Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет39/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Диссертация НАЗИРА

Ай мен Күн
Қазақ халқының мифтік түсінігінде Күн де, Ай да әйел жынысты. Қазақтың көмескі санасында Күн - жәй әйел, әйел-ана, ал Ай - бақсы әйел. Айда кемпiр бар деп, айдан сескенуi, айдың бетiндегi дақтарды кемпiрге ұқсату, халықтың архетиптiк жадында қалған абыз әйелдiң ай тектес мифтiк кейпi туралы түсiнiктерге байланысты.
Аққу
Аққу - өздерін аққудың («қазақ» этнонимінің халықтық этимологиясына сәйкес «ақ қаз» – белая лебедь) ұрпағымыз деп санайтын қазақ халқының басты ұлттық символдарының бірі. Мифтік кейіпкер, бейне ретінде барлық түркі халықтарында кездеседі.
Қырық қыз
Орта Азияның түркі тілдес халықтарында «кәпірлерден» қорғану үшін олардың тілегі бойынша тасқа айналған әулиелер бейнесі. Қарақалпақтарда «қырық қыз» онымен аттас эпос қаһармандары – жауынгер қыздардың бейнесі.
Ақбикеш
Ел жадындағы аңыз-әңгіме бойынша Ақбикеш Кіші жүз алшын елінің батыр қызы еді дейді. Қаратаудың солтүстік өңірін қоныс еткен елге келін болып түскен екен. Ол кездің жаугершілігі көп болса керек. Ақбикеш келін екенмін демей, елдің ер-азаматтарымен тізе қосып, жауға бірге аттанып жүреді. Талай-талай шайқастарға қатысып, жаудан тайсақтамайтын әбжіл қимылдарымен көзге түседі.


Баян Сұлу
Қазақ халқында және көршілес Түркі халықтарында кеңінен таралған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" атты қазақ ауыз әдебиетінің інжі-маржаны саналатын таңғажайып ғашықтық жырдың кейіпкері. Сұлулық пен адал махаббаттың бейнесіне айналған ару қыз. Алайда, Қозы Көрпеш Баян сұлу мазары оның тарихи өмір сүрген тұлға екенін көрсетеді.
Қарашаш Сұлу
Бұл кісі әйгілі Жиренше шешеннің әйелі болған. Ол өзінің ақлдылығы, тапқырлығы және данагөй ақылдылығымен Жиренше шешеннің өзіне лайықты жары бола білген ерекше адам ретінде суреттеледі.
Алтыншаш
Қазақтардың эпостық жырлары мен ертегілерінде Алтыншаш есімді сұлу қыз кездеседі. Ол – негізгі кейіпкердің қалыңдығы. Барлық ертегіге ортақ сюжет: «Бір күні, ол өзен жағасында басын жуып жатқанда, оның алтын шашының бір талы өзен ағысымен ағып барып, ханның қолына немесе мыстан кемпірдің қолына түседі. Хан ерекше шаштың иесін көргісі келеді. Алтыншаштың үйіне кірген хан оның елден асқан сұлулығын көріп, есінен танып қалады. Хан оның күйеуінен құтылғысы келіп, оған түрлі қиын тапсырмалар береді. Бірақ Алтыншаштың күйеуі әйелінің ақылымен небір қиын тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шығады».
Каныкей Сұлу
Каныкей Манас дастанының кейіпкері. Манастың жары. Манас батырға әрдайым кеңес беріп отырған ақылшысы. Бірнеше рет ақыл-парасатының арқасында Манасты ажалдан құтұарып қалған ару. Ақылдылық, шыдамдылық, айлакерлік Каныкей сұлудың басты қасиеттері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет