. Бір айдағы зауыттың жалға берілуі 100 000 теңге, ал офистің жалға берілуі 60 000 теңге. 2005 жылы жалға берушілер алдындағы қарыз 6 642 000 теңге, ал 2004 ж. 2 816 000 теңге. Сонымен 2004 жылмен салыстыранда 3 826 000 теңгеге артқан.

Қорытынды: ЖШС «Смак» фирмасы жыл сайынғы таза табысы 3 млн. теңге, бұл табыс 1998 жылдан бастап алуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет