Мазмұны кіріспе тарау


Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#125863
1   2   3   4

1.2 Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі
Экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдас-тырылған (ЮНЕСКО) "Адам және биосфера" деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО жане ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.), Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.

Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.

XX ғасырдың орта шетінде педагогтер В.Натали, Н.Верзилин, В.Корсун-ская, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жұйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.) "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады.

Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: "экологиялық білім", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық мәдениет", "экологиялық этика", т.б.

Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығуды арттырады.

Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді (Арал, Балқаш, т.б.).

Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика - үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауын қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан.

Қазақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған.

Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюуге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. "Жерана,, ел-бала", "Жері байдыңелі бай", "Күте білсең - жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркөйтсе, "Тозған жерде тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады.

Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш,
Билікөл, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездері бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған,аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит түмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл , Нұра өзендері бойында көп болған. Ал таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алып жатқаны туралы деректер көп. Мәселен, 1892 жылы А.Қүнанбаев "Дала уәлаяты" газетінде экологиялық мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа пайдалана. бастағаның, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақхалқының бойында экологиялық сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта түлету - бүгінгі аға буынның міндеті.

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкілхалықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуы, арнаулы өкіметтік қаулы-қарарларының қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттен, Мұның мәні оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлық тарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін үғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен, икемділік, дағдылар мен қаруландыру. Біздің елімізде "...әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті" деген талаптар барлық уақытта бірде дәйектілікпен жүзеге асырылып жатпағаны мәлім. Тоқырау жылдарындағы түрлі жұмыстар еліміздің табиғатына зардаптарын тигізді.

"Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы" әдістемелік хатта оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие берудің маңаздылығының ашып көрсетілуі оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қозғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелерде туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа-жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі бастауыш сынып теориясы мен әдістемесіндегі қалыптасқан дәстүрді бұзып, оқыту әдісін ізгілендіру,экологияландыру міндетін алға қойып отыр. Ал бұл міндет осы салада нақты зерттеуді және оларды теориялық және тәжірибелік түрғыда негіздеуді қажет етеді.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Ушинский ерекше назарын аударған. Оның ''Детский мир", "Родное слово" деп аталатын кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, "Табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс.

Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүиелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Рыбников, В.Сухомлинский, т.б. еңбектері арқылы негізделген. В.Сухомлинский "Табиғат адам танып білгенде, себеп-салдарын байланыстыра ой жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады деп табиғаттың заңдарын жете меңгеру керектігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге аиырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп санады. Оқушылардың азаматтығы мен патриоттық сезімін қалыптастырудағы табиғаттың орны туралы ол "Туған жер табиғаты бұл жәй кішкентай адамның өсетін және жерге алғашқы қадамдарын жасайтын орта ғана емес, ол мыңдаған өте «жіңішке тамырлар арқылы қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарын тарататын құдіретті алма ағаштың өркен жаяр ортасы деп атап көрсеткен.

Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын "киелі , қасиетті деп үғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірі бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Ш,Уәлиханов "Табиғат пен адам: өзінің айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан қүпия не бар?" дей келе қазақтардың киеге үлкен мән бергенін айтады. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі түрмысы қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұта ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп иландырған.

Экологиялық тәрбие беру жұмысы отбасында, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында үздіксіз жүргізілген жағдайда ғана адам санасында табиғатты қорғау, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болада Бұл жөнінде белгілі ақын, ақындардың халықаралық "XX ғасыр, әлем және экология" қозғалыстарының төрағасы болған Мүхтар Шаханов өзінің "Арая жол" мақаласында бізде экологиялық тарбие болған жоқ, ол қазір де жоқ ; Экология ғылым ретінде ең артта қалған, қараусыз қалған жағдайда, адамдардың экологиялық санасын аитуымыз қажет, ертең кеш болады" деп айтқан болатын.

Экологиялық тәрбие беруде оқушылардың табиғатқа эмоциялық қатынасын қалыптастыра білудің үлкен мәні бар. Эмоция психологияда адамның және дүниесін қозғаушы жерге лайықты жауап ретінде қарастырылады. Табиғат тағдырына ортақтаса білу қасиетін ескермей, оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, " адамгершілік заңдылық ұғынумен де, есте сақтаумен де меңгерілмейді". Табиғатқа жасалған қиянатты ақылмен түсіну жеткіліксіз, ендеше оның қасіретін сезіне білу керек.

Жаңа мыңжылдық табалдырығын аттап өткенге қорытынды жасап, болашаққа көз жүгіртсек, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып экологиялық мәселені мойындамау және оның шешімінің қажеттілігін есепке алмай өз қызметімізді жоспарлау мүмкін емес. Қазақстан Республикасының экологиялық білім мен тәрбиенің тұрақты даму моделіне өтуінің маңызы зор. Бұл мәселелер "Қазақстан Республикасы - 2030" ұзақ мерзімді даму бағдарламасында басты орын алады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім бағдарламасында экологиялық білім мен тәрбиенің жалпы уздіксіз жүзеге асуы кезінде жан-жақты мәселенің шешілу мүмкіндігі көрсетілген. Экологиялық білім мен тәрбиенің бір мезетте барлық кезеңдер мен деңгейде жетілуі мен енгізілу қажеттілігі қазіргі уақытта ерекше.

Қоғамның барлық инфраструк-турасын қолдайтын экологиялық білім ғана әлеуметтік-экологиялық нақтылықтың кезінде жан-жақты қызметке бейімделген, XXI ғасырдың қазіргі азаматын қалыптастыра алады. Тұрақты дамуға көшу, біртұтас әлеуметтік, экономикалық, экологиялық саясаттың бірігуіне, тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруын, елдің даму механизімі мен мақсатын анықтайды.

Қолданбалы жоспардағы тұрақты даму моделі - бұл сыртқы және ішкі қауіпті жою мен ескертуін қамтамасыз ету, тұрақты принциптердің экономикалық мемлекеттің қоғамның қызмет етуі мен ұйымдастырылу әдісі.

Барлық қызмет түрлері мен қайта оқытудың нақты бағытын анықтайтын узақ мерзімді бағдарламаның тұрақты дамуға кезеңді көшуі ұлттық стратегия болып саналады.



Тұрақты дамудың принциптері:

-прогрестің мақсаты - адам, адамзат дамуының деңгейі -
бұл оның әлеуметтік-экономикалық саясатының, мемлекетінің, қоғам
қалыптасуының шарасы;

-ұлттық игілікті тұрмыс деңгейінің жоғарылауы, кедейлікті


жеңу, қажеттілік құрылымның өзгеруі;

-білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау жүйесінің даму .


басымдылығы - халық шаруашылығының эволюциясы, халық ,
белсенділігінің шығармашылығы, өнімділіктің ұзақ мерзімді өсу :
факторлары қоғамның рухани өмірінің маңызды сферасы;

  • демографиялық жағдайдың жақсаруы, түрғындардың орнықты дамуының іс-әрекеттігі;

  • экономикалық инновациялық даму типі ресурстарды жинақ- тауға, табиғатты қорғауға өту;

  • экология және экономика байланысының күшеюі, экономи- калық жүйенің экологиялық бағдарын қалыптастыру экожүйенің, шаруашылық сыйымдылығы шегіндегі дамуы;

- қалдықтарды қайта өңдеу қауіпсіздігі, ресурстарды қайта
пайдалануды кеңейту, қайта өңдеуге жатпайтын ресурстарды тұты-
нуды азайту мүмкіндігімен шығынды азайтуды ұсынатын рацио-налды табиғи қолдану;

  • экожүйені қайта қалпына келтіру мен қорғау мақсатында әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;

  • жаңа өркендеу құндылықтарының есебіндегі мораль, тәрбиемен білім жүйесіндегі экологияландыруға адамның көзқарасы;

  • саяси механизм шешімнің қабылдануы мен жүзеге асыры- луы, басқару жуйесін жетілдіру, тұрақты даму міндеті мен мақса-тын жүзеге асырудағы мемлекеттің басты рөлі;

- азаматтық қоғам мен жеке бизнестің, мемлекет қызметінің
тиімділігі мен үйлесімділігін жоғарылату.

Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және жеке тұлға өмірінің элеуметті позитивтік образы мен үйлесімді дамуы ушін басқа да жағдайларды, адам бостандығы мен конституциялық құқық әлемдік одақта мойындалуын жүзеге асыруды құрудың маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі қоғамның тұрақты дамуының принциптері мен талап-
тарына белсенді салауатты өмір салтын ұстанатын, жан-жақты
үйлесімді дамыған дені сау, білімді және рухани тұлға типі
сәйкес келеді. Қоғам мүддесі мен түлғаның дамуы экономика мен
қоғамның келешекте дамуына, күшті мемлекетті қалыптастыру
азаматтық қоғамды құрудағы демократиялық институттардың
беріктілік шартының қажеттілігі болып табылатын әлеуметтік кон-
солидацияны қамтамасыз ету.

Адам - қоршаған орта - экономика" үштігіндегі тұрақты дамуды кұрайтын іргетасты ұсынады, оған үш аспект кіреді:

- қоршаған орта, табиғи ресурстық потенциал;

- қоршаған орта мен адам қарым-қатынасының процесі;

-қоғамның өмір қызметінің барлық жағынан мүддесіндегі эко-логиялық императивті жүзеге асыру, экологиялық саясат.

Бірінші аспект-тұрақты даму моделіне өту кезінде табиғи потенциалдың динамикасы мен бағалау жағдайын тұрақты қадаға-лауды ұсынады.

Екінші аспект - адам денсаулығын сақтау мен био әртүрлілікті қорғау. Қазақстанның табиғи экожүйесін қайта құру ортасының сыйымдылығын өсіру үшін жағдай жасау, қоршаған орта тұрақты-лығының кепілі, табиғи ортаға антропогендік қысымды біртіндеп темендету бойынша шараларды жүзеге асыруды қарастырады.

Үшінші аспект - әлеуметтік-экономикалық даму мақсаты мен экологиялық мақсат келісімінің талаптары - экологиялық императив негізінде, экологиялық саясаттың жүзеге асырылуымен өңдеу процесінде барлық экологиялық компоненттердің мінездемелік жүйесі біртұтас тұрақты дамудың асуын қорытындылайды.

Экологиялық императив келесі талаптарды белгілейді:



  • табиғи үйлесімді және салауатты өмірге құқығы бар адам басты назарда болу керек;

  • қазіргі уақытқа, болашақ ұрпаққа қоршаған ортаны қорғау мен даму мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны қорғау жалпы әлеуметтік-экономикалық процестің ажырамас бөлігі болуы қажет;

  • шаруашылық қызметті экологияландыру бойынша шараларды жүзеге асыруда, табиғат акцентін қорғау тәжірибесінде қалыптасқан айырмашылықты ауыстыру қажет, бірінші кезекте теріс техногендік іс-әрекеттердің себептерін жою;

  • әлеуметтік-экономикалық дамуы экожүйе сыйымдылығының шаруашылық шегінде қол жеткізудегі адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталу қажет;

  • экологиялық сана мен адам көзқарасы, білім мен тәрбие жүйесі.

Бұл талаптар тұрақты даму мақсатындағы экономикалық және
экологиялық, әлеуметтік қарым-қатынас органикалық пен ұздіксіз
экологиялық императивтің мәнін көрсетеді.

2 ТАРАУ. МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРНЫ
Мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің орталығы -сабақ.Сабақ арқылы мүғалім мен оқушы арасында барлық оқу-тәрбие жұмыстары әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Қазақстан географиясы пәнінде экологиялық бағытта жургізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, экологиялық санасын қалыптастырып, мәдениетін көтереді.

Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыс туралы айтқанда, біз оқушыларға қойылатын және орындай алатын мынадай талаптарды түсінуіміз керек:


  • оқушының қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру ;

  • ой-өрістерінің шығармашылық белсенділігін дамыту;

  • зерттеушілік қабілетін ашу, экологиялық мәселелерді түсіндіру және өз бетінше шешуге дағдыландыру;

- окушылардың практикалық іс-қабілетін дамыту және оны өміршең етуге бейімдеу;

  • оқушылардың жергілікті жердің экологиялык проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру.

Осы экологиялық білім берудегі турақты устанымды сақтай отырып, төмендегідей баспалдақтар арқылы экологиялық сана мен мәдәниетті қалыптастыруға болады.

Кесте 1

Қазақстан Республикасы географиясы бойынша оқушыларға өзіндік жұмыс арқылы экологиялық сананы қалыптастыру жолдары.

Кезеңдер

Орындалу кезіңдегі іс-әрекеттер

Сабақ түрлері

1. Бейімделу кезеңі

Белгілі құбылысты немесе оқиғаны мүғалім айтады, ой қозғайды

Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмысты орындау барысында


2.Бағыт-бағ-дар кезеңі

Муғалім әр турлі экологиялық жағдайларды көрсетеді, білім көздерін пайдалана отырып, ықпал етеді



З.Орындалу кезеңі

Әр түрлі жаттығулар, экологиялық қызықты ойындар жургізу, оларды келешекте оқу материалымен ұштастыра алуын қадағалайды



4.Шығарма-

шылық


кезеңі

Оқушылар шығармашылық жұмыс жүргізеді, машықтану, бағдарлай, жобалай алу.белгілі оқиғаға өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығара алуды қамтиды



Осы кезеңдерді оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бірінен соң бірі уздіксіз орындалу барысында муғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс туындап жасөспірім бойында экологиялық сана, мәдениет қалыптасады. Оқушы біртіндеп экологиялық жағдайларға өз бетінше баға бере алатындай, пайымды ой қорытып айта алатындай дәрежеге көтеріледі. Өз жолдастары мен жүрген ортасына экологиялық саналы іс-әрекетімен оңды ықпал етеді.

Мұғалім бұл өзіндік жұмыстарды орындағанда төмендегідей құнды ұстанымдар жүзеге асады:


  • ғылымилық (құбылыстар мен үрдістер, оқу материалдары, адамның, табиғатқа әсері);

  • байланыстылық (флора мен фауна арасында және әр түрлі ғылым салаларымен);

  • тепе-теңдік;

  • қызығушылық;

  • үздіксіздік;

  • дамытушылық;

  • интеграциялық;

- өлкетанушылық байланыстардың барлығы да орындалады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан географиясында осы үздіксіз экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстарды жүргізгенде, оқушы бо-


йында жетіспейтін құнды қасиеттердің бірі - "экологиялық сана"
мен экономикалық түсінік қалыптасып, болашақта бәсекеге қабілетті,
мәдениетті ұрпақ, жеке тұлға дамиды.

Сабақтың мақсаты:

а) Экологиялық білім беру; Материктегі табиғи зоналық ерек- шеліктерінің климат жағдайларына байланыстылығын оқушыларға


ұғындыру, табиғат зоналары орналасуына әсер ететін рельефтің
басты ерекшеліктерін, адамдардың табиғат зоналарына тигізетін әсерін
меңгеруін қамтамасыз ету.

ә) Экологиялық білім беру арқылы оқушылардың мәдениетін, және өмір салтын, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.

б) Табиғат зонасында тірі табиғат пен өлі табиғаттың байланысын дұрыс қалыптастыру, салыстыра білу және дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние-жүзінің табиғат зонасының картасы, гербарийлер (кеппешөптер жинақтамасы), жануарлардың суреттері, схемалар және т.б.

Сабақтың барысы: Бүгін сабақта Евразияның ішкі суларын қайталап шығамыз. (әдісі сұрақ-жауап):

1. Ішкі суға не жатады? Өзен,көл, сарқырама, бұлақ, минералды


су, жер асты сулары.

а) Өзен дегеніміз не? ә) Өзеннің қандай элементтерін білесіңдер?



  1. Евразия материгінде ішкі су қалай бөлінген, жеткілікті ме?

  2. Материктің өзендері қандай бассейндерге жатады? (Солтүстік мұзды мұхитына, Атлант мұхитына, Үнді, Тынық, ішкі ағындар территориясына).

а) Солтүстік мұзды мұхитының өзендерін ата.

ә) Тынық мұхитының бассейніне жататын өзеңдерді ата?

б) Үнді мұхитының бассейніне жататын өзендерді ата?

в) ішкі ағындар территориясына қандай өзендер жатады?

Ауызша географиялық диктант



  1. Қандай өзен Бенгал шығанағына құяр кезінде, ұлан-байтақ атырау

құрайды? (Ганг)

  1. Қандай өзен Охот теңізіне құяды? (Амур)

  2. Қандай өзен Солтүстік Мұзды мұхитының бассейніне жатады? (Лена)

  3. Қандай өзен Гималай тауынан басталады? (Ганг)

5. Қандай өзен Сары теңізге құяды? (Хуанхе)

6. Қандай өзен ішкі ағынды бассейнге жатады? (Амудария)

Көл дегеніміз не?

Евразияның колдерінің орналасу ерекшелігі қаңдай көл:

а) Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал-1620 м).

ә) Қандай көл ең тұзды? (Арал-27).

б) Қандай көл ең түщы? (Байкал).

в) Қандай көл опырынды қазан шұңқырыңда орналасқан? (Байкал)

Міне, оқушылар, біздің көптеген өзен, көлдеріміздің жағдайы нашарлап, экологиялық мәселесі шиеленісіп барады. Әсіресе, Арал тағдыры қиын. Қазір Арал туралы видеокассета көрсетіледі. Сондық-тан біз судың таза болуын, үнемдеп жұмсалуын қадағалауымыз керек. «Судың да сұрауы бар», «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең-көзін аш» деп халық бекер айтпаған.

ІІ Жаңа білім беру. (әдіс) Біз бүгін әдеттегідей жаңа тақырып өтеміз. Сабақтың тақырыбы Евразияның табиғат зоналары. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Сосын «Табиғат зонасы дегеніміз не?»-деп анықтамасын сұраймын.

Табиғат зонасы деп температура жағдайларының ылғалдануы, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі бірдей болып келетін ірі табиғат комплексін айтамыз. Евразияның табиғат зоналарының орналасуында ендік зоналық заңы байқалады.

Табиғат зоналары картасын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Евразияның табиғат зоналары анағұрлым алуан түрлі, материктің солтүстігінде табиғат зоналары тұтас алап болып созылып жатады, тайганың оңтүстік тұсына қарай олар сол сияқты батыстан-шығысқа қарай ауыса береді.

Табиғат зоналардың материкте орналасуы климатқа, жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

III. Сыныпты үш топқа бөлем (үш қатарға, тиісті жұмысты бөліп беремін) Балалар, тақтада жазылған табиғат зоналарының кестесін кі- таппен және алдарындағы картамен жұмыс атқара отырып толтырып шығасыңдар.

І-топ: Арктикалық шөлдің таблицасын толтырады.

ІІ-топ: Тундра, орманды тундраның кестесін толтырады.

Ш-топ: Тайга табиғат зонасының кестесін толтырады.

Келесі зонамыз қоңыржай белдеудің үлкен кеңістігін алып жатқан Шығыс Европа жазығында орналасқан аралас орман мен жалпақ жапырақты ормандардың табиғат зоналарына өзім қысқаша тоқталып шығамын.

III. «Көңіл толқыны» күйі ойналып жатады. Мұғалім енді келесі тоқталатын табиғат зона қандай деп сұрайды. Орманды дала мен дала табиғат зонасы. Дала зонасымен сіздермен қандай материкті өткенде танысып едік? Солтүстік Америка, онда ол зона қалай аталған? Прерий-ормансыз кеңістік деген мағынаны білдіреді. Сіздер бұл табиғат зонасының климатымен толығырақ 8 сыныптың «Қазакстанның физикалық. географиясын өткенде танысасыңдар». Ал бүгінгі сабақта біз сіздермен бұл зонаның қасиеті, қадірі тарихқа толы екендігің және даму болашағын қарастырамыз. Дала табиғат зонасында Қазақстанның 26 % территориясы, орманды дала зонасында 7 % орналасқан. Сонымен қатар осы зонада тілі, әдепғүрпы, салтдәстүрі, мәдениеті ұқсас болған түркі тілдес халықтар мекендеген. Олардың тіпті аспаптары, тағамдары кәсібінде мал шаруашылығы болған. Қазақстанның дала зонасын ғалым Қаныш Сәтбаев жаяу аралап, түсті металл кендерін ашып, респуб-ликаның өндірісін дамытып. экономикасын котеруге үлес қосқан жер осы. Қазақстан үш жүздің басы қосылып біріккен жер осы. .Ал енді 1950-54 жылдарға тоқталатын болсақ, осы зонада тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Миллиондаған гектар жер жыртылып, егіншілік қарқынды дамыды. Бірақ мұның кері әсері де болды, көптеген құнарлы жерлердің топырақтары бүлініп, эрозияға үшырады.

Ал енді біз бұл зонаның болашағын қалай елестете аламыз? Бүгінгі таңда бұл табиғат зонасында кішкентай Қорғалжын қорығы болса, болашақта XXI ғасырға аяқ басқан кезде 2030 жылдары дала зонасында ең үлкен қорық болып, онда емдік қасиеті бар өсімдіктер көп өсіп, таза экологиялық аймаққа айналады. Түркі тілдес халықтар, соның ішінде қазақ халқына қасистті жылқы малы табын-табын өсіріліп, адамдар түгел қымызбен емделеді. Қымыз адамға әрі қуат, әрі шабыт беріп, адам жаны сая табатын жер осы жер болады.

IV. Келесі біздің соңғы зонамыз, шөл мен шөлейт. Біріншіден, біз шөлдердің түрлеріне тоқтала кетейік. Біз сіздермен қандай шөлдердің түрлерін білеміз? Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөл. Осылардың ішінде адамға біршама қолайлысы сазды шөл. Евразия материгінде және Қазақстанда қандай шөлдерді білесіңдер?

Шөл зонасының климатын, топырағын мұғалім өзі сипаттап шығады. Ал енді балалар, сендер өсімдіктану пәнінен қандай шөл мен шөлейттің өсімдіктерінің аттарын білесіңдер? Оқушылар бірнеше өсімдіктердің аттарын атап шығады. Шөл зонасының кеппе шөптерін таратып беріп, олардың құрылысына, ерекшелігіне тоқталады. Олардың бойлары аласа, тікенекті, тамырлары ұзын болып келеді. Себебі оған қоршаған орта әсер етеді.

Дәптермен жұмыс. Географиялық терминдер.


  1. Эфемерлер.

  2. Эрозия.

  3. Табиғат зонасы.

V. Қорытынды. Жауын-шашын өте аз, өсімдіктері сирек, кейбір жерлерінде мүлдем кездеспейтін табиғат зонасын ата. Ал енді балалар бүгін сабақта біз не өттік, не үйрендік, соны тексеріп шығайық.
Евразия материгінде табиғат зоналары қалай орын ауыстрады екен?
Солтүстіктен оңтүстікке қарай, батыстан шығысқа қарай. Әр табиғат зонасының өзіне тән ерекшеліктері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет