Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет37/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133
 
Ғибрат ал атқан таң мен батқан күннен, 
Шықпассың адам болсаң айтқан жӛннен. 
Басыңа қайғы келсе қапа болма, 
Тарылып, назаланып шықпа діннен. 


123 
Болмайды түн күндізсіз, күндіз түнсіз, 
“Ай кірсіз”, – деген сӛз бар, – “құдай мінсіз”. 
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң бірі бар артық, кемсіз. 
 
Ақынның мұнысы жай ғана ақылгӛйлік емес, адамды, әсіресе, жастарды 
қайраттылық, қайсарлылық, шыдамдылық, беріктік сияқты ізгі қасиеттерге 
тәрбиелеу болып табылады. Бұл ұлы Абайдың “Қайғы келсе қарсы тұр құлай 
бермей” деген қайсарлық пен қайраттылыққа баулитын жігерлі ойымен 
үндестік тауып тұрған жоқ па? Екі ақын бір мәселеге екі түрлі келгенімен
заманы бір ақындар ӛмір мәнін терең түсінетіндіктен адамзатқа ортақ ой 
күйректігі тәрізді қасиеттерді жеңуге жетелейтін ақыл кеңесін әрқайсысы ӛз 
биігі тұрғысынан айтып, ұлылар ойы қашанда үндес келетінін танытады. 
Мәшһүр Жүсіптің ағартушылық ой-идеясы, тәрбиелік насихаты ӛлеңдерінде 
осылайша кӛрініс табады. 
Ақын сананың тӛңкерісі, адамдық қасиеттердің дамуы, саналы жанның 
қоғам ӛмірінен алар тұғырлы орны дейтін мәселелерге де ой толғайды: 
Бостан бос бір іс қылмай бекер тұрма, 
Біліп қал іс қылсаң теріс пе, оң ба?.. 
 
…Наданның ӛз басына қылған ісін, 
Қылмайды ақылды адам дұшпанына. 
 
Әр түрлі қылып пікір, ойлы сана, 
Ғылым, білім іздесең болдың дана… 
 
…Кісілігі жоқ жанмен үйір болма, 
Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен. 
 
Пайдасы кӛпке тисе, әне кісі, 
Ұлғаяр ӛрге басып оның ісі… 
Мағынасы терең ӛлең жолдарының оқырмандарына берер тәлім-тәрбиелік 
мәні ӛте зор. Сыртқы пішінімен де, мазмұн тереңдігімен де кәдімгі даналық 
нақыл сӛздермен қатар тұр. 
Ақын “Қазақтың қылып жүрген жұмысы” атты ӛлеңінде сол тұстағы 
қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты ел ортасына “партия” деген шоқ 
түсіп, ел арасы екіге жарылып, бүлінгендігін: 
 
 


124 
Бӛлініп жұрт екі жақ партиялап, 
Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап. 
Басқа орын босағадан тимейтін-ді, 
Бас қылып, бас жегізіп тәрбиелеп, – 
деп, жік-жік болып партияға бӛлудің астарында жатқан зымиян қулықты 
айқын аңғарады. Ақын “басқа орын босағадан тимейтінді” деген жолға 
ерекше салмақ артқан. Бұл арада ол партияға бӛлініп, топ-топ болғандарды 
басқарып жүргендердің ел ішіне іріткі салып, содырлыққа бой ұрған тентек, 
кӛрсеқызар жандар екенін меңзейді. Ал оларды сайлаушы жоғарғыдағылар 
соларды бас қылып, атқа мінер етіп күні ертең ел-жұртына қарсы айтақтамақ 
ниет ұстанып отырғанын астарлап жеткізеді. 
Сол түнде азғырушы толып жатыр
Шайтан да помагайтшы болып жатыр. 
 
Ақын “помагайтшы” деген бӛгде сӛзді келтіру арқылы қазаққа пәле болып 
жабысқан партияның түп тамыры қайда жатқанын да тамыршыдай тап баса 
кӛрсетіп отыр.
Мәшһүр ақынның кӛптеген ӛлеңдері терең философиялық толғанысқа 
толы. Олардың дені діни таныммен тығыз байланыста болып келді. Онда 
тіршілік – ғұмырдың реттеуші иесі бар екендігіне ой жіберу сарыны басым. 
Ақынның осы орайдағы кең толғанысты ӛлеңі – “Жеткізер құдай, пенде 
қылса талап”. Ӛткен ӛміріне барлай қараған ақын ақындық талант, дарынның 
тәңірден келер қасиет екенін айтады: 
 
Аузымнан қайтармаймын келген сӛзді, 
Сӛйлесін деп қойыпты тәңірім бізді. 
 
Тағы бір ӛзінің ақындық ӛнерін сӛз қылатын “Қалмай ма әлі-ақ бір күн 
Мәшһүр ӛліп” атты ӛлеңінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет