3. Хатайда әйел киімі:
Бас киім.
- fes - киізден тігілетін күрең түсті бас киім;
- tarbuş - қара матаның ұстіне ою-өрнектер салынып әшекейленген бөкебай түрі. Әдетте фестің айналасына тағылады. Оның алдыңғы және артқы жақтарына алтын тігеді. Алтын саны әркімнің жағдайына байланысты болады;
- tülbent - ақ немесе қара түсті болады. Шашты жабу үшін қолданылады. Жан-жақтары дәкемен жабылып тек қыздың жүзі көрінетіндей етіп жасайды. Шеттерін ұсақ моншақтармен безендіреді.
Сырт киімдер
- еlbise - ұзын жеңі бар мойыннан бастап тізеден төмен келетін көйлек. Әдетте барқыт матасынан тігіледі. Етек жағы жиналыңқы болып келеді. Көйлектің алдыңғы жағына ақ түсті жібек матадан ою-өрнектер салынады;
- şalvar - атлас матасынан тігілетін кең шалбар. Шалбардың аяқ жақтары рәзіңкемен жиналып тұрады.
- çepken - қара барқыттан тігіледі. Қол жақтары ұзын әрі кең болып келеді. Ұзындығы белден сәл төмен түсіп тұрады. Шекпеннің жеңдеріне, кеуде жақтарына және арқа жақтарына аймақтық символы бар оюлар, әшекейлер салынады;
- bel kuşağı - ені 30 см ұзындығы 150 см болатын белбеу. Белбеуді түрлі-түсті матадан жасайды. Үстіне түрлі өрнектер салады;
- kemer - күмістен жасалатын, ені 5 см болатын белдік.
Аяқ-киімдер.
- çorap - жүн өңдеудің нәтижесінде пайда болады. Жүннің түсіндей болады немесе көк түске боялады. Ұзындығы тізеге сәл жетпейді;
- уemeni - қызыл немесе қара теріде жасалған аяқ-киім. Табаны жайдақ болады. Арасында кішкене өкшесі болатындар да кездеседі;
4. Айдында әйел киімі:
Бас киім.
- fes - қызыл немесе күрең түсті бас киім. Фестің алдыңғы жағына әркім жағдайына байланысты алтын немесе күміс тиындар тігеді. Бас киімнің жоғарғы жағынан астына қарай күміс сыммен немесе шынжырмен безендіреді;
- krep - көбінесе қала тұрғындарында кездесетін бас киім. Бас киімнің жан-жағына әр түрлі ою-өрнектер салынады. Әр оюдың өзінің ерекше мағынасы бар: егер келіннің бас киімінде бұрыштың суреті салынса, ол келіннің бақытсыз екендігін, азап шеккенін көосетеді. Ал егер раушан гүлінің немесе қалампыр гүлінің суреті салынса, ол бақытты өмірдің белгісі деп саналады;
- çeki - ені 2-3 см болатын қызыл, жасыл, сары, қара, күлгін түсті жұқа маталардан тұратын жжамылғы. Оларды бір-бірімен қосып тігеді. Басқа таққанда арттан қарағанда өте әдемі түрлі-түсті жүйе құраййды. Ұзын болып, жүрген кезде желпілдеп тұрады;
Сырт киім.
- gömlek - мақтадан немесе жібек матадан тігіледі. Жейденің ұзындығы тізеден төмен қарай болады. Белге дейінгі бөлігі денеге тура болады да астыңғы жағы кең болып келеді. Жағасы домалақ, мойыны ашық болып келеді;
- üçetek - ауылды желерде "зыбын" деп аталатын сыртқы киім. Қаладағылар жібек, атлас және жылтыр маталардан тігеді. Қызыл, қызғылт, күлгін және қоңыр түстер жиі кездеседі;
- önlük- göğüslük - әйелдің киімі кірлемеу үшін қолданылатын алжапқыш;
- fermile/fermene - ауылды жерлерде мақтадан ал қалада барқыттан тігілетін киім. Әдетте алды ашық болады немесе бел жағында тек түймелейтін екі түймесі бар болады;
Аяқ-киім.
- çorap - ауылды жерлерде нәскилер ақ жүннен жасалады. Ал үстіне әр түрлі нақыштар салынады;
- аyakkabı - қара теріден жасалған кішкене өкшесі бар аяқ-киім;
Көріп отырғанымыздай, түрік халқының ұлттық киімдері алуан түрлі. Әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтып кеткеніміздей әр нәрсенің өзіндік мағынасы бар. Оның түбі терең тарихта жатыр. Халықтың дүниетанымына, қалыптасқан наным-сенімдерге, салт-дәстүрге байланысты. Түрік халықтарына ортақ әйелге және әйел киімдеріне байланысты ырымдар-мен тыйымдарға тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |