4. Тәржіма-тәжірибе мектебі
72
ХХ ғасыр басында қазақ ақын-жазушылары томаға-тұйық күйде қалмай,
жазба әдебиеті биікке кӛтерілген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне кӛз
салып, әдеби байланысқа түсе бастады. Әсіресе, орыс әдебиетінен үйрену кең
етек жайғанын жоққа шығара алмаймыз. Оның ең бір жанды кӛрінісі аударма
шығармалардың кӛптеп пайда бола бастауы болатын. Ендеше, белгілі бір
кезең әдебиетін қарастырғанда, кӛркем аударманың ӛрісіне кӛз жібермей ӛту
мүмкін емес. Ӛйткені, аударма – жазба әдебиеттің ӛскелеңдігінің белгісі. Ол
әдебиеттің биік деңгейде дамуына әсер етіп, оған ӛзінің игі ықпалын тигізіп
отырады. Аударма тӛл әдебиетпен қатар ӛседі, әрқашан да бірінің жетістігі
мен кемшілігіне екіншісі ортақ, екеуінің тағдыры үнемі тығыз байланыста
болып келеді.
ХХ ғасыр басында Ыбырай, Абай, Шәңгерей тәрізді алдыңғы толқынның
осы бір тәржімашылық қырын дамытып, тӛл әдебиетіміздің туын жоғары
ұстаған аудармашылар дүние жүзілік әдебиеттің мәңгі тот шалмас асыл
қазыналарын, тамаша туындыларын туған халқына жеткізуге ұмтылды. Олар
әлемдік әдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін қазақ сахарасына асқан
шеберлікпен таратты. А.Пушкин “Әдебиеттің ең бір ауыры, ең бір жақсы
атақ әпермейтін түрі” деп бағалаған аударма саласында Ахмет Байтұрсынов,
Шәкәрім Құдайбер-диев, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дӛнентаев, Спандияр
Кӛбеев, Бекет Ӛтетілеуов сынды шеберлер еселі еңбек етті. Бұл ретте осы сӛз
зергерлері тәржімалап шығарған “Қырық мысал” (1909), “Үлгілі тәржіме”
(1910), “Үлгі бала” (1912), “Жиған-терген” (1914), “Дубровский әңгімесі”,
“Боран”, сияқты кітаптар мен шығармалар әдебиетіміздің асыл қорына
қосылған асыл інжу-маржандар екенін айтуға тиістіміз.
Әдебиетшілер аудармаға неге кӛп қалам тартты дегенде, М.О.Әуезовтің
Абайдың аудармашылығы жайлы айта келіп: “Барлығын да ӛз жүрегіне
түсінікті, ӛз халқына жанасатын, ӛзінің әлеуметтік мұң-арманына тап келетін,
қиялына үйлесетін ерекше бір жақындығы болғандықтан аударды.
Аудармалар ақынның ӛз жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің айнасы,
толас-тынысы сияқты болады”, – деген сӛздері жауап болып табылады.
Шәкәрім, Ахмет, Бекет, Спандияр тәрізді озық ойлы әдебиетшілерді
толғандырған
заманының
залалды
мәселелері
әлемдік
әдебиет
қайраткерлерінің де мұң-арманымен астасып жатты. Сондықтанда олар
әлемдік әде-биеттегі озық үлгілі шығармаларға назар салып, ӛз кӛкейіндегі
кӛп сұраққа жауапты сол шығармалардан тапты. Сол биік кӛркемдікпен,
терең оймен, асқан шеберлікпен жазылған шығармалардағы азатшыл ойды,
күрескерлік қабілетті, рухани жан тазалығын ӛз оқырманына жеткізу үшін
қолына қалам алды. Сӛйтіп әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетінің арасына
алтын кӛпір салды.
73
ХХ ғасырдың басында “Оян, қазақ!” деп жар сала келген жазба
әдебиетімізге ӛз мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа түрлер, жанрлар қажет
еді. Оларды бірден игеріп кету, әрине, қиын болатын. Сондықтан бұрыннан
дәстүрі қалыптасқан биік межедегі ӛзге әдебиетке еліктеу қажеттілігі ӛзінен-
ӛзі келіп туды. Бірақ бұл құрғақ еліктеу емес, үйрене отырып, ӛзіндік жол
табуға ұмтылған ізденісті еліктеу еді. Ӛзге шығармаларды аудара отырып,
әлемдік әдебиетте қалыптасқан кӛркемдік әдіс-тәсілдерді игерді, тӛл
әдебиетімізді жаңа жанр, соны түрлермен молықтырды.
Абай, Ыбырай салып кеткен сара жолды жалғастыруда Абайдың шәкірт
інісі Шәкәрімнің еңбегі ӛте зор. Ақын 1908-1909 жылдары орыстың ұлы
ақыны
А.С.Пушкиннің
“Дубровский”
мен
“Боранын”
аударды.
А.С.Пушкиннің қара сӛзді шығармаларын аудару тәжірибесі бізде бұрыннан
бар болатын. Оның алғашқы талпынысы 1903 жылы жасалған-ды. Осы жылы
фольклорист, этнограф, аудармашы Молданияз Бекімов А.С.Пушкиннің
“Капитан қызы” повесін 1901 жылғы басылымнан аударып, Қазандағы
Харитоновтар баспасынан шығарды. Автор ӛз аудармасына негізінен Петр
Гринев пен Мария Миронова арасындағы махаббат хикаясын арқау етіп, оған
Пугачев қозғалысын қосып ықшамдап аударған. Сӛйтіп 48-беттік шағын
шығарма етіп шығарған.
Кейбір зерттеушілер бұл қысқарту аудармашы еркінен тыс болған нәрсе
деп біледі. 1901 жылғы “Капитан қызы” ӛзі осылай ықшамдалып шықса
керек. Аудармашы бұл кӛрнекті туындыны әрі нақты, әрі түпнұсқаға жақын
етіп беруге тырысқан. Және онда Пушкиннің негізгі мақсаты – бостандық
сүйгіш рух айқын танылады. Повесть сол кездегі қазақ оқырманына түсінікті,
қарапайым да кӛркем тілмен аударылған.
Аударма тарихын зерттеуші З.Тұрарбеков: “Ол (Молданияз Бекімов. Ӛ.Ә)
орыс әдебиетінің тарихы және кӛркемдік мәні ӛшпейтін классикалық
шығармасын қазақ даласында сӛйлету арқылы мұндай азаткерлік идеяны
насихаттайтын тӛл туындылардың тууына із салды”, – деп, азаттық ойды алға
жетелеген мән-мағынасын ашады. Бір сӛзбен айтқанда М.Бекімовтің бұл
аудармасы ӛз кезіндегі әлеуметтік-тарихи маңызы зор еңбек. Ол ӛзінен
кейінгі Пушкин творчествосына қызығушылықтың бастау кӛзінде тұрды.
Шәкәрім шығармашылығы осы бір дәстүрді әрі қарай ӛрістетті және
ӛзінше дамытып, ӛзгеше жетілдірді. “Шәкәрім арқылы орыс ақыны қыр
қазағына қыр кӛрсетпей қадірлісіндей құшағын ашады” – деп, зерттеуші
Б.Әбдіғазиев айтқандай, Шәкәрім аудармалары арқылы А.С.Пушкин таза
қазақ тілінде тӛгіліп түскен ӛлең жолдармен сӛйлеп қоя берді.
Шәкәрім аудармалары қазақ тәржімә тәжірибесіндегі ӛзгеше бір құбылыс
болып саналады. Ол Пушкиннің қара сӛзбен жазған шығармаларын ӛлеңмен
аударып, тӛл туындыдағы сюжет пен оқиға құрылымына еш зиян
келтірместен, қазақ тілінде ӛлеңмен әсерлі түрде ӛрнектеп берді.
74
Ӛлең сӛзге жаны жақын, қисса-дастандарды ұйып тыңдайтын қазақ
оқырманы қара сӛзді шығармадан дастан жазып шыққан Шәкәрім
шеберлігіне тәнті болмай тұра алмайды. Шығарма кейіпкерлері қазақы
тілмен сӛйлеп, қазақ оқырманымен еркін тілдеседі. Ақын аудармаларында
қазақ ұғымына жақын, тұрмысына сай теңеулерді, тіркестерді қолдана
отырып, тың тынысты, кӛркемдік бедері айқын шығармалар жасады. Сӛйтіп
әлемдік Пушкин аудармалары қорын қазақ елінен келіп қосылған жаңа
тұрпатты аудармалармен байытты. Қара сӛзді шығарма, ӛлең ӛрнегіне түсіп,
жаңаша құлпырды.
Шәкәрімнің орыс ақын-жазушыларының ішінен Л.Н.Толстойды қадыр
тұтып, ұстаз санағаны белгілі. “Танбаймын шәкіртімін Толстойдың” деген
сӛздері – бұған куә. Ол әсіресе ӛмірінің соңғы жылдарында Толстойдың
туындыларымен кӛбірек сырласып, рухани жақындық іздеген. Сондықтанда
оның шығармашылығына қатты кӛңіл бӛліп, ертегілерін, әңгімелерін
аударды. Орыс әдебиетінен Шәкәрім жасаған тәржімалар ХХ ғасырдың
басындағы ұлт әдебиеттерінің қа-рым-қатынасына, ӛзара әсер байланысына
келіп қосылған жаңа арна болып табылады.
Атап айтар бір жағдай қазақ аудармашылары кӛбіне мысал жанрын
аударуға ден қойды. Мысалды ӛлеңмен аударушылар да (А.Байтұрсынов,
Б.Ӛтетілеуов т.б.), қара сӛзбен баяндаушылар да (Ә.Бӛкейханов, С.Кӛбеев,
С.Дӛнентаев) болған. Ӛлеңмен аударудың хас шебері – Ахмет Байтұрсынов.
Ол И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте “Қырық
мысал” деген атпен бастырып шығарды.
И.А.Крыловтан Абайдың да аударғаны белгілі. Абай орыс ақынының
мысалдарын кӛркемдігі мен поэтикалық қуатына қарай талғай да таңдай
отырып аударса, және дәлме-дәл аударуға тырысып, ақындық жарысқа түссе,
Ахмет ӛзгеше бағыт ұстанған. Ол кӛбіне мысалдың ішкі мағына-мәніне назар
аударып, ӛз ұлтының тұрмыс-тіршілігіне жақын, ұлтының санасын оятудың
ӛзекті мәселелерін кӛтеруге жарайтын мысалдарды іріктей отырып таңдады.
Сондықтан ол тәржіма жасаған мысалдар тӛл туындыдай қабылданып, ел
азаматтарының алдына салауатты сауалдар қойып, кӛкейдегі кӛп сұраққа
жауап та берді. Ахмет үшін мысал күрескерлік жолындағы ең бір ӛтімді қару
ретінде пайдаланылды. Ӛйткені ондағы айтылар ой, тұжырымдалған түйін
қабылдауға жеңіл, әрі қызғылықты сюжет арқылы тез оқылып, есте ұзақ
сақталады. Ахаң аудармасында Крылов жасаған түйіннен алшақтап кетіп
отыратын, кейде Крыловта берілмеген тұжырымды ӛз жанынан қосып,
ӛзгеше бір қорытынды жасайтын тұстар жетерлік. Мұның себебі қалайда
ұлтын азатшылдыққа үндеген үнін жеткізуге деген ұмтылыс. М.О.Әуезов
“Қырық мысалды” “қалың қазақ жұртшылығының алғашқы естіген тӛңкеріс
рухындағы сӛзі”, - деп бағалаған. Ұлы жазушы Ахмет Байтұрсыновтың
75
И.А.Крылов мысалдарын аударғанда азаттықты, бостандықты насихаттауды
кӛздегенін және ол осы мақсат үдесінен шыға білгенін тап басып таныған.
Ахмет Байтұрсынов кӛбіне мазмұн қуып, кӛркемдік, эстетикалық
мақсұттарды сырт қалдырды деуге болмайды. Ахаң мысалдың тілдік
сапасына, ӛлең ӛрнегіне қатты кӛңіл бӛліп, кӛркемдік бейнелегіш
құралдарын әсте естен шығармаған. И.А.Крыловтан Спандияр Кӛбеевте,
Бекет Ӛтетілеуов те аударма жасағаны белгілі. Әртүрлі деңгейде аударылған
аттас мысалдар қазақ аудармашыларында кездесіп отырады. Мәселен: “Аққу,
шортан һәм шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Қасқыр мен қозы”,
“Шал мен ажал”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен кӛзілдірік” мысалдарын
Спандияр Кӛбеев те, Ахмет Байтұрсынов та аударған. Абай тәржімалаған
“Ала қойлар”, “Есекпен бұлбұл”, “Қарға мен түлкі”, “Емен мен қамыс
(шілік)”, “Бақа мен ӛгіз” мысалдарын Ахаң да аударған.
Бекет Ӛтетілеуов, Спандияр Кӛбеевтің мысал аудармалары жайлы арнайы
зерттеулерде қаралып келсе, Ахмет Байтұрсыновтың аудармашылығы енді
ғана әдебиеттану ғылымында сӛз бола бастады. Аханның сан қырлы
талантының осы бір қырына жан-жақты тоқтала келіп, Ш.Сәтбаева:
“И.А.Крыловтың қазақ тілінде, тіпті, Орта Азияда десе де артық емес,
тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді…” деп, Ахметтің “Қырық мысал”
жинағын жоғары бағалайды.
“Қырық мысалды” аударғанда Ахмет күрескерлік, ағартушылық
идеяларды алға тартуына байланысты кӛбіне еркіндеу кетіп отырса,
Лермонтов, Надсон, Жадовскаядан жасаған аудармаларында ол кӛркемдік
заңдылықтарға қайшы келмей, түпнұсқаға мейлінше жақын болуын қалайды.
Бәлкім, Ахаң бұл тұста ӛзге халықтың кӛркемдік мұрасын насихаттап, ӛзінің
туған әдебиетінің кәдесіне жарарлық үлгі-ӛнеге таратуды да кӛздеген болар.
Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас кӛркем аудармалар Мағжан қаламынан
да туған. Ӛлең аудару – жарысқа, ӛнерпаздық бәсекеге түскенмен бірдей
екенін кезінде В.Жуковский ескерткен. Ӛйткені ӛлең-жырда әр сӛзге балама
тауып қою ғана жнткіліксіз, кӛркемдік тұрғыдан да тәржіма жасап отырған
ақыныңнан мысқылдай кем түспеуің керек. Міне, осы жағынан келгенде
сүйікті Мағжан сүйсіндірмей, тамсандырмай тұра алмайды.
М.Жұмабаев тәржімаларының ауқымы ӛте кең. Ол орыс ақындарын ғана
емес, ӛзге жұрт ақындарында аударған. “Орман патшасы” ӛлеңнің астына
“Гете – Жуковскийден” деген қосымша атау келтірген. Аудармалар –
ақынның творчестволық ізденістерінің айғағы. Гетеден аударған “Айрылдым,
сенен жан сәулем” атты ӛлеңде Мағжан ұлы неміс ақынының ғашығына
арналған монологындағы трагедиялық лиризмнің шетін сетінетпей жеткізген.
Махабаттың мұңды әуезін Гейненің “Күннің батуы” ӛлеңінің аудармасынан
да сезінеміз.
76
Лермонтовтың “Сарғайып келген егін толқынданса” деген ӛлеңін аударған
Мағжан табиғат пен адам жарастығынан керемет үйлесімдік тауып, жеріне
жеткізе жырлайды. Орыс ақынының ӛлеңіндегі жанды сурет қазақ ақынының
тәржімасында түпнұсқадан кем түспестей бейнеленген.
М.Ю.Лермонтовтың “Тұтқын” ӛлеңінің аудармасы – Мағжанның орыс
тілінің небір қыр-сырын, сан құбылған иірімдерін жетік білетін және сол
тілдің қазақ тіліндегі баламаларын дәл тауып қолданатын шынайы шебер
екендігінің нақты айғағы. Жуковский айтқан ӛлең аудармасындағы хас
таланттардың дүлділ жарысын осы аудармадан тануға болады. Түпнұсқа
авторының кескінді бейнелері, жанды суреттері Мағжан аудармаларында
қазақ оқырманының кӛз алдына сол қалпы келе қалады.
Лермонтов:
Достарыңызбен бөлісу: |