Ай астында Айбарша Сұлу
Құддыс ханның қызы Айбарша сұлу туралы ертегі. Перінің шәкірті, аса ақылды және зерек. Күндіз алтын мүйізді киікке айналатын қаситеті бар. Айбаршаға зұлымдық жасауды ойлаған жағымсыз кейіпкер - Мыстан кемпір соңында ханның баласынан жеңіледі. Соңында екеуі үйленіп бақытты өмір сүреді.
Күн астындағы Күнекей кыз
Күндей жарқыраған сұлу Күнекей атты қыз туралы ертегі. Қыздың алтын мүйізді киікке айналу қабілеті бар. Оқиға кедей жігіттің мал бағып жүргенде алтын мүйізді киікті көрумен басталады. Сол киікті ұстап ханға тарту еткісі келеді. Ханға киікті ұстап бергеннен кейін хан "-Күн астындағы Күнекей сұлуды маған тауып әкел" - дейді. Бұл ақылды ханға уәзірлері береді. Жігіт жолда өзіне көмек беретін жолдастарды кездестіреді. Қызды тапқаннан кейін екеуі бңр-біріне ғашық болады. Күнекей ханды алдау ұшін бір қулық ойлап табады. Соңында екеуі үйленіп бақытты өмір сүреді. Бұл жерде Күнекейдің ақылдылығын, парасаттылығын және айлакерлігін көруге болады.
3.2 Б.Майлин мен Р.Н. Гүнтекин шығармаларында
«әйел» эволюциясы
Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы.
Бейімбет Майлин – қазақ совет драматургиясының ірге-тасын қалаушылардың ең көрнекті өкілдерінің бірі. Б.Майлин драматургиясында елеулі тақырыптың бірі халқымыздың басынан кешкен ауыр күндердің тарихымен байланысты болып келеді. «Тілсіздерге тіл бітіріп» ғасырлар бойы азап бұғауында езіліп-жаншылған момын халықтың дүниені жаңғыртқан алып үнін, еркіндік ұранын, «тағдырыма əміршімін» деп жар салғап азат халықтың, күрескер күштің құдыретті дабылын революцияның алғашқы күндерінен ба- стап туғып жоғары көтерген ардагерлеріміздің бірі еді.
Бейімбет Майлин – əдебиеттің барлық жанрында да белсене қызмет атқарып, тек өзіне ғана тəн көркем дүние, образ- дар галереясын, адамдар тұлғасын жасап кеткен жан-жақты дарын иесі. Өлеңнен поэмаға, очерктен əңгімеге, повестен романға, пьесаның шағын түрінен ірі формасына ол оп-оңай ауысып отырған тəрізді. Бейімбет шығармаларының тағы бір абзал қасиеті аза- маттық сарынының күштілігі. Шебер суретші өмірді көрсетіп қана қоймайды. Бүкіл талантымен сол өмір үшін, халықтың қамы үшін алысады. Өмірдегі болар жайларды, əлсіздікті əшкерелейді. Жазушы өз халқы үшін, социалистік əділет үшін екі майданда күрес жүргізеді. Бірі тап жаула- ры – байлар, олардың құйыршықтары болса, екіншісі совет жолын бұрмалаушы жалған белсенділер, топас əкімдер, жеке басының қамы үшін ел мақсатын сататын мансапқорлар. Бұларға келген жазушы ащы мысқылмен ғана шектелмей отты публицистикаға да ауысып кетеді. Сол кездегі қазақ халқының күйзелісін, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін айқын көрсететін туындылардың бірі - 1929 жылы жазылған Бейімбет Майлиннің Раушан - коммунист атты көрнекті шығармасы болып табылады.
«Раушан – коммунист» - өмір құбылысын шыншыл да терең көрсетуге үлгі боларлық шығармалардың бірі. «Раушан коммунист» повесі жазушы шығармасында, жалпы қазақ совет əдебиетінде маңызы аса зор, талантты да шебер жазылған, идеялық-көркемдік мəні жоғары шытарманың бірі Жазушы қараңғы қазақ əйелінің совет заманында са- насы оянып, коммунист дəрежесіне дейін көтерілгенін та- маша суреттеген. Раушанның санасына кірген өзгерістер кездейсоқ нəрсе емес, əрі-беріден соң жеке адамның үгіт- насихатының нəтижесі де емес, Октябрьден кейінгі өмірден туған, бүкіл халықтың санасына кіре бастаған өзгерістер. Екінші жағынан бұл коммунистік идеяның халықтың сана-сезімімен, ой арманымен қабысуы. Бұл айтар ауызға ғана жеңіл. Дəл осылай етіп идеяны көркем шығармада беру екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл Бейімбет шеберлігі.
Реалист жазушы кейіпкерлерін жалаң идеяның жаршысына айналдырмайды. Раушанды шым-шытырық күрес пен тартысқа толы шытырман өмірдің қат қабат қиын талқысынан өткізіп, жаңа заманға лайык жаңа сана деңгейіне бірден бірге сатылап көтереді.
Бейімбет қазақ əйелінің типтік бейнесін жасауда тамаша талантын танытты. Əйелдерге тəн сырлы сезімді, осалдық пен ұлылықты, махаббат пен ерлікті, сарқылмас зор күшті табиғи суреттер арқылы шындықпен баяндады. Қарапайым қазақ əйелінде таңқаларлық қаншама ұлы күш, жігер, нəзік сезімдер жатқанын айқын суреттеді. Раушан образы - оның нағыз дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: |