Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет103/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   133
4. МАҒЖАН ЖҦМАБАЕВ 
(1893-1938) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
Қазақ поэзиясында лирикасының сыршылдығы мен сыры мол
поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын ӛлең 
ӛлкесінде ӛшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 
жылы Қызылжар уезінің Сарайғыр болысында дүниеге келген. Үлкен атасы 
Қажы атанған Жұмабай болса, ӛз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс 
болып ел сӛзін ұстаған жан. Бекен жас шағында ақындыққа әуестеніп, серілік 
құрған, айтыстарға түскен ӛжет те пысық, ӛнерпаз болған деседі. Ақынның 
анасы Гүлсім – жаны таза, адамға мейірімді, қарапайым қазақ әйелі болса 
керек. 
Мағжан алғаш сауатын Кәрім деген молдадан ашып, ӛзінің білімге, оқуға 
деген құштарлығымен, атасы мен әкесінің үміт еткен құптауымен білім 
бастауынан нәр алуға талпынған. Оның алғашқы нағыз ұстазы ретінде әкесі 
Бекен салдырған мектепке мұғалім болып келіп, Мағжанды тӛрт жылдай 
оқытқан Ахиетдин Аханов деген азаматты айтамыз. Ол жаңаша оқытудың 
үлгісіндегі ұстаз, шығыс тілдеріне жүйрік, ӛзі ісіне шын берілген жан болса 
керек. Осылайша мұсылманша сауатын ашып, білімнің дәмін татқан Мағжан 
Қызылжардағы медресеге түсіп, онда Қасен, Мұхаметжан секілді жадидше 
оқытудың жолын ұстанған мұғалімдерден дәріс алып, оқуға біржола ден 
қояды. Сӛйтіп 1911-12 жылдары Уфадағы атақты “Ғалия” медресесіне барып 
оқып, енді тек оқуға деген ынтасына ғана емес, әдебиетке деген 
құштарлығына жол табады. Ақындық ӛнерге кӛзқарасы қалыптаса бастайды. 
Медресе “Ғалияда” ол татар жазушысы Ғалимжан Ибрагимовпен танысып, 
кӛкейіндегі кӛп сұраққа жол тауып, біржола ақындық ӛнер жолына бет 
бұрады. Мағжан шынайы ақынға алған білімінің аздық етерін сезіп, орысша 
үйренуге талаптанады, ӛз бетінше орысшаға даярлық жасап, Омбыдағы 
Семинарияға түседі. 
Оның ӛміріне үлкен ӛзгеріс әкелген оқиғаның бірі – қазақтың ардақты 
азаматы, бұл тұста саяси күрескер ретінде де, ақын ретінде де танылып 
қалған Міржақып Дулатовпен кездесуі (1910). Міржақып – Мағжанның 
орысша сауатын ашып ғана қоймай, Мағжан ақынның кейінгі саналы 
ғұмырындағы алаш азаматы болып қалыптасуына, ұлты үшін жан пида 
қылып, азаттық жолындағы күреске шығуына жол сілтеп, негіз салған 
бірден-бір тұлға. 
Мағжан Омбыдағы оқытушылар семинариясын 1917 жылы алтын 
медальға бітіреді. Мұнда қазақтың тағы бір ақиық ақыны Сәкен 
Сейфуллинмен бірге оқиды. Семинарияда екі ақын біріге жүріп “Бірлік” атты 
ұйым құрып, “Балапан” атты қолжазба журнал да шығарады. Кейінгі 
аласапыран заманда екі айрық жолға түскенмен, ол кезде осы бір екі жас 
ақынның тілегі бір, халқының азаттығын аңсаған арманы бір еді. 
Мағжан алғашқы ӛлеңін 12 жасында жазды деген дерек бар, бұл 1905 жыл. 
Яғни, болашақ тасқынды ӛзгерістерге әкелер ғаламат жарылыстардың, 


277 
алғашқы дүмпу тұсы. Осының ӛзі Мағжан ақынның дәуірмен тұтаса туған 
ғажайып тұлға екендігінің бір нышанын танытса керек. Жеті жылдан кейін 
ақынның “Қазақтың кешегі күні” ӛлеңі тұңғыш баспа жүзін кӛрсе, кӛп 
ұзамай “Шолпан” атты ӛлеңдер жинағы ӛлеңге сусап жүрген қазақ 
оқырманының кӛңілін ӛзгеше толқытты. Содан бастап Мағжан Жұмабаев 
қазақ әдебиетінің поэзия кӛгінде мәңгілікке жарқыраған жарық жұлдызы 
болып қала берді. Әттең, тек ӛкініштісі – ұлтының озып туған ұланының 
ақындық ғұмыры 45 жылмен шектеліп, тым қысқа болуы. Аз ғұмырдың біраз 
уақытын, тіпті жылдарын аумалы-тӛкпелі заманның арпалысты кезеңдері 
алып кетті. 
1917 жылдан бастап “Алаш” қозғалысына белсене араласқан ақын, 1918 
жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында Кӛлбай Тоғысовтың “Үш 
жүз” партиясының түрмесіне де жатып шығады. Ақ пен қызыл арпалысы 
саябырлаған тұста, 1921 жылы Қызылжарда “Бостандық туы” газетінде 
редактор да болады. 1922 жылы Ташкент қаласына барып, “Ақ-жол” 
газетінде, “Шолпан” журналында қызметтер атқарады. 1923-26 жылдары 
Москвада болып, күншығыс баспасында қызмет істеп, әдебиет институтында 
оқиды. 1927 жылы елге оралып, Қызылжарда педагогикалық педтехникумда, 
кеңес-партия мектебінде әдебиет пәнінен сабақ береді. Сол жылдары әйгілі 
“Тоқсанның тобы” толғауы жазылады. Сапырылысып жатқан саяси 
науқаннан шаршаған ақынның ӛзінің шығармашылық еркіндігіне жол таппақ 
боп, таза ақындықпен айналысуына тірек іздеген бір тұс еді бұл. 
1928 жылдың желтоқсанында Қызылорда қаласында Міржақып Дулатов 
ұсталып, содан бастап қазақтың зиялы қауымының басына шағырмақ бұлт 
үйірілді. Келесі жылы, Жүсіпбек, Ахмет, Мағжандар ұсталады. 1929 жылы 
ұсталған Мағжан Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жылға сотталып, Карелияда 
айдауда болады. Горькийдің және оның қызыл кресте істейтін әйелі 
Екатерина Пашкованың ӛтініш хатымен 1936 жылы босанып шығады. 
Мағжанның ұсталуына себеп болған нәрсе оның 1925 жылдан бастап “Алқа” 
атты әдеби үйірме құрмақ болып, оның бағдарламасын жасап, ӛзімен пікірлес 
ақын-жазушылармен ақылдасуы болса керек. Әдеби үйірме жарғысы мен 
бағдарламасы сол кездегі НКВД қызметкерлері үшін саяси күрестің 
бұлтартпас дәлелі ретінде бағалы еді. 
1936 жылы ол еліне келіп, Қызылжар қаласындағы мектепте орыс тілі мен 
әдебиетінен 
сабақ 
береді. 
1937 
жылдың
18 мартында Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардың шақыруымен 
Алматыға оралады. Бірақ Мағжанның әдеби ӛмірге араласуының мүмкіндігі 
де, уақыты да тым қысқа болады, ӛйткені 1937 жылдың 30 декабрь күні 
қайтадан тұтқынға алынады. Осы тұтылғаннан қайтып құтылмай, Сталиндік 
қатыгездіктің тырнағына ілінген арда ақын жазықсыздан жазықсыз 1938 
жылы 19 наурызда құрбан болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет