77
Блок, Фет творчестволарымен таныса, тәржіма жасай отырып, солардың
рухында ӛлең жазған Мағжан ақын қазақ поэзиясына соны сипат, европалық
үлгімен астасқан ӛзгеше ӛрнек әкелді.
Жүсіпбек
Аймауытов
әйгілі
“Мағжанның
ақындығы
туралы”
мақаласында: “Мағжан
еліктегіш ақын, Еліктеу – ақынға мін емес, қандай
кӛрнекті ақындар да алдыңғы ақындарға еліктемей жаза алмаған. Романтик
Мағжан символистерге, кейде сентименталистерге, орыс ақындарына еліктеп
жазса, бұл алданғандық, не адасқандық емес, іздену соқпағына ӛзін-ӛзі
салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекеттерінің басы
еді. Орыс поэзиясындағы сол кездегі әр түрлі
ағымдар бағытын Мағжан
жақсы бағдарлап, қазақ поэзиясына енгізген…” деп жазады. Мағжан
аудармалары ӛлеңмен ғана шектеліп қалмайды. Ол М.Горькийдің “Сұңқар
жыры”, “Жұртын сүйген жүрек” (“Старуха изергиль”), “Ана”, “Темірді
жұмсартқан ана”, “Хан мен ұлы” әңгімелерінде қазақша тәржімалады.
Мағжан романтизмінің түп тӛркіні Батыстағы Байрон, Гейне,
А.Мыцкевичтен, Ресейдегі Пушкин, Лермонтов,
Баратынский, А.Блок,
М.Горькийден келіп шығады деген Жүсіпбек пікірі шындыққа жанасымды
екенін Мағжан шығармашылығы дәлелдеп отыр.
Романтизм демекші, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде сыншыл
реализммен қабаттаса осы әдісте ӛзіндік деңгейде кӛрініс тапты. Кейінгі
кезде біз бұл әдісті тек Мағжан шығармашылығына қатысты сӛз қылып
жүргенімізбен, ол кӛптеген творчесвтолық тұлғалардың шығармашылығынан
берік орын тепті. Мәселен Шәкәрімнің кең құлашты “Еңлік-Кебек”,
“Қалқаман-Мамыр” эпикалары, Сұлтанмахмұттың “Кеш”, “Жазғы қайғы”,
“Түсімде”, “Жас жүрек” ӛлеңдері асқақ романтизмнің озық үлгілері
болып
табылады. Сұлтанмахмұттың “Жас жүрек” деген ӛлеңіндегі:
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін,
Тәтті үміттен қиялы сәуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін…
Жиіркеніп, кӛргің келмей ӛзіңді ӛзің,
Қамығып неге осынша құрыды әлің?
деген жолдар аяулы ақынның биік романтикалық шабытының бет-бедерін
айқындап тұр.
ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің дүниежүзілік әдебиетпен байланысын
айтқанда,
Мағжан
поэзиясындағы
сентиментализм,
символизм
сарындарының сол байланыс арқылы енгенін атауымыз қажет. Аударма
жасау барысында Мағжан орыс символистерінен ӛзіне жаңа ӛрнек, үлгі
іздеген.
Жаңашылдыққа, әсемдікке жаны құмар ақын ӛзі аударған
78
шығармалардан қазақ құлағына тосын естілетін жаңа тараптарды, сӛз
тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Оны әрлеп, жаңғыртып,
жандандырып оқырманына жатсынбастай етіп ұсынады.
“Қазақ әдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес,
орыстың
символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, ӛлеңді күйге (музыкаға)
айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, жаңа ӛлшеулер шығарды.
Романтизмді күшейтті, тіпті ұстартты” – деп, Жүсіпбек Аймауытов
бағалағандай, Мағжанның тӛл шығармалары, аудармалары қазақта бұрыннан
бар әдістер мен тәсілдерге символизм, сентиментализм ағымдарының
элементтерін енгізіп, европалық әшекейімен безендіре түсті.
Сонымен тәржімалар арқылы әдебиетшілеріміз
орыс және әлем
әдебиетінің озық үлгілерімен қазақ оқырманын таныстыра отырып, қазақ
тілінің мол мүмкіндіктерін де ашуға тырысты. ХХ ғасыр басында жасалған
тәржімалар әдебиетті кең ӛріске шығарып, ӛз бетімен ізденуге жол ашты.
Прозадағы сан-салалық тереңдік, суреткерлікке баса мән беріліп, ӛлеңдегі
әуезділік, ырғақ, ұйқас,
айшықтау, құбылту, бейнелеу тәрізді поэзияның
кӛркемдік құралдары жетілдіріліп, поэзия құдіретін айқындайтын әдіс-
тәсілдердің әлем әдебиеті жеткен ӛресіне бағыт ұстау қазақ әдебиетін жаңа
бір белеске шығарғандай еді.
Достарыңызбен бөлісу: