Мазмұны: Кіріспе


Оқыту барысында балалардың танымдық



бет7/10
Дата19.06.2022
өлшемі230.5 Kb.
#459351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-mektep-zhasyndagy-balalardyn-oqu-motivacijasy-29

2.3. Оқыту барысында балалардың танымдық
белсенділігін қалыптастыру
Кең аялы танымдық бағыттылық (білім алуға деген қызығушылық, қиыншылықтарды жеңуге талпыну) мектеп табалдырығындағы оқу барысымен барынша қалыптастырылады. Оқу-білімге құштар болу терең сипаттар ретінде ерекше жұмыс жасауды қалыптастыруды талап етеді. Танымдық мотивтерді қалыптастыруға оқу барысын жақсартудың барлық құралдары да көмек береді. Олар мыналар: мәнінің жаңарып, пәнаралық байланыстарының нығаюы, оқу әдістерінің жақсарып, проблемалық-дамытушы оқу жұмыстарын өңдеу және тарату, сабақ беру құрылымын үлгілеу, сабақ үстінде өз бетінше жұмыс жасау формаларының кеңеюі, мектеп балаларының оқу қызметтерінің белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары бойынша, балалардың сабақ үстіндегі оқу іс-әрекетін белсенді ету.
Қазіргі заман талабына сай оқыту әдістерін қолдану білімпаздық мотивтердің барлық түрлеріп, ең алдымен, білімге құштарлық, оқу процесіне және оның маңызына деген қызығушылық секілді кең аялы білімпаздық мотивтерді жақсартады. Бала мәселені шешу жолында қаншалықты оның түрлі әдістерін ізденіп, талқылайтып болса, мәселені, тексерудің түрлі жолдарын қарастыратын болса, сөзсіз, оның оқу-танымдық мотивтері дс жақсара түседі — білім алу әдістеріне қызығушылығы арта түседі. Мектеп балаларының мақсат қою қасиеті де анағұрлым кемелді мәнге ие болады.
Оқу-танымдық мотивтерінің барлық түрлерін қалыптастырудың негізгі артық қорларының барлығы және өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері мектеп балаларының оқу іс-әрекеттерінің белсенділігі болып табылады. Бұл белсенділік мектеп балаларының оқу жұмыстарының түрлі формаларында іске асуы мүмкін. Олардың бірнешеуін атап өтейік.
1. Оқытушының жетекшілігімен іске асатын оқу іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің барлық бөлшектері (оқу тапсырмасы, оқу әрекеттері, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әрекеттері) оқытушының көмегімен орындалып, қабылданады. Бұған көптеген жаттығулар және оқу қызметін түрлендіруге арналған сұрақтар мен талдауларды сабақ үстінде пайдалану жәрдемдеседі. Мысалы, мұғалім оқушыға мынандай тапсырмалар береді: «Сенің жұмысынның нәтижесі қандай болады, оған сен қандай әдістермен жеткің келеді, осы нәтижеге жетудің басқа да жолдары бар ма, осы әдістерді өзара салыстырып көр.
Орындап жатқан жұмысынның тапсырмасын анықта, осы тапсырмаға сай әрекет әдісін таңда, тапсырманы өзгертіп, әдісінің қалай өзгеретініне қара.
Өзіңнің оқу жұмыстарынның кезеңдерін анықта: тапсырманың қойылуын, әрекеттер әдістерінің таңдауларын, өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетерінің орындалуын; нақты жұмыс материалдарында кезекпелі осы кезеңдерді өзің орындап шық, өзіңнің жұмысынның кезекпелі кезеңдерін жобалар-белгілер түрлерінде кестелеп жазып ал.
Өзіңнің оқу жұмысыңды жоспарла: оның ең алшақ тапсырмасы неде, ең таяу мақсаты ше, осы тапсырмаларды шешу үшін қандай әрекеттерді орындау керек. Бірінші, екінші, үшінші әрекеттерді ата, әрбір жұмыс кезеңіне
қанша уақыт кететінін анықта, қандай кезең сен үшін объективті қиындау, қайсысы оңайлау, сен қандай әрекеттерге машықсың, қайсы әрекеттерді нашар орындайсың».
Мұғалім біртіндеп оқу жұмыстарының барлық құрамдас бөлшектерін мектеп балаларына өз беттерінше орындауға тапсырады. Психологтар өз беттерінше жаттығулар орындау өзін-өзі қадағалау мен өзіне-өзі баға беруден басталады деп санайды. Бұл оқу қызметінің келесі формасына алып келеді.
2. Өз беттерінше оқу қызметтерін атқару оның бір немесе бірнеше бөлшектерін мектеп оқушылары мұғалімнің көмегінсіз орындап шыққанда іс жүзіне асады. Дидакттар өз беттерінше үйрену — бұл, мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмасымен, осыған бөлінген арнайы уақытта орындалып шығатын еңбек түрі екенін атап көрсетеді. Өз бетінше оқу жұмысының қалыптасуына мұғалімнің келесі тапсырмалары мен сұрақтары мүмкіндік береді, ол мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің бір бөлімінен екінші бөліміне өтуін қамтиды. - "Біз қазір сабақта берілген тапсырманы анықтадық. Енді қандай қадам жасауымыз керек, тапсырманы қойғаннан кейін не істеуіміз керек екенін кім айтады?
Біз өз жұмысымыздың бірнеше әдістерін анықтадық. Енді не істейміз?
Біз бұл әдістерді салыстырдық, оларды шарттарға қатысты, олардың болжамды нәтижелеріне қатысты қарастырдық. Енді не істейміз?" Осылай жалғаса береді
3. Мектеп балаларының өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары — мектеп балаларының өз жетекшілік ететін, оны өзі қойған тапсырмаларға, мотивтерге, мақсатына сай іске асыратын танымдық тұрғыда еңбек етуі. Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысы түрлі деңгейлерден тұрады: ол мектеп оқытуына "ұштас", өзін-өзі тәрбиелеудің жеке кезеңді формаларының түрінде және ең соңында, мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білім жұмысында ерекше өріс алган еңбегіне айтталуы ықтимал. Бұл дәрежелердің барлығы да мұғалімнің жетекшілігін қажет етеді.
Мұғалімнің мектеп балаларының өз беттерінше атқаратын оқу жұмыстарына жетекшілік етуі сабақта, үйірмелік және факультативті жұмыстарында, "Оқып үйрену" тақырыбына арналған оқу жиналыстарында іске асады.
Оқудың жағымды мотивациясын дамытуды қалыптастыруда мектеп балаларының өз бетінше жұмыс жасау тәсілдерін атап өтейік:
- тақырыптың мазмұнын қайта қарау тәсілі, оқу материалдарының іріленуі, ондағы бастапқы мақсаттардың, қағидалардың, заңдардың айрықшалануы, тапсырманы шешуде жалпылама әдістемені үгу, мектеп балаларының белгілі бір түрдегі тапсырмалар жүйесін өз бетінше құруы;
- оқу мәдениетінің тәсілдері (мысалы, ірі синтагмалармен "қарқынды оқу") және тыңдау мәдениеті, қысқа және нақ жазба тәсілдері (көшірмелер, жоспар, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыс жасаудағы жалпы тәсілдер);
- есте сақтаудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, мпемотехпиканың бейнелік және тыңдап есте сақтау қабілетінің ерекше тәсілдерін пайдалану);
- мектеп балаларының өзін-өзі бақылаудағы түрлі тәсілдерді, өзінің жұмысын кезеңді тексеру, тексерудің "бірліктерін" айрықшалау, тексеру тәртібі, т.б. пайдаланып зейінін арттыру тәсілдері;
- қосымша ақпарат ізденісінің жалпы тәсілдері (кітапханалық анықтамалармен, каталогтармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасау) және оларды үй кітапханасында сақтау;
- емтихандарға, сынақтарға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға дайындалу тәсілдері;
- уақытты тиімді ұйымдастыру тәсілдері, уақытты есеппеп пайдалану, еңбек пен демалысты саналы кезектендіру, жеңіл және ауыр, жазбаша және ауызша тапсырмадарды, еңбек тазалығының жалпы ережелерін сақтау (тәртіп сақтау, серуендеу, жұмыс орнында тазалық сақтау, оған жарық түсуі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет