Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет100/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133
 
 


267 
Қазақтың тҧңғыш романы 
М.Дулатовтың сан қырлы саңлақ дарын екенін жоғарыда атап ӛттік. Ол – 
тек поэзияда ғана емес, шығармашылық еңбектің қай саласында болмасын 
ӛзіндік із қалдырған жан. Оның қаламынан туған кӛсем сӛздік 
(публицистика) мақалалары – ӛнімді шығармашылық саланың бірі. Олардың 
кӛбі жай ғана газеттік немесе журналдық мақалалар емес, қазақ мәдениеті, 
әдебиеті мен ӛнері, тарихы мен ғылымы жӛнінде кӛшелі ойлар айтқан ірі 
зерттеулерге пара-пар кӛлемді ізденістер болып табылады. Бұл мақалалардың 
басым кӛпшілігін Міржақып “Қазақ” газетінде қызмет істеген жылдары 
жазды. “Манап” драмасы (1914 N82), “Қазірет сұлтан” (1913 N16, 17), 
“Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов” (1914 N71, 73, 77), “Исмаилбек 
Гаспринский” (1914 N50, 81), “Ғабдолла Тоқай” (1913 N9), “Григорий 
Николаевич Потанин” (1915 N158), “Абай” (1914 N67), “Надандық құрбаны” 
(1916 N175), атты мақалалары алғаш осы “Қазақ” газетінде жарияланған. Бұл 
мақалалардың құндылығы – аталған тұлғалар мен шығармалар туралы кӛбіне 
алғашқы айтылған қомақты пікір, құнды зерттеу еңбек болып келетіндігі. 
Міржақып Дулатов – “Ұлық болсаң, кішік бол” деген халық даналығын 
бойына сіңіріп ӛскен, дархан дарын, тума талант. Ӛзі ұстаз тұтқан, қатар 
жүріп қадір қасиетіне тұшынған ағаларын халқына таныту, таныстыру 
жолында да ол алғашқы болып қызмет етті. Олардың ел алдындағы еңбегін 
үнемі дәріптеп отырды. Мұның бір айғағы – 1922 жылғы жазылған “Ахмет 
Байтұрсынович Байтұрсынов” атты кӛлемді зерттеу мақаласы. Бұл Ахмет 
Байтұрсыновтың кӛзі тірісінде оның азаматтық тұлғасын жан-жақты ашып 
кӛрсеткен, ғалымдық, шығармашылық болмыс-бітімін терең танытқан әрі 
тұңғыш, әрі ең кӛлемді мақала болып табылады. Мақала 1922 жыл 
Орынборда басылып шыққан, “Труды общество изуче-ния Киргизского края” 
атты жинақтың үшінші шығарылымында жарық кӛрген. Бүгінгі күнде Ахаң 
жайлы жазылып жатқан кӛптеген мақалалар мен зерттеу еңбектердің бастау 
кӛзі – осы мақала екені бұлтартпас шындық. 
М.Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі – прозадағы шоқтығы 
биік жанр-роман жазуы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ 
ғасырдың басында қазақ әдебиетінде прозаның шағын жанрлары новелла, 
хикая әңгімелер туып, дами бастады. Ал осы саладағы кӛлемді туынды алғаш 
Міржақыптың қарымды қаламынан қанат қақты. Ол 1910 жыл Қазанда 
басылып шыққан “Бақытсыз Жамал” романы еді. Ӛз кезегінде Міржақып 
замандастары-зиялылар, ақын-жазушылар, сыншылар А.Байтұрсынов, 
Ә.Бӛкейханов, К.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов романды әр қилы бағалағаны-
мен, оның қазақ прозасындағы кӛлемді шығарма ретіндегі тұңғыштығына, 
ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының табысы болып саналатындығына еш 
шек келтірмеген. Ендеше “Бақытсыз Жамал” – бүгінгі күнде қазақ 


268 
әдебиетінде жетекші жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған 
шығарма. 
А.Байтұрсынов 1914 жылы “Арысұлы” деген бүркеншік есіммен жазған 
“Роман не нәрсе

” деген мақаласында Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” 
туралы “Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші 
роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” 
деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты…” – десе, С.Сәдуақасов: 
“Меніңше, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” да ескермеген ескі мұраның 
бірі. Бақытсыз Жамал – сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының бірі. Оны 
бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман…”, – деп, романға замананың 
кӛкейкесті мәселесі арқау болып, ӛз кезеңіндегі ірі шығарманың бірі 
болғандығын нақты айтады. 
Ал, кӛрнекті сыншы Қошке Кемеңгеров романның жұртшылыққа кең 
тарағандығын айта келіп: “Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы”, “Бедная 
Лиза” сияқты болған”, – деген қорытынды жасайды. Кезінде қазақ 
оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы қабылдауына ие болған 
туынды қазақ прозасының дамуындағы үлкен белес болып табылады. 1914 
жылдары бұл шығарманың жанрын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы 
шыққан “Әдебиет танытқышта” басқаша пікір айтқан. “Ұлы әңгіме түрде 
қазақ тілінде басылған шығарма әзірше жоқ. Міржақыптың “Бақытсыз 
Жамалына” роман, ұлы әңгіме деп ат қойылса да, ӛресі мен ӛрісі шағын 
болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ әңгімеге (повесть Ӛ.Ә.) жақын”, – деп баға 
берді. Дегенмен М.Дулатовтың бұл шығармасы ӛзінің олқылығымен де, 
ӛзгелерден озық тұрған жетістігімен де қазақ прозасындағы алғашқы роман 
ретінде бағаланары сӛзсіз. 
Романның ӛлеңмен жазылған сӛз басында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет