Мазмҧны кіріспе


Тәржімадан туған тӛл туынды



Pdf көрінісі
бет82/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   133
Тәржімадан туған тӛл туынды 
 
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығының сүбелі салаларының бірі – 
поэзия. Бұл – негізінен замана талабы, уақыт сұрамынан туындаған, дәуір 
жүгін арқалаған творчестволық ізденіс жемісі. Жалпы қазақ әдебиеті ХХ 
ғасырдың бас кезеңіне дейінгі аралықта жазба әдебиетте қара сӛзбен бірді-
екілі дүниелер ғана болмаса, негізінен поэтикалық туындылар арқылы 
кӛрінеді. Бұған негіз ӛлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар 
қасиеті, ойдың ұшқырлығы мен жинақылығы болса керек. Ел азаттығы 
жолындағы күрескер, білімге, “жарық күнге” үндеуші Ахмет Байтұрсынов 
ӛзінің алғашқы жүрекжарды туындыларында осынау тәсілді таңдап алуы – 
уақыт үніне сай болуды кӛздеуден туған шара. Бірақ кӛңіл аударар, назар 
салар, зерттеушілік құлықты қажетсінер бір мәселе – Ахаңның басқалардан 
ӛзгерек ӛзіндік жол табуы. Бұл – оның тұңғыш жинағының түгелдей 
аудармалардан тұруы. Орыстың атақты мысалшысы И.А.Крылов 
творчествосына зер сала үңілген ақын, оның кӛптеген шығармаларынан 
ӛзінің ділгір қажеттілігін тауып, “Қырық мысал” деген атпен аудармаларын 
1909 жылы Петерборда бастырып шығарды. Бірақ Ахаң Крылов 


225 
мысалдарына әрдайым айналып соғып отырған. 1911 жылы Орынборда 
шыққан “Маса” ӛлеңдер жинағына Крыловтан аударған үш мысалының енуі 
– бұған дәлел. 
В.Г.Белинский Крылов мысалдарын кӛркемдік қуаты мен саяси идеялық 
салмағына қарай басты-басты үш топқа бӛледі. Бірінші топтағы мысалдарда 
оқиғаны баяндап қана шығып, ақыл айтумен шектеліп отырады. Бұл ретте ол 
ақын-моралист ретінде кӛрінеді. Яғни Хемницер, Дмитриев салған дәстүрден 
ұзай қоймайды. Екінші топтағы мысалдарда – ақыл айтуды поэзия жеңе 
бастайды. Ал үшінші топтағы мысалдар – нағыз сатиралық, поэзиялық 
шығармалар
53

А.Байтұрсынов Белинский шартты түрде жіктеген осы үш топтан да 
мысалдар аударған. Бірінші топтан – он, екінші топтан – жиырма бір, үшінші 
топтан жеті мысал аударған. Оның бұлай етуіне себеп те жоқ емес. Ахметтің 
сол кезде алдына қойған екі мақсаты болды. Біріншісі – әлі де болса 
қараңғылықтың қалың ұйқысында мүлгіген ӛз халқына ой тастап, білімге 
ұмтылдыру, артта қалу себебін ашып, оның басты кесапаттарын кӛрсету. 
Сондықтан ол қазақтың ұғымына, тыныс-тіршілігіне сай, кӛркемдігі басым, 
ғибраты мол мысал үлгілерін таңдады. Сол арқылы тек жаттанды ақыл, 
құрғақ үндеумен емес, ой-сананы оятар, жұғымды да ӛтімді, үлгілі ӛлең 
жолдарымен әсер етуді кӛздеді. Сӛйтіп мысал мәтіннің толық сақталуына 
емес, оның ӛлеңдік қуатына, поэтикалық әсерлігіне басты назар аударды. 
Ахмет Байтұрсыновтың алдына қойған екінші мақсаты – халықты 
қоғамдық-әлеуметтік кӛкейкесті мәселелерді танып-білуге үндей отырып, 
азаттықтың ақ жолын аңғарту, бостандыққа ұмтылуға жӛн сілтеу. “Қырық 
мысалдағы” бұл астарлы мағынаны кезінде ӛз замандастары да жіті аңғарған. 
“Қырық мысал” қалың қазақ жұртының алғаш естіген тӛңкеріс рухының сӛзі 
еді
54
, – дейді М.Әуезов. Осы тұрғыдан алғанда Ахметтің Крыловтың екінші 
және үшінші топтағы, қоғамдық-саяси сипаттағы мәселелерді кӛтерген 
мысалдарына айрықша мән бергенін байқау қиын емес. 
“Қырық мысалдағы” шығармаларды тақырыбы жағынан үлкен екі топқа 
бӛлуге болады. Олардың бір тобы оқу-білімге, адамдық-азаматтық 
қасиеттерге үндеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, елді ынтымақ-бірлікке 
шақыруға негізделсе, келесі тобы елдің елдігін сақтау, езгіде қалған елді 
азаттыққа, бостандық жолында күресуге үндеу болып келеді. 
Ел бостандығын аңсаған, оған қол жеткізудің жолын іздеген Ахмет үшін 
Крылов мысалдарын аудару таптырмас тәсіл еді. Отаршылдық саясаттың 
озбырлығын сезе тұра, патшалық әкімдердің қанаушылық қаныпезерлігін 
кӛре тұра үндемей қалуды жӛн кӛрмей, ӛзегіне запыран болып жиналған ащы 
шындықты қалайда сыртқа шығаруға тырысқан Ахаң Крыловтан ӛзі екшеген 
“40 мысалға” жүгінді. 
Абай аудармаларын жан-жақты терең қарастырған М.Әуезов, ақын 
аудармасының ерекшелігі туралы былайша ой түйеді: “Алдыңғы ақын 
53
Белинский В.Г. Собр.соч. в трех томах. Том -2. –М., 1948 .- С.716 - 718 
54
Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы ⁄⁄ Ақ жол, 1923. 4 ақпан.


226 
сезіміне, әңгімесіне, ой толғауына сүйене отырып, ӛз ішінен де соған үндес 
қоғамдық сыр шығарып, қосыла күңіреніп, қатар шабыттанып кетеді. 
Сондықтан бұл алуандас ақындықты құр аударма деп қарамай, Пушкин, 
Лермонтов, Байрон сарынымен жазылған шығармалар деп тану керек”
55

Міне, осы бір пікір Ахмет шығармашылығын қарастырғанда негізге алынуға 
тиіс. Ахмет Крыловты аударуды мақсат тұтпай, ондағы тақырыпты, ой-ӛзекті 
ғана алып ӛзінше еркін жырлауға, қазақ ӛміріне тығыз байланыстыра 
отырып, ой айтуға ұмтылған. Ол, әсіресе, қазақ ӛміріне қатысты ділгір де 
дертті мәселелерге келгенде ӛзіндік бағыт ұстанып, негізгі желіні дамыта 
отырып, жаңғыртып, ӛз уақытына сай мысалдың ӛткірлігін арттыра түсуді 
мақсат еткенін аңғару қиын емес. 
Осы тұрғыдан алғанда “Қырық мысал” жинағындағы аудармалардың 
“Аққу, Шортан, һәм Шаян” мысалымен ашылуы Ахмет үшін белгілі бір 
мақсаткерлікті танытардай. Ол осы мысал арқылы сол кездегі қазақ 
ӛміріндегі ең бір келеңсіз жайды – бас бірліктің жоқ екендігін аса бір дертті 
мәселе ретінде кӛтерген.
“Бас-басына хан болған”, “Ортақ ӛгізден оңаша бұзауды артық кӛріп” аз 
ғана елінің басын қоспай, бытыратып жүрген ел басшыларының кесірінен 
қазақтың мүшкіл халге түскен ӛміріне назаланады ақын. Крыловта негізгі ой 
моральдық түйін арқылы мысалдың алғашқы бӛлігінде беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет