Мазмұны кіріспе тарау


ТАРАУ. СЫНЫПТАН ТЫС ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#125863
1   2   3   4

3. ТАРАУ. СЫНЫПТАН ТЫС ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.

Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.

Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.

Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.

Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.

1-шара экологиялық білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы «қатерлі нүктелер» туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы «Полигон зардабы» деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің «Семей —Невада» қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді

Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты ақынымыз Мұқағали Макатаевтың «Аккулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның окушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамнын табиғатқа деген қарым-қатынасы ананың әлдиімен құлаққа сіңгенін, табиғаттың сұлулығын сақтай білу, одан рахат алу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау еңбасты мақсатымыз бен парызымыз болуы керек екенін ұғынды.


3.1 Экологиялық үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Ауыл маңайындағы өсімдіктер, жан – жануар, құстар және олардың қорғау шараларына негізделген осы экологиялық үйірменің жылдық жоспарын ұсынып отырмын. Экология үйірмесінің жұмыс жоспары.

Кесте 3



Тақырыптар

Жұмыс әдістері

Сарамандық жұмыстар

ҚЫРКҮЙЕК

  1. Үйірме мүшелерін сайлау

  2. Жергілікті жер атаулары сыр шертеді

  3. «Алтын күз» кеші

Жоспарды құрып талқылау

Жергілікті жер-су атауларының шығу тарихы туралы әңгіме өткізу

Әрбір сынып оқушылары күз мейрамына байланысты өлең айтудан, сурет салудан көрініс көрсетуден жарысады.

Жергілікті жер бетінің жеке формаларын (төбе, жыра, өзен аңғары) зерттеу



Әртүрлі фотосуреттер пайдалану. А.Омаров-тың жергілікті жердің табиғатына байланысты шығарған өлеңдерін жинақтау. Күз тағамдарынан дастарқан жасау. Жеміс-жидектердің пайдасы туралы, күз көріністерінен газеттер шығару. Табиғатқа саяхат жасау. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсететін сызбанұсқа сызу.


ҚАЗАН

  1. Өсімдктер әлемі

  2. Туған табиғатымыздың бір бөлігі өсімдік




  1. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.

  2. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.

  3. Дәрілік өсімдіктер

Жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен кеш.


Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсететін сызбанұсқа сызу.

«Ас – адамның арқауы» альбомы, «Дәрілік өсімдіктер» стенді, әр түрлі мата қиындарынан альбом жасау, киіз үйдің үлгісі т.б.

Газет шығару, кеппешөп бүктеме (буклет) альбомдар жасау.


ҚАРАША

  1. Туған өлкенің ауа – райы

  2. Ауаның ластануы

  3. «Табиғатым аса көркем – Қазақстан туған өлкем»

Ауа райын бақылау, бақылау нәтижелерін қорытындылау.

Ауа райы болжаудағы

Ауаның ластануы туралы хабарлама әзірлеу. Ластану себептерін түсіндіру.

І-ІҮ сынып оқушылары арасында апталық өткізу.



«Туған елкенің ауа райы» кестесін жасау. Жергілікті белгілерге қарай ауа райын болжау.

Аудан ауасының ластануы турлы деректер, берілген кестені пайдалану. Аптаның әр күнін жоспарлау.



ЖЕЛТОҚСАН

  1. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ - мұны айтуға табиғаттын тлі жоқ».

  2. «Жан – жануарлар әлемі»

  3. «Қызыл тас – біздің қорығымыз».

  4. Табиғатым – тағдырым

Табиғат туралы ақын – жазушылардың тебірене айтқан сөздері мен өлеңдерін оқу, жатқа айту. Ән конкурсын ұйымдастыру.

Жергілікті жердің жануарлары мен танысу, оларды қорғау шаралары. Жыл мезгілдеріне қарай жануарлардың бейімделуі туралы әңгіме. Қызыл тас туралы тарихи әңгімелер жинау. Онда мекен ететін жануарлар. Олардың жойылу себептері, қазіргі сирек кездесетін жабайы жануарлар жәндіктер.

Жарты жылдан қорытындылап, экологиялық апталық өткізу.


Әр сынып бойынша және жеке оқушылардың орындауында табиғат туралы ән сайысы

«Жергілікті жердің жабайы жануарлары» альбом жасау

Қызыл тас туралы стенді ұйымдастыру.

Жабайы жануарлардың суретін салудан жарыс ұйымдастыру.

Залды газет, сөзжұмбақ, стенділермен, суреттермен безендіру. Аптаның әр күйін жоспарлап, жоспарды қадағалау.


ҚАҢТАР

  1. Табиғат бала көзімен

  2. Жергілікті жердің бұлақ, бастау өзендері

  3. Су –тіршілік көзі




Табиғат туралы сурет салу сайысы.

Жергілікті жердің бұлақ бастау өзендері және оларды қорғау. Су туралы халық даналығын жинау, оның мағынасын түсіндіру. Судың маңызы және оны қорғау, судың ластану себептері туралы дөңгелек үстел ұйымдастыру.




«Таза бұлақ» көрініс қою

Су туралы өлеңдер оқу



АҚПАН

  1. Табиғат күнтізбе

  2. Туған жер табиғаты толғандырады.

  3. Менің сүйікті хайуанатым

  4. Табиғат даналығым

Табиғат күнтізбе деген не? Халқымыздың жануарлар тіршілігіне орай табиғатта қандай құбылыстар болатынын алдын-ала білуі. Қазақ халқының ырымдары туралы.

ҮІІІ-ХІ сынып оқушылары арасында көркем шығарма сайысы.

ІҮ – ҮІІІ сынып оқушылары арасында көркем шығарма сайысы халық арасында ертеден келе жатқан табиғат туралы нақыл сөз, мақал – мәтелдерден «Кім көп біледі» жарысын өткізу


Халқымыздың ырым сөздерін жинап, олардың мағынасын түсініп, орынды пайдалана білу.

Осы тақырыпта сурет салғызу.



НАУРЫЗ

  1. Бөлме өсімдіктері

  2. Өлкеміздің жәндіктері

  3. Құмырсқаның илеуі




Суғару, күту, отырғызу, «Бөлме өсімдіктерінің түрлері» хабарлама жасау.

Туған өлке жәндіктерімен танысу. Пйдалы және жоюшы жәндіктер туралы хабарлама

Құмырсқа илеуін қорғау және оның маңызы


Сирек кездесетін жәндіктердің суретін салу.

СӘУІР

  1. Жергілікті жердің құстары

  2. Құстар – біздің досымыз

  3. Құстарға ұя жасау.

Құстар және олардың маңызы туралы әңгіме. Құстарды қорғау, Қарлығаш, аққу туралы ертегі, аңыз әңгімелерді талқылау.

Құстар күніне байланысты кеш. Құстар болып киіну, өлең айту, жұмбақ шешу.




С.Сейфуллиннің «Аққу», поэмасын тыңдау, «Қанатты достар» тақырыбында – жергілікті жердің құстарынан альбом жасау.

Газет шығару, әр түрлі маскалар әзірлеу.



МАМЫР

  1. «Менің ауылым».

  2. Біздің су қоймаларындағы балықтар

  3. Жергілікті жердің суларына саяхат

Табиғатты қорғау күніне байланысты кеш.

Балықтардың түрлерімен танысу, қорғау.

Бұлақ, бастау, жылғалар, өзендер, туралы алған білімді еске түсіру.


Көрме ұйымдастыру.

Табиғатқа таным жорық (саяхат)


Экологиялық дағды мен іс - әрекеттің оқушы бойында қалыптасуы экологиялық өзіндік жұмыстың орындалуының негізі болып табылады.

Қазақстан географиясында мұндай экологиялық бағыттағы орындалатын өзіндік жұмыстарды бірнеше бағытқа бөлуге болады.

Кесте 4
Қазақстан Республикасы географиясы мазмұнындағы экологиялық бағытта орындалатын өзіндік жұмыстар




Бағыттары

Экологиялық өзіндік жұмыстар

Басқа пәндермен байланыстылығы

Танымдық

Қазақстан географиясындағы әр түрлі табиғат жағдайларының ерекшеліктерін ажырату, олардың флорасы мен фаунасын қорғау, табиғат ресурстары туралы түсінікті игеру және қорғау, халық шаруашылығы аудандарының ерекшеліктері, экологиялық жағдайды шешу жолдары. Сыларды айтып түсіндіреді және әр түрлі әдістермен іске асырады


Биологиямен, химиямен, экологиямен

Бағалаушылық

Оқушылардың табиғат ресурстарына баға бере алуы, айналадағы қоршаған орта мен адам әрекетінің әсері туралы мүмкіндіктер қамтылады


Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы

Болжамдық

Оқушылар адамның қазіргі табиғатқа тигізген іс-әрекетінің болашақтағы көрініс табар залалы, табиғат қорғау және оның ресурстарын тиімді пйдалану туралы тың ойлары, топырақта, суда, ауада болатын табиғи айналымдарды түсіне алуы, өндірістегі соңғы жаңа технологиялардың жетістігін пайдаланудағы табиғаттағы қорғаудағы атқарылып жатқан оңды іс – шаралар мен келешектегі берер нәтижелері туралы болжам жасай алулары тиісті


Физика, химия, математика, биология

Өлке танушылық немесе экологиялық картографиялық

Өз елінің туған жерінің шағын экологиялық картасын немесе шағын жердің жобасын жасай алуы

Өлкетану және жергілікті жер материалдарды, халықтық педагогика, тарих, география (план және карта бөлімі) т.б.


Қорыта айтқанда, Қазақстан географиясында осы үздіксіз экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстарды жүргізгенде, оқушы бойында жетіспейтін құнды қасиеттердің бірі – «экологиялық сана» мен экономикалық түсінік қалыптасып, болашақта бәсекеге қабілетті, мәдениетті ұрпақ, жеке тұлға дамиды.



3. 2 Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру
Жер ғаламшары Күн жүйесіндегі ең сулы ғаламшар, біздің ғаламшардағы су қоры шамамен 1500 миллион шаршы шақырым. Бұл судың көп бөлігін суы ащы мұхиттар мен теңіз сулары құрайды, тек екі пайыздайы ғана тұщы судан тұрады, Су адамзат өмірі мен қоғамында өте маңызды рөл атқарады. Белгілі ғалым В. И. Вернадский судың маңызын айта келе, «бір тамшы суда барлық химиялық элементтер бар» деген екен. Ғалымның бұл көрегендік болжамы казір толық дәлелденіп отыр.

Қазіргі кезде ірі өндіріс орындарының күрт дамуы, өндіріс үрдісінде олардан бөлінетін улы заттар өзен, көл, теңіз, жер асты суларының ластануына әкеліп соқтыруда. Ал судың ластануы әр түрлі ерекше аурулардың тууына себепші болып отыр. Мысалы, Жапонияда «Тиссо» химия бірлестігінің тазаланбаған өндіріс қалдығын Миномата бұғазына жіберу салдарынан миномата ауруы таралып отыр.


Бұғаздан ұсталған балықты тағамға пайдаланудан адам бірнеше жыл бойы төсек тартып жататын жоғарыдағы ауруға шалдығады.

Судың қолданылмайтын жері жоқ. Әр адамға пайдалану үшін күніне екі литр су жеткілікті. Ал өндірісте, ауыл шаруашылығында су әлдеқайда көп қолданылады. Мысалы, 1 тонна шойынды қорытып, болат прокатқа айналдыру үшін 4000 м3, 1 тонна мыс үшін 500 м3, 1 килограмм резина жасау үшін 3500 м3, 1 тонна мақтаға 10000 тонна, 1 тонна бидайға 1500 тонна су жүмсалады екен.

АҚШ-тағы барлық көлдердің 2/3-сі. өндірістен түскен химиялық заттардың әсерінен түгелдей іске жарамсыз болып немесе істен шығуға жақын тұр. Дүние жүзінің дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттері — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италияға шектесетін теңіз жағалаулары адам айтқысыз ластануда. Францияның өнеркәсіп орындарынан өзендерге жылына 6 миллион тонна керексіз зиянды заттар төгіледі.

Шет елдерді айтпай-ақ өз өңіріміздегі өзен-көлдердің экологиясына көңіл белейік. Еліміздің Оңтустік Қазақстан облысының Оңтүстік бөлігін киелі Ордабасы ауданы алып жатыр. Ауданңың халқы 77,6 мың адамнан астам (1994 ж.) Орталығы — Темірлан селосы. Аудан солтүстігінде Түркістан және Алғабас аудандарымен, батысында Қызылқұм және Арыс, ал шығысы мен оңтүстігінде Сайрам аудандарымен шектеседі. Аудан релефі Сырдария алды үстіртіне жатады. Солтүстік шығысында Қаратау жотасында 1000 — 1800 метрдей шектесіп жатыр. Ал оңтүстік-батысында Қаратау, Сырдария өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ауданның езендері Арал теңізі бассейініне жатады және Сырдария мен Шу өзендерін салаларымен біріктіреді.

Басты өзендері — Бөген және Арыс. Осы екі езенге Бадам, Бөржар, Боралдай, Шұбарсу салалары қосылып жатыр. Арыс езені облыс аумағындағы Сырдарияның оң жақ үлкен саласы. Ал Бөген езені Сырдария езеніне тек суы көп болған жылдары жетеді. Ол көлдік жүйемен аяқталады.

Топырақ жамылғысы негізінен кәдімгі оңтүстік күлгін топырақтан тұрады, Топырақ. жамылғысы топырақ қалыптастырушы түрге және ылғалдану жағдайына байланысты бірнеше генетикалық түрге бөлінеді. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды батпақты топырақ таралған.

География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ ұйымдастырдым.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты — оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және қызықты деректер келтіру арқылы пәнге қызықтыру.

Дамытушылық мақсаты — оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге уйрету экологиялық сауаттылыққа бағдарлау

Газет материалдары, қорықтар, табиғат жайындағы әр турлі әдеби кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қабырғаларда нақыл сөздер, кестелер ілінді.

Сабақ барысы.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірген соң қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі ластануы мен одан қорғау жолдары жөнінде қысқаша әңгімелейді.

Конференция оқушылардың әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып дайындаған қызықты баяндамаларымен жалғасты. Мысалы, «Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары» жөнінде бір оқушы қазақ жеріне көмек керек екеніне, полигондардың зиянын, олардың тез арада жабылуы қажеттігіне тоқталды.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыруды өрістетуді міндеттегені баршаға аян.

Ауданымыздағы экологиялық ахуалды сауықтырып, турғындардың денсаулығын жақсартудың маңызды шараларының бірі - елді мекендерді көркейту, көгалдандыру.

Ата-бабамыз айтып кеткендей, "Ана көркі - алдындағы баласы, жердің көркі - желкілдеген ағашы". Олай болса, туған өлкемізді жасыл желекке бөлеу - өзіміз үшін де, өзгелер үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де улкен міндет. Себебі бір түп жасыл желектің өзі ауаны тазартып, оның ылғалдылығын арттырып, шуды азайтып, елді мекенді желден, құмнан, ыстықтан, суықтан, тұзды-шаң, улы газдардан сақтап, ауаны оттегімен қамтамасыз етіп отырады.

Адамның табиғатты өзгертуі қауіпті жағдайға айналып отырған кезеңде атамекенге қамқорлық қажет-ақ. Әсіресе, қуаңшылықты, экологиясы нашар біздің мекен ететін аймағымыз үшін қою көлеңкелі ағаштарды егу өте қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейіигі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы "Балаларды табиғатпен таныстыру" бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі үғым-түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау — экологиялык тәрбие жұмысымен үштастырылды.

Экологиялық тәрбие — жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым-қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағаштардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.

Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:


  • табиғаттағы әр түрлі окцғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;

  • балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ак, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;

  • табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;

  • табиғатпен тілдесу, әсемдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау бакылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, колға үйрету мен белгілі бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;

  • тәжірибе жасау-бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабактасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

  • тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгімеге диалогқа қатысу;

  • табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

бақылау — өз бетінше танымдык іс-әрекеттерін дамытумен бірге
табиғат туралы жәие табиғаттағы адамдардын іс-әрекеттері жөнінде
мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды суреттерді


тамашалау, шағын шығармалар оку балалардын табиғат жөніндегі қалыптасқан тусініктерін айқындайтын және жаңа мәліметтерден хабардар болуға ықпал ететн іс-әрекет түрлері.

Баланын табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп. қабылдау дағдысы өзнен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологилық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.

Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танытып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін камтамассыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.

“Тіршілік иелерінің өміріне қажетті жағдайларды туғызу және қолдау әдісі” балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі


саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және
оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету -осы әдіс түрінің тәжірибе мен модельденген іс-
әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ак, заттарды күтіп-
баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті,
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын таныпбілуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, қүрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде өзінің ой-пікірін айтуға дағдыланып, белгілі бір тұжырым, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында "Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үндеуіне шанысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік, дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады" деп атап көрсетілген.

Иә, кай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті іскер де белсенді адамдар. Сондықтан да коғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу - ең маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының "Білім туралы занында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны мәлім. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу кажет.



Табиғатты корғау - ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізі міндетті орындауды борышым деп білсе, табиғат артық ысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1991. 30.08

  2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 15.08.2007

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана 2004

  4. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы

  5. Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В. Экология. Природа-Человек-Техника: Учебник для вузов.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.-343 с.

  6. Аксенов И.Я., Аксенов В.И. Транспорт и охрана окружающей среды. –М.: Транспорт, 1986. -176 с.

  7. Әл – Фараби Философиялық трактаттар Алматы 1973ж. 28 бет

  8. . Белов С.В. и др. Охрана окружающей среды. –М.: Высшая школа, 1991. -319 с.

  9. Беспамятнов Г.П., Кротов Ю.А. Предельно-допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде. Л.: Химия, 1985.

  10. Бейсенова А, Самакова Т., Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы 2004 ж. 328 бет.

  11. Белинский В. Г. Избранные философские сочинения, в двух томах. 2 том. Москва 1948г. 146 бет.

  12. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. –Алматы: Ғылым, 1997. -192 с.

  13. Вронский В.А. Прикладная экология: Уч. пособие. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 1996. – 512 с.

  14. Вернадский В.И. Филосовские мысли натуралиста . – М Наука, 1988–358 с.

  15. Гринин А.С.Новиков В.Н. промышленное и бытовые отходы: Хранение, утилизация, переработка. – М.: ФАИР-ПРЕС, 2002.-336 с.

  16. Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг, спб. 1 том

  17. Есназарова Ұ. Қазақстан физикалық географиясы. Мектеп 2002ж.

  18. Жатқанбаев Ж. Экология негіздері Алматы. Зият. 2003ж.

  19. Закон Республики Казахстан об охранне окружающей среды. Алматы: Жеті жарғы, 1998. -95с.

  20. Захлебный А. Н. Школа и проблемы охраны природы. Москва. Педагогика. 1981

  21. Зверев Н. Д. Экогласность и образования. Советская педагогика. 1991

  22. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. -М.: Гидрометиоиздат, 1984. – 375 с.

  23. Инженерная экология: Учебник /Под ред. Проф. В.Т. Медведева . – М.: Гардарики, 2002. – 687 с.

  24. . Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципыорганизации /Региональный экологической мониторинг,- М.:Наука, 1983.

  25. Қаженбаев С., Махмудов С. Табиғат қорғау. – Алматы: «Ана тілі», 1992.-144 б.

  26. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. – Алматы: Мектеп ААҚ, 2002. – 392 б.

  27. Қалыбеков Т. Экология және ашық кен. – Алматы: Қазақстан, 1988.

  28. Лихачев Б. Экология личности. Педагогика. Москва. 1993ж.

  29. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Уч. пособие для вузов. – М.: ГРАНД-ФАИР, 2001. 2001. – 320 с.

  30. Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д., Каспакбаев К.С., Кажыгулов А.К., Цыганков С.Г. Экологическая безопасность на траспорте: Учебник для вузов. Алматы: 1999. – 325 с.

  31. Охрана окружающей среды /под редакцией С.В. Белова-М.: 1991.-320 с.

  32. . Мазур И.И., Молдаванов О.И.., Курс инженерной экологии. – М.: Высшая шк., 1999. – 447 с.

  33. Реймерс Н.Ф. Экология (теории, законы, правила, принципы и гипотезы) – М.:Изд-во журнала «Россия молодая», 1994.-367 с.

  34. Родинов А.И. и др. Техника защиты окружающей среды. – М.: Химия, 1989.-512 с.

  35. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. – Алматы: Мектеп, 1997. -144 с.

  36. Сарыбеков Н. С. Жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері. Алматы 1993ж.

  37. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология. –Спб.: Химия, 1995. -240 с.

  38. Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. -703 с.

  39. Сухомлинский В. А. Отношение к истине. Юность. М., 1972

  40. Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования: Учебник – Алматы: Экономик С, 2003. -592 с.

  41. Уатт К. Экология и управление ресурсами. –М.: Мир, 1971. -463 с.

  42. Уразаев Н.А., Вакулин А.А., Марымов В.И. и др. Сельскохозяйственная экология. –М.: Колос, 1996. -255 с.

  43. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. –Алматы: 1991. -192 с.

  44. Черкинский С.Н. Санитарные условия спуска сточных вод в водоемы. –М.: Стройиздат, 1972. -223 с.

  45. Экологическое состояние окружающей природной среды Республики Казахстан и меры по ее улучшению. Государственный доклад. –Алматы, 1996. -368 с.

  46. Яблоков А.В., Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. –М.: Высшая школа, 1998. -336 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет