“Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер
Моллалардан естідім әлдеқашан”.
Қалқаман мұны айтқан жоқ, қазақ қызына 190 жыл бұрын түгілі, осы күні
еркімен ерге тию болған жоқ. Шариғатта бұл болғанмен мұны ол уақыт
сӛйлеген жоқ. Бұл ақынның Қалқаманмен, ӛтірік айтып, рәсімнің ыңғайына
жығылатын моллаға жапқан жаласы”. Сыншы бұндай ауытқушылықтың
шығарма кӛркемдігіне нұқсан келтірерін орынды кӛрсетеді. Бірін-бірі сүйген
екі жастың серт байласар тұстағы тіл қатысуының оқиға ӛрбуіне қабыспай
жатуын үлкен кемшілік санайды. Мамырдың қарсылығына Қалқаманның
молла сӛзін, шариғатты алға тартуын сезімге оранған жастар үшін қажетсіз
деп табады. “Дүниеде адам баласы айналып ӛтпес екі-ақ дүние бар, бірі –
ӛлім, бірі – махаббат, Қалқаман мен Мамырдың жалынғаны махаббат емес пе
еді. Сүйіскен екі ғашық молла айтты, шариғатта солай деп махаббат бола ма?
Махаббат адамды байлағанда шариғат пен моллаға уақыт қала ма? Бұл жерде
Шәкәрім ақындық жолынан, шыға шабылып, Пушкин, Лермонтов, Шекспир,
Толстой қарауларына салсаң зор күнәға батып тұр”.
Әлихан Шәкәрім жырына тек сын айтуды міндет санамаған. Сыншы
шығарманың шырайлы да кӛрікті, уақыт қасіретін шыншылдықпен жырлаған
жерлерін үлгі ретінде кӛрсетеді. Кӛкенайдың Мамырды ӛлтірер сәттегі
қатыгездігін суреттейтін тұсты жеке алып, кӛркемдік шешім тарихи
шындықпен айқындалып, ӛмір шындығын кӛркемдік шындықпен
ұштастырған ақын шеберлігін таниды.
“Ести сала садағын қолына алды,
Мамырдан аулақ жүр деп айқай салды.
Ұялмай жүзіқараның жүргенін деп,
Аямай дәл жүректен атып қалды.
Міне, бұрынғы заман тобықты мінезіне дәл жақсы айтылған ӛлең.
Кӛкенайдың атып тастағаны Мамыр. Жазасы – ғашығымен қашқан”.
89
Автор кейіпкер психологиясы, кейіпкер характерін ашудағы сезім мен іс-
әрекеттің байланысын әл-қадырынша түсіндіруге тырысып, Шәкәрім жырын
ӛз ойына ӛзек етеді. “Ай, жұртым, мен ӛлемін; сендер қалдың” деп
басталатын Қалқаманның қоштасу сӛзінен ұзақ үзінді келтіре отырып, соңғы
жолдарына ерекше назар аударады.
“Аямай елім оққа байланған соң,
Кетер ме ӛлгенімше ойдан зарым.
Қалқаманның садақпен атылуға байлағанында қоштасқаны: Бұл ӛлең соны,
сұлу болса да, ішінен ақаулығы кӛрінеді. Қоштасқан зарлы адам кӛңілге
жалынушы еді. Мұнда ақыл жағы жығып тұр. “Деймісің қалмақ, сені
тентіретпесті” айтуға ол жерде Қалқаманның әлі не келе қойсын”.
Әлихан Бӛкейханов “Сынында” белгілі шығарманы сынға салумен қатар,
ӛзге де әдебиетке қатысты үш мәселе тілге тиек болады. Біріншіден, ӛлең
деген айрықша жанрға сын жазу мен сыншылыққа деген талап. “Ӛлеңді ақын
сынаған жӛн. Оқушы-жазушы, ақын болмаса да ақын сӛзінде болар сынға
салатындай мүшелер болатын. Орыста Пушкин, Лермонтовты сынға салып,
жұртқа жайған Белинский сӛзге ақын емес, ойға ақын еді”. Әлихан сыншыға
тән ең басты қасиетті тап басып таниды. “Ойға ақындық” – терең білім, биік
парасат кӛрсеткіші болса керек. Екіншіден, қазақ оқырманының күрт ӛсіп
келе жатқандығын “Қобыландыны” аз уақытта талап алған біздің жұртта
оқушылар бар кӛрінеді” деп, мақтанышпен хабарлайды. Бұл – ендігі жерде
“тасқа басылған” жырға деген талапта ӛзгеше болуы тиіс деген сӛз.
Үшіншіден, оқырманға шығарманы неғұрлым ұғынықты тілмен, жеңіл
оқылар емлемен жеткізуді құлаққағыс етеді. Сондықтан да “Қалқаман-
Мамырды” келесі басылымда “Ахметтің “Масасы” порымына салып, “Қазақ”
емлесімен басса жақсы боларын” еске салады.
“Қазақтағы” Әлихан “Сыны” – ӛз уақытына сай айтар ойы, берер ғибраты
мол мақала. Бұл – жалғыз “Қалқаман-Мамыр” ғана емес, жалпы ӛлеңмен
жазылған кӛркемсӛз ӛнеріне деген ӛскелең талап белгісі.
“Қазақта” жарияланған әдеби-сын мақалалардың ішіндегі кӛріктісінің бірі
– Міржақыптың “Манап” драмасы (“Қазақ”, 1914, N82). Мақалада әдеби
шығармаға қатысты екі мәселе қозғалып, орынды пікір айтылады. Екеуі де
ӛте керекті мәселелер, бірі – шығармадағы шындық, екіншісі – аударманың
тілі хақында. Автор “Айқап” журналында жарияланған Лихановтың “Манап”
атты драмасының (1913, N14-21) аудармасын (аударған Мұхамедғали
Есенгелдин) талдау арқылы, осы екі мәселеге ӛзінің кӛзқарасын білдіреді.
Осы мақалада кӛзге түсетін тағы бір құндылық – автордың газет-журналдың
әдеби шығармаларды насихаттаудағы ролі жайлы түйінді ойы. Міржақып
газет-журнал тек кӛркемдігі жоғары шығармаларға ғана орын беруі керек деп
90
санайды. Ӛйткені олар – қалың оқырманның талғамын қалыптастыратын
бірден-бір жалпыға ортақ басылымдар. “Манап” драмасы туралы пікір айтуда
Міржақып журнал басылымына осы талап тұрғысынан қарайды. “Манап”
драмасын тәржіме қылушы мырза, әрі оны басушы “Айқап” журналы жақсы-
жаманына қарамай, тек қазақ жайынан нәрсе болғанға, атына қызықтана,
болмаса шынымен қазақ әдебиетіне ӛрнек боларлық, нағыз тұрмысынан
алынған, ғибратты оқиға деп түсінді ме, бізге әуелі осы арасын айыруға
керек. Әуелі оймен басылған болса, текке уақытын бӛліп тәржіма қылу да
һәм оны басып журналды номер сайын пайдасыз нәрсемен толықтыруда мән
жоқ болса керек. Егер екінші оймен басылған болса, тәржіма қылушы да,
“Айқап” басқармасы да адасқан деп білеміз”.
Әрбір кӛркем шығармаға тән артық қасиет оның ӛмір шындығын
кӛркемдік шындық ретінде бере алуы десек, Міржақып “Манап” драмасына
талапты осы тұрғыдан қоя білген. Шығарма жазушының ӛзі жеткілікті
білмейтін, ӛзіне таныс емес халық туралы терең зерттеп, әбден танып-біліп
алмай, шығарма жазуын Міржақып қатты айыптайды. Халық дәстүрін, әдет-
ғұрпын қалауынша құбылтқан жазушысымақ ӛз шығармасында бүтіндей бір
ұлттың бар дәстүрін мазақ қылғандай. Мұндай “туындыны” дәріптеп отырған
“Айқап” шығарушыларына деген ренішін Міржақып ашық жазады.
Мақала авторы жалпы жазушылық шеберлік туралы да орнықты ой,
орынды пікір айтады. Шығарманың шырайын келтірер хас шеберге тән екі
қасиет болуы керек дейді ол. Алдымен, “…бір жұрттың жайынан… жазу
үшін жазушы …ол жұрттың жайын білуінде зәредей кемшілік болмауы
шарт”, екіншіден, “…кӛрген-білген һәм сезгенін оқушының кӛз алдына
елестететкендей суреттеп жаза білерлік туа шебер, жүйрік талант болуы
шарт”. Жазушыға тән осы қасиеттерден шығара отырып, мақала авторы
“Манап” жазушысына кесімді бағасын береді: “…Лихановтың жазушылық
қуаты қанша екенін қоя тұралық, бірақ қазақ жайынан да еш нәрсе
білмейтіндігін жаңылмай айтуға болады”. Сӛйтіп “Манап” басынан аяғына
дейін жеке сӛздері болсын, айырым-бӛлімдері болсын, һәм ғұрып-қадетіне
мыңнан бір нұсқасы жанас-пайды” деп қорытындылайды.
Міржақып ӛз ойын “Манаптан” кӛп мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.
“Манап күнәсін жүз жылқыға сатпақшы болады. Жиылған жұрт теріге
таласқандай саудаласады. Қай қазақ ӛлерінде күнәсін сатады, оны кім
саудаласып алады?”. Немесе: “Манаптың күнәсін саудаласып бір жорғаға
түсірген біреу құдық суымен ант еткен. Бұл ғадет қай қазақта бар?” Осы
сияқты халықтың салт-дәстүрлерінде жоқ нәрселерді тізбектеген жазушыны
сынай отырып, Міржақып “Манапты” марапаттаған “Айқап” туралы былай
дейді: “Кӛрсеқызарлықпен мұндай нәрсені журналға басу …таратудың
лайығы болмаса керек. …Қазақта болмайтын ұятты, ерсі істерді бізге
тапсырғаны үшін намыстанатын жӛніміз бар емес пе?”
91
Мақала авторы кӛркем шығарма мен жазушыға қояр сапалық шеберлік
талаптары арқылы жазба әдебиетінде драма жанры жаңа қалыптаса бастаған
қазақтың сӛз ӛнерін игере бастаған жазушыларына нақты кеңестер беріп, жӛн
сілтейді. Автор “Манапты” аударушының тіліндегі түйткілдерді шеней
отырып, жалпы аударма мәселесіне қатысты ойларын да ортаға салады:
“Тәржіма кӛп орында қата етілген. Орысша сӛздер қазақша сӛзге тура
тәржіма етілгендіктен, түсініксіз келетіндіктен бұрды десек, орысшасын
ӛзгертпей тәржіма қыламын деп, күлкіге айналдырған жері кӛп…”
Міржақып осы мақаласында сынды дамытуды да сӛз етіп, “Манаптай”
шығармаларды кітап етіп бастыруға асықпастан, оларды білікті кісілердің
сынынан ӛткізіп, керекті болғанда ғана, кӛркемдігіне кӛңіл толарлық
жағдайда ғана шығаруды ұсынады. Бір сӛзбен айтқанда, Міржақыптың
“Манап драмасы” мақаласы – қазақ әдебиетінің кӛкейтесті кӛп мәселесін
кӛтерген, оның шешуін табуға ұмтылған кӛрнекті мақалалардың бірі.
“Қазақта” жарияланған Міржақып сынымен “Айқапта” жарияланған Сәкен
сынындағы (1914, N23) бұл драма жайлы ой-пікірлердің үндес, орайлас
шығып жатуы қазақ әдебиетіндегі сын жанрының қалыптаса бастағанын
танытса керек. “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы ел арасында жаңадан
ӛріс тауып келе жатқан әдеби кештер ӛткізу тәрізді игі дәстүрлерді қолдап,
үнемі насихаттап отырды. Яғни әдебиеттің кеңге қанат жайып, бұқаралық
сипат алуына септігін тигізуге тырысты. Осынау озық дәстүр жайлы қос
басылымда басылған “Семейдегі әдебиет кеші”, “Қазақ әдебиеті кеші”,
“Торғайдағы әдебиет кеші” мақалалар осындай мақсаттармен бағалы.
Бұларда әдебиет кешін ұйымдастырып, ел үшін игілікті іс атқарып жүрген
азаматтардың аты аталып, еңбектері бағаланды. Семей кештерінің негізгі
тұлғасы Нәзипа ханым мен Нұрғали Құлжанов болса, Торғайдағы кештің
ұйтқысы Ғұмар Алмасов, Қосмұхамед Жабағин сынды азаматтар болатын.
Әдебиет кештерінде қазақ әдебиеті туралы баяндамалар жасалып, салт-
дәстүрге бейімделген ойын-сауық кӛрсетіліп отырды. Газет сонымен қатар
мұндай игі істің екі жақты пайдасы бар екендігіне де назар аударады. Бірі –
елге рухани азық болса, екіншісі – нақты қаржылық пайдасы. Жиналған
қаржының орнына қарай жұмсалуын ұйымдастырушылар үнемі жазып
тұрды. Студент Мұхтар Саматовтың “Ардақты Нәзипа ханум” хаты – осыған
дәлел. “Былтыр Семейде мұқ-таж оқушылар пайдасына деп сіз басшылық
қып жасаған әдебиет кешінен маған да 18 сом ұйғарылды дегенді “Қазақтың”
бір нӛмірінде шығарып еді. Оның артынан сіз маған хабар бердіңіз… Енді ол
ақшаға мұқтаждығым жоқ. Биыл маған стипендия шықты. Егер де областной
правлениеден ол ақшаны қайтарып қайта алсаңыз басқа бір пайдалы жеріне
жаратар едіңіз”. Осы кештердің бірі туралы жазған мақаласында Міржақып
Дулатов: “Кеш басталғанда сағат 8 жарымда Райымжан Марсеков шығып,
қазақ әдебиеті турасында біраз сӛйледі”, – деп жазды. Райымжан Марсеков
92
сӛзі “Қазақ” газетінің 1915 жылғы 15 және 19 марттағы сандарында “Қазақ
әдебиеті жайынан” деген атпен басылды.
Мақала жалпы қазақ әдебиетінің тарихына шолу іспетті. Яғни қазақ
әдебиетінің ӛткен жолы мен бүгінгісін саралай, сараптай кӛрсетуді мақсат
тұтқан. Мақаланың басты құндылығы да қазақ әдебиетін дәуірлеуге алғаш
қадам жасауы. Марсеков қазақ әдебиетін үш дәуірге жіктеп алып, әр дәуір
ерекшелігін тануға тырысады. “Бірінші дәуір ескі замандағы қазақ арасына
жазу тарамай тұрғандағы кез; ол заманда қазақ ӛз алдына тұрып, кең далада
еркін дәурен сүріп, …ойлауға уақыт кең, сӛз сӛйлеуге тіл еркін болған
заман”. Осынау кезеңге тән еркіндік ауыз әдебиетінің дамуына игі әсерін
тигізгенін, сондықтан да ол кезеңде шешендік пен суырып салмалық
дәстүрдің берік орын тепкенін автор кӛкейге қонымды да сенімді
сараптайды. Оралымды тіл, орнықты ойдың жемісі – ақындықтың кең ӛріс
алғанына кӛптеген мысалдар келтіреді. Тӛле би, Қаз дауысты Қазыбек,
Қаражігіт би айтқан, халық жадында сақталып келген шешендік сӛздер, ескі
хиссалардағы, Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр” жырындағы қарапайым сӛз
қатысуларды ақындық ұшқын ретінде байыптайды. Бір сӛзбен ел тағдырын
шешкен сұңғыла ше-шендер сӛздерінің қуат күші халықтың ӛз бойында
жатқандығын тілге тиек етеді. “Атағы алты алашқа шыққан” Орынбай,
Кеншімбай, Болық ауызға алынып, Орынбай ерекшелігіне жеке тоқталады.
Сол арқылы суырып салмалық (импровизация) ӛнердің ӛзіндік қасиеттерін
айқындауға ұмты-лады.
Автор ӛнер байланысына, олардың бірін-бірі толықтырар, бірін-бірі
байытар сипатына назар салады. “Боз інген”, “Сары бел”, “Қос келіншек”,
“Еркетай” күйлерінің ӛміршеңдігі – әуез арқылы ӛмірді бейнелер асыл
қасиетінде жатқандығын танып, “Бұл қазақтың сӛзді қандай қымбат кӛрсе,
домбы-раны һәм сондай кӛретіндігінің белгісі”, – деп жазады.
Екінші дәуір белгісі – “жазудың халық арасына кӛбірек таралған заманы”.
Жазба әдебиеттің берік орын тебуі кӛп талас-тартыс кезінде жүзеге асқанын
автор байыпты зерделейді. Дін шырмауы, ӛзге ұлттардың араласуы ұлттық
әдебиеттің мансұқталуына дейін жеткізгенін ӛкіне еске алып, Абай –
құтқарушыны табады.
“Абай марқұмнан бері қарай қазақ әдебиетінің үшінші дәуірі басталады”.
Автордың Абайды қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінің басы ретінде қарастыруы
– әдебиетке деген жаңа кӛзқарастың бел ала бастауын танытса керек. Сӛйтіп
ол әдебиетке жаңа ӛрнек әкеліп, “Сӛз данасын” жасаған кемеңгердің
кӛшбасшылық сипатын айқындайды.
“Абайдан бері, һәм одан үлгі алған кейінгі жастарымыздың ыждағатымен
әдебиетіміз түзу жолға түсті. Енді мұнан былай сӛз қадірі ұлғайып, ӛлең
93
керектігі байқалып, ӛзге жұрттарда қандай болса, біздерде де сондай болар”,
– деп аяқтайды Ғ.Марсеков “Қазақ әдебиеті жайынан” сӛзін.
Қазақ әдебиетіндегі драмалық шығармаға жазылған алғашқы сынның бірі –
Міржақыптың “Надандық құрбаны” (“Қазақ”, 1916, N177). М.Дулатовтың
пікірлері орындылығымен, Кӛлбай драмасының осал соғар тұстарын кӛрсете
алумен құнды. “Жазушы да – суретші. Жақсы суретші адамның сыртқы түрін
айнытпай берсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін
бұлжытпай кӛрсете біледі… “Надандық құрбанында” мұның бір нұсқасы
жоқ, байлаусыз-матаусыз құр сӛз, біріне-бірі қалаф уақиғалар кӛресің”.
Сонымен бірге автор Кӛлбай драмасының негізгі кемшілігі оқиғалар
сенімсіздігінде деп біледі. Бұған бірнеше дәлелдер келтіргенмен, осы
дәлелдер кей де орнын таппай жатады. “Бұл күнде болыс басы пәлен бала бер
дейтін бұйрықта қойылған, кедей балаларын жалдап беру де қалған. Мұндай
іс Кӛлбайдың бала күнінде болып ӛткені рас”. К.Тоғысовтың бұл драманы
ӛмірден алынған оқиға негізінде жазғаны талассыз. Ал ӛмір шындығы
қаншалықты нанымды шықты, ол – ӛз алдына басқа әңгіме. Міржақыптың
бұл мақаласы – “Қазақ” газетінде кей-кейде сыңаржақ пікірлі сындардың
болып тұратынының кӛрінісі. Қазақ драматургиясының туу шағында
дүниеге келген “Надандық құрбаны” ӛз уақытын-да әлеуметтік жүк
кӛтерген кітап болғаны шындық. Ендеше, 1916 жылғы 24-ақпандағы 170-
санында “Надандық құрбаны” – шығарушы Кӛлбай Тоғысов” деп жарнама
берген “Қазақ” артынша оны түкке алғысыз етуі топтық тартыстың салқыны.
Жалпы Кӛлбай Тоғысовпен “Қазақ” тӛңірегіндегілер кӛбіне саяси бірлікке
келе алмағаны белгілі. Соның салқыны осы сынға тигенін байқау қиын емес.
Міржақып “Біреудің кітабын сынағанда, шығарушының кім екенінде
жұмысы болмауға тиіс” деп алып, Кӛлбайдың жеке басына кӛбірек шүйлігіп,
шығарма назардан тыс қалып қояды.
Әдебиет жайлы таным-талғамның қалыптасуына бастау болатын құнарлы
мақаланың бірі – Арысұлының “Роман не нәрсе?” атты мақаласы (“Қазақ”,
1914, N48). Бұл – қазақ әдебиеттану ғылымындағы Шоқан Уәлихановтың
қазақ ӛлеңдерінің түрін қарастырған ізденісінен кейінгі қазақ әдебиетіндегі
жанр жайын сӛз еткен мақала.
Мұнда автор роман жанрының ерекшелігіне, оның жанр табиғатынан
туындайтын кӛркемдік шарттарына тоқталады. Осынау жанрдың ӛзге, озық
кеткен елдердегі дамуына кӛз салып, осы саладағы үлкен жетістіктерге
жеткен атақты жазушыларды, олардың шығармаларын мысалға келтіреді.
Автордың роман жанры жайлы ойларының ӛз кезеңіне сай сүбелі екенін
кӛреміз. “Романның ішкі мағынасы: тіршіліктің жарық һәм күңгірт жағын
бейне ӛзіндей етіп суреттеп, адамның ӛзіне кӛрсету. Роман – адамзаттың
ӛмірін, дәуірін бұлжытпастай кӛрсетуші айна. Романның асыл мақсаты:
94
адамзаттың мінез-құлқын түзетпек, кемшілікті, қараңғылықты адамзаттан
қумақ. Мұнан мұрат, адам баласына үйретінді үлгі, тәрбие бермек”.
Европа, орыс жазушыларының шығармаларымен жақсы таныс автор
Вальтер Скотт, Чарльз Диккенс, Теккерей, Пушкин, Гоголь есімдерін атап
қана қоймай, олардың шығармаларын сӛз ете отырып, роман жанрының
қалыптасу тарихын саралайды. Сонымен қатар, бұл жанрдың қазақ то-
пырағында туа бастағанын қуана құптайды. Бұл туралы: “Қазақта бұрын
роман жоқ еді. Біздің арамызда бірінші роман жазып шығарған Міржақып
Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы басылып
жарыққа шықты”, – деп жазады. Сонымен қатар, автордың бұл шығарманы
толыққанды, жанр табиғатының бар талабына жауап беретін туынды деп
қарауға болмайтынын, бірақ “…ӛз бойымызға лайықтап, мұны қазақ
әдебиетінде тәуір қызметке санаймыз”, – деп ескертуі, жанр табиғатын терең
түсінетіндігін аңғартса керек.
Арысұлы жалпы романның ауқымды шығарма екендігін, “…тұрмыс
сарынын түптеп, терең қарап, әңгімелеп, түгел түрде суреттеп кӛрсететін”
болғандықтан түсіну, игеру қиын тиетінін айта келіп, оның үшін…” ӛнер-
білім керек, одан да керегі – тәрбие. Қанша оқысақ та, тәрбиеміз кем болса,
қасиетіміз аз”, – деп қорытындылайды. Қазір бүркеншік есіммен жазылған
мақала кімдікі екендігі туралы әрқилы пікірлер болғанымен, біз мақала
авторы қазақ әдебиетінің білгірі Ахмет Байтұрсынов деп білеміз.
ХХ ғасырдың бас кезінде ауыз әдебиетінің асыл мұраларын жинап бастыру
ісі де күрт жандана бастады. Соның алғашқы қарлығаштарының бірі –
Махмұтсұлтан Тұяқбаев шығарған “Қара қыпшақ Қобыланды” жыры.
Кітаптың жарық кӛргенін “Қазақ” газеті қуана хабарлайды. Сонан соң осы
кітапқа арналған Әлихан Бӛкейхановтың мақаласын жариялады.
“Қазақтың” 1915 жылғы 126-129 сандарында жарияланған “Қара қыпшақ
Қобыланды” атты кӛлемді мақала қазақ ауыз әдебиетіне қатысты кӛп
мәселелерді қамтыған. Сондықтан да бұл – белгілі шығарма сынынан гӛрі
зерттеушілігі басым мақала. Мұнда автордың алдына қойған мақсатынан
туындайтын тӛрт мәселенің екшелгенін аңғарамыз. Бірінші – “Қобыланды”
жырының қазақ тарихымен сабақтастығына ой жіберіп, жырдың тарихи
негізіне назар аудару. Екінші – мұндай жырдың асыл арналарының кейінгі
айтушылардың кемшілігімен бұрмаланбауы, яғни атадан балаға мұра жауһар
жырдың тұнықтығын кӛздің қарашығындай сақтау мәселесі. Үшінші – кітап
шығару мәдениетіне зер салу. Тӛртінші – “Қобыланды” жыры сынды
кітаптардың ғылыми сипаттамамен, түсіндірме, сілтемелермен басылу
қажеттігін қадаға-лау. Әлихан Қобыландыны тарихи кейіпкер, ал жырдың
ӛзін тарихи жәдігер деп санайды. Сондықтан да Шәкәрім шежіресіне, Шоқан
кітабына сүйене отырып, “Қобыландының ісі ХҮІ ғасыр ортасы болуға
лайық” деп түйіндейді. Және ӛзге де тарихи жырлармен (“Едіге”, Қырғыздың
95
“Манас” жырымен) салыстыра талдап, “Қобыландының” тарихи-жәдігерлік
құндылығын бекіте түседі. Осы тұрғыдан қарай отыра жырдағы кейінгі
айтушылар қосқан “тарихқа тура келмейтін кӛп қосымшаны” анықтайды.
“Солдат, сухар, түйме, медаль, бал, шай, алтыатар – Қобыланды заманынан
кӛп бері пайда болған нәрселер. Мұның бәрін бейшара жыршы ӛзінен қосып,
жырдың кӛркем түрін бұзған”.
Мақала авторы “тасқа басылған” жырды негізсіз даттаудан аулақ. Ол
“Қобыландының” кӛркем тұстарын жырдың қазақ ӛмірі мен тұрмыс
салтының айнасы іспетті кӛркем суретті жолдары арқылы кӛрсете білген.
“Бұрынғы қазақ тұрмыс-салтының, рухани мәдениетінің исі бар ӛлеңдер
“Қобыландының” 47, 48, 52, 53, 54, 55, 60, 64, 70 һам 80-беттерінде бар. Осы
сӛздер жырды ең алғаш шығарған ақынның сӛздері бо-лар. …Қазақтар:
“Қобыландыны” шығарған кісі тегінде жақсы ақын екен” деген сӛз осы
ӛлеңдерге қарап айтылған болар”.
Әлиханның осы мақалада кітап бастыру ісін арнайы кӛңіл бӛліп
қарастыруы, ӛркениеттікке қадам басқандық белгісін танытады. Ол осы кітап
сыртындағы ат үстіндегі Қобыланды суретінің кітаптың ішкі мазмұнымен
қабыспай жатуын үлкен кемшілік деп біледі. “Ӛзі – Тайбурыл, ӛзі – қазан ат
сымдай созылатын, кітаптың басындағы сүгіретте тіпті кӛрінбейді, кітаптағы
ат – орыстың “тяжеловоз” дейтін жүк аты”. Әлихан кітап бастырушылардың
орыс кітаптарындағы суретті кӛшіріп басуын үлкен ұят, мәдениеттілік
жетіспеуінен жіберілген кемшілік санайды. Сондықтан да кітапты қайта
басқанда “Қобыланды батырдың ӛзінің сүгіретін де, атының сүгіретін де
жырдағы жазуға дәл қылып басу керек. Тайбурылды тяжеловоз боз айғырға
айырбастағанда қазақ кӛзі ұялады”, – деп, ӛз ойын әдемі жеткізеді. Жалпы
кітаптың неғұрлым әсем, кӛрікті болып шығуына, оның сапалылығына назар
аударудың ӛзі – қазақ зиялыларының ӛзге елде бар озық үлгіні бағалай
бастағанының куәсі. Ә.Бӛкейханов ӛзінің әдеби сын мақалаларының қай-
қайсысында болмасын белгілі бір шығарманың қайта басылуында ескерер
мәселелерді ерекше бӛліп айтып отырған. Бұл – Европа мәдениетінің жақсы
белгілерін жаны сүйіп ӛскен кӛшелі азаматтың биік парасатының белгісі.
Осы тұрғыдан қарасақ, Әлиханның баспадан шыққан кітаптардың, әсіресе
ел-жер тарихымен тығыз байланысты дүниелердің ғылыми сипаттамамен
шығуын ең бір қажетті нәрсе ретінде қарастыруы, кітап шығаруды жүйелі
арна ретінде қалыптастыруды кӛздеуден туған. “Қайта басқанда мұндағы
жер, су һәм кісі аттарын әліпби тәртібімен кітаптың аяғына басса, һәм
шыққанда кітаптың қайсы бетінде сӛз бар екені кӛрсетілсе, бірінші – кітап
тәрбиелі болар еді. Екінші – бұл жырдан қазақ тарихына жем іздеген
адамдарға оңай болар еді”.
96
Ә.Бӛкейханов қозғаған мәселелер – осы жырға ғана қатысты емес, кейінгі
басылар сан кітапқа бағыт-бағдар сілтеп, жӛн-жоба ұсынған нақты
бағдарлама іспеттес.
“Қазақ” газетіндегі әдеби-сыни материалдарды жинақтай келе, бір
мақалаға айырықша кӛңіл аудару қажет-ақ. Ол – “Әдебиетімізге кӛз салу”
атты мақала (“Қазақ”, 1916, N164). Мақала авторы “Н” деген, бүркеншік
есіммен қол қойған.
“Әдебиетімізге кӛз салу” кең кӛлемдегі мақала деуге болады. Мұнда
әдебиеттер байланысы, бір-біріне әсері, үйрену, тәжірибе мектебі, дәстүр мен
жаңашылдық жан-жақты сӛз болып, қазақ әдебиетінің бағыты қандай болуы
керек деген ӛткір сұрақ тӛңірегінде ой қозғалады. Қазақтың жазба әдебиеті
жаңа қалыптасып келе жатқан жас әдебиет, ендеше ол кімнен үйрену керек,
кімге қарап түзелу керек деген мәселеде автор ойы айқын. Ол алдыңғы
қатарлы Европа әдебиетінен үйрену керек деп, кесімді пікірін айтады. Бірақ
автор кӛзсіз еліктеуге қарсы. “Еліктеу сондай нәрсе, оны мүмкін қадар
есімізге кем түсірелік, бірақ басқаларға бас бүтін ермеу біз секілділер үшін
қиын іс… Еліктеу дәуірін басымыздан кешірмей кете алмаймыз”. Кӛзсіз
еліктеу неге апарып соғарын бірнеше әдебиеттерді барлай отырып кӛз
жеткізеді. Шағатай әдебиетінің араб, парсы әдебиетінің әсерімен
дәуірлегенін, бұл әдебиеттің Науаи сияқты ірі ӛкілдерінің Ширази, Сағди,
Хаям сияқты парсы әдебиеті классиктерінен кӛп үйренгеніне зер салады.
Бірақ бұндай еліктеудің үнемі жемісті бола бермесіне, Осман-түрік
әдебиетінен мысал келтіреді. “Басқалардан үлгі алып еліктеу ғатманларда
(осман-түрік. Ӛ.Ә.) күйшейгені сонша бір сыншының айтуынша ескі Бизанис
(Византия. Ӛ.Ә.) бағында серуендеп жүрген Иран қызына ұқсап қалды”.
Неліктен Европа әдебиетінен үлгі алу керек екендігіне мақала авторы
мынандай дәлел ұсынады: “Ӛйткені Европа мәдениетінің бар асылы – рух
сыны – дух критицизма; Бұл бізді жүре алмайтын түйыққа, шыға алмайтын
шыңырауға алып кетпес. Еліктеуіміз ӛлшеуден шығып бара жатса, рух сыны
бізді жана кӛзімізді ашып, қатамызды кӛрсетер. Абай әдебиетіміздің атасы
бұл жолдың қорқынышсыз біздің үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға
бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін ғараб, ғажам /парсы. Ӛ.Ә./ жолы да ашық еді”.
Автор ӛзге әдебиетке еліктей отырып, ӛзіндік негізді сақтау керектігін, ол
үшін ұлт әдебиетіне нендей нәрселер қажеттігін айқындайды. “Ұлт әдебиетін
майданға шығармақ үшін ең әуелі ӛз тұрмысымызды білмегіміз,
үйренбегіміз, һәм халық аузындағы әдебиетімізді жиып, бір тәртіпке, белгілі
сарынға салмағымыз, ӛз жұртымызды һәр жақтан білмегіміз керек”, – деп,
халық ӛмірін жетік білуге шақырады. Сонымен қатар бұнда әдебиеттің
теориялық мәселелері де сӛз болады. Автор әдеби шығарманың шындықты
ӛмірді кӛрсетуін, сонда ғана оның ұлттық сипаты айқынырақ таныларын
тұжырымдай айтады: “…әдебиет әр қашан тұрмыспен айрылмай қол ұс-
97
тасып бірге кетсін. Тұрмыстың һәрбір сазына әдебиет жаңғырық-саз
қайтарсын, халықтың һәрбір қайғысын әдебиет айнадай кӛрсетсін. Сӛздің
қысқасы әдебиет тұрмыспен берік байлаулы болсын”.
“Әдебиетімізге кӛз салу” қазақ әдебиетінің келешекте жүрер жолын
саралай келіп, әдебиет турасындағы “Қазақ” газетінің ұстанған бағытын
кӛрсетуге тырысқан мақала болғандықтан, программалық міндет атқарып,
әдебиеттің ӛрлеу, ӛсу, даму жолын бағдарлап, ұлттық дәстүрін сақтап, жаңа-
шылдығын арттыруға жӛн сілтегендей мақсатта жазылған.
Жалпы алғанда, “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті бетіндегі әдебиетке
қатысты материалдар қазақ әдебиетін қай қырынан сӛз етпесін, тӛл
әдебиетіміздің ұлттық табиғатын жоғалтпай, ӛзіндік болмысын сақтауын
кӛздегені, әдеби шығармаларды бостандық пен азаттықтың шамшырағына
айналдыруға талаптанғаны сӛзсіз.
Кӛркем туынды мен оқырман арасын жалғастырушы болған “Айқап” пен
“Қазақ” әрбір жаңадан жарияланған шығар-малар мен кітаптарға үнемі ой-
пікірін білдіріп отырды. Жекелеген жанр ерекшелігін қалың оқырманға
түсіндіруге асықты. Әдеби танымның, әдебиеттанудың ірге тасы осы
мақалаларда қаланғаны шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |