Қорытынды
Сонымен, қорыта келгенде, айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Айналым активтерін - кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептеленеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілетінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтерге деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру қазіргі кезде проблемаларын қарастыруда.
Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар:
-
айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;
-
кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;
-
айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
-
айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау,
-
айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету.
Кәсіпорынньщ айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне үздіксіз
айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және
керісіше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары
түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек екі үш фазадан өте отырып
айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші
фазада (Д-Т) (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып
өндірістік запастарға ауысады,яғни айналым сферасынан өндіріс сферасына
өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс,жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым құралдарының айналымның үшінші фазасы (Т-А) қайтадан айналым фазасында өтеді. Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді. Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі-шикізат, негізгі және қосымша материалдар,жартылай фабрикаттар,жанар-жағар майлар, ыдыстар құрылады. Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оның ешкімнің алуға еркі жоқ. Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға,жалға беруге еркі бар. Айналым қаражаттарының құрамы жэне құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес, әртүрлі. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады. Айналым қаражатын қаржыландыру көздері меншікті қарыз жэне тартылған түріне бөлінеді. Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады, өйткені коммерциялық есептен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлікті бөлу керек. Айналым қаражаты кәсіпорынды ұйымдастырған кезде қалыптастырылады. Бұл жағдайда қалыптасу көзі кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаты есебіне жинақталады. Жұмыс істеу процесінде айналым қаражатының қалыптасу көзінің бір алынған пайда.
Айналым қаражатын қалыптастырудың тағы да бір көзі-қарыз қаражатын алу (қысқа мерзімді-банктен несие алу арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым қаражатын қанағаттандырады). Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесіңде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары — айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықгарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі кұн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықган айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталы жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Айналым құралдары — өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Оған өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер :
•
1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2002; 136-
168б.
2. Балабанов И.Т Риск-менеджмент М:Финансы и статистика. 1996.-192 с
3. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент .-М: Перспектива, 1997.-574с.
4. Бланк И.А. «Управление активами», 716 б.
5. Нурсеитов А.А. «Финансовый менеджмент» Учебное пособие. Алматы. 1996г. 160 б.
6. Павлова Л.П. «Финансовый менеджмент» М: 1996 г.
7. Ковалев В.В. «Финансовый менеджмент», 144 б.
8. Бланк И.А. «Основы финансового менеджмента». Учебный курс. 2-х.-К:Ника-центр: 1999ж-5 ПС10 .ДЖ. . ВАН ХОРН .Основы управление финансами . -М.:1996.-799с
9.Павлова Л.П. финансовый менеджмент . Учебник.-М.: нфра-М,1996
10. Шим Дж.,Сигел Дж.Г. Финансовый менеджмент. –М.: 1999.
11. Лимитовский М.А. Основы оценки инвестиционность и финансовых решений. -М.ДЕКА, 1998-232с.
12. Финансы . Учебник. Мельников В.Д.; Ильясов К.К. Алматы: 2001.- 532с.
13. Бланк И.А. Управление активами .- Киев: НИКА центр Эльга ,2000. 716с. (Б-ка фин-го менеджмента)*
14. Воловский А.А. Корпоративный финансовый контроль : Учеб.пособие- Новосибирск.2000 -184 с.
15. Жданов С.А. Основы теории эк-го управления предприятием : Учебник.- М:Финпресс, 2000-384с.
16. Моляков Д.С., Шохин Е.И. Теория финансов предприятий. Учеб.пособие - М: Финансы и статистика, 2000-112 ррмрмир
17. Сергев И.В. Экономика предприяпия- М: Финансы и статистика, 2000-304с.
18. Финансы . Денежное обращение . Кредит. Учебник для вузов/ под.ред. Г.Д. Поляка - М:ЮНИТИ -дана, 2001-512с.
18. Бияхман Л.С. Экономика фирмы: Учеб.пособие- СПБ; Издательство Михайлова, 1999-279с.
19. Практикум по финансовому менеджменту: Учебно деловые ситуации, задачи и решения, Под.ред С.Стояновой-М: ,2000 -139с
20. Нурсеитов А.А финансовый менеджмент : Учеб. пособие - 1996-693 с.
21. Райцкий К.А . Экономика птедприятие. Маркетинг 1999-693c
22. Моляков Д.С., Шохин Е.И. Теория финансов предприятий. Учеб.пособие - М: Финансы и статистика, 2000-112 ррмрмир
23. Дубров А.М. Моделирование рисковых ситуацийвэкономике и бизнесе,-М.: Дело, 1999.
24. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа М: ИНФРА, 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |