Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері


Әйелге және әйел киімдеріне байланысты ырымдар мен тыйымдар



бет21/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Әйелге және әйел киімдеріне байланысты ырымдар мен тыйымдар:

  • Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн.

  • Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.

  • Әйел биязы, сыпайы, жібектей есіліп тұруы керек. Үй ішінің мүлкін, ыдыс-аяқты сылдыратпауы керек

  • Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. 

  • Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады

  • Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді.

  • Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.

  • Бас киімге қауырсын тағу - барлық халықтарда мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланысты екендігін білдіреді.

  • Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды. 

  • қазақ әйелдері әдейілеп өзінің басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басындағы бақ басқаға көшеді деп ырымдайды.

  • Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым.

  • Киімнің түймесін айқастырып салса, сүйінші (қуанышты хабар) келеді.

  • Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді. 

  • Киімді желбегей жамылуға болмайды

  • Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым. 

  • Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді. 

  • Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. 

  • Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет