Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет108/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133
Қараңғы түн, сар дала, 
Кӛрінбейді айнала. 
Боран соғып тұр борап
Жолды басқан құр сорап, 
Астымдағы жануар 
Құлағын қайшыландырып, 
Зорға борт-борт желеді, – 
 
деп, сол кездегі қазақ халқының басына түскен ұлы нәубеттен ұлтының аман 
шығарына Мағжан кӛңілі күдікпен қарайды. Лирикалық қаһарман мінген 
Қаракӛк “Зорға борт-борт” желеді. Борт-борт желіп келе жатқан ақынның 
кӛңіл күйі, ақынның ғана емес, тарихтың айрық жолы тағдырын шешпек 
халықтың кӛңіл күйі. "Ашуы ашыған у, ойы кермек" болған ақын бұдан әрі: 
Боранын тәңірі ашпады, 
Жол білінбей бастады 
Кӛрінген бір жарық жоқ, 


286 
Босаңсиды Қаракӛк… 
Сар далада адасып, 
Суық кебін жамылып 
Қаларын, кім біледі? – 
деп, қазақ халқының алған бағыты, бет бұрған күрес жолы дұрыс па, деген 
сұрақ қояды. Ақын жаны жауап таба алмайды, күмәні кӛп. “Суық кебін 
жамылып, Қаларын кім біледі?” деген күдікті кӛңілде күңіренген күрсініс 
бар. 
“Мағжанның сарыуайымға салынған, ӛмірден түңілген ӛлеңдері” деп 
айдар тағылып, қазіргі кезеңде де біржақты қаралып келген ӛлеңдерінің түпкі 
мақсаты мен мән-мағынасы терең. Олай болары қазақ халқы тарих 
доңғалағының табанында тапталып, отаршылдық озбырлығының арқасында 
санасы сартап болып, қаншама адасып, жарық күнге ұмтылған үміттері 
қаншама кесілді. Бірақ Мағжандар жаққан шырақтар сәулесін ешкімде ӛшіре 
алмады. 
Жүрегі сезімтал, ойы жүйрік ақын қазақ халқының алдында тұрған сан 
тарау жолдың қиындығын ерте сезгендей. “Жазғы жолда” деген ӛлеңіндегі: 
Айнала – ӛлім, ешбір үн, 
Жапан түзде жалғызбын. 
Перісі неге келмейді. 
Немесе: 
Жол жыландай иіріліп, 
Шаң ерініп үйірілген, 
Ешбір леп жоқ, тып-тынық. 
Аңсап есім жия алмай, 
Кӛзімнің жасын тыя алмай,
Ӛлсем екен тұншығып, – 
деген ӛлең жолдарынан ақынның нәзік жанымен астасып жатқан түйіткіл 
мұңды танимыз. Жаздың жадыраңқы суретінен де, қыстың қытмыр түрінен 
де ақын жаны тыншу таппайды. Табиғат суреті мен ел тағдырын салыстыра 
бейнелі де бедерлі сурет жасайды. “Қараңғылық қоюланып келеді” деген 
ӛлеңінде: 
Пеш ішінде шоқ ақырын сӛнеді, 
Сӛнген шоқты үріп бала күледі. 
Ой басты ма? Әлде кӛзім талды ма? 
Мӛлт-мӛлт етіп кӛзіме жас келеді, – 
 
деп, қазақ халқы үшін қараңғылықтың бұрынғыдан бетер қоюланып келе 
жатқандығына, қазақ елін жарық таңға жеткізер сәулелі үміттің алыстығына 
налиды. 


287 
Осы ӛлеңде Мағжан сан рет айтып келгеніміздей “сары уайымға салынып 
зарлап” тұрған жоқ, ақын елінің ертеңіне ой жіберген адал перзент ретінде 
шынайы ақындық сезімін жырға қосып отыр. Ол – ӛз ӛмірін халқы үшін 
құрбан еткен, барлық саналы ғұмырын елінің келешегін ойлаумен ӛткізген 
арлы азамат. Бостандықтың бозала таңын түрмек болып жүргенде 
шығармашылығы да ӛзі де қайғылы қасіретке тап болған ақын. Мағжан 
поэзиясындағы ӛршілдік пен оттылық оның ақындық жанының нәзіктігімен 
тығыз байланысты. Қазақ поэзиясында сыршылдығы жӛнінен Мағжан 
ӛлеңдері деңгейіндегі биікке кӛтерілген ақын кемде-кем. Кезінде 
С.Мұқановтың Мағжанды "ақынның ақыны” деуінде осындай бір сыр жатса 
керек. 
Біз Мағжан туралы, оның символистік (бейнешілдік) ағым-әдіс әсерінде 
жазған ӛлеңдерін батыс халқының әдебиетіндегі декаденттік ағымның 
ықпалы деп айтып та жазып жүрміз. Осы пікірдің негізгі болғанымен, тым 
жалпылама, бір жақтылау кӛрінеді. Олай дейтініміз қазақ ауыз әдебиетіндегі, 
ежелгі әдебиет үлгілеріндегі “Асан қайғы” немесе “Қорқыт” туралы аңыз-
әңгімелер мен қазақ жырауларының торығу, ӛмірден түңілу сарындағы ӛлең-
жырларын неге естен шығарамыз. Осыған байланысты қазақ әдебиетіндегі 
түңілу, торығу сарында жазылған ӛлеңнің бой кӛрсетуі біздің әдебиетіміздегі 
тосын жайт емес. Ежелгі әдебиетімізде бар, бірақ белгілі бір кӛркемдік әдіске 
айнала қоймаған құбылыс. 
Жалпы Ж.Аймауытов айтқандай, “сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі түрі 
күйректік, жылауықтық, (сентименталдық)" әдісте жазылған Мағжан 
ӛлеңдерін шартты түрде солай дегеннің ӛзінде екі топқа бӛліп қарастыру 
қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның жоғарыда талданған “Қысқы дала”, 
“Жазғы дала”, “Қараңғылық қоюланып келеді” т.б. ӛлеңдері жатады. Бұған 
басты себеп - бұл ӛлеңдердің тақырыптық, сарындық ұқсастығы, халқының 
мұңын жоқтау кӛрініс тапқандығы, оны бейнелеп де бедерлеп бергендігі. 
Бұларда жинақтық, жалпылық мұң басым. Екінші топқа Мағжанның ӛз 
басындағы қайғы қасіретпен ұштасып жатқан ӛлеңдер жатады. Бұлар: “Мені 
де, ӛлім әлдиле”, “Ой”, “Күзді күні”, “Алдамшы ӛмір”, “Альбомына”, “Жел”, 
“Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “З-ға”, “Бүгінгі күн ӛмір, ӛлім – менікі” 
т.б. жатады. 
Мағжанның “Пәниден байыз таппай, бақидан бақыт күту" тәрізді күңгірт 
ұғымда жазылған ӛлеңдерінің бірі деп жүрген туындысы - “Мені де, ӛлім, 
әлдиле”. Мағжан шығармаларын жинап, бастырушылар: “Бұл ӛлең сүйген 
жары Зейнеп, онын соң сүйікті ұлы Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан 
кейін жазылған болса керек, ӛйткені ӛлеңде періште күйінде о дүниеге 
аттанған жас нәресте, жасқа тұншығып ӛлген, “Бетінен алма қан тамған” жас 
сұлу образдары бар”, – деп, ӛлеңнің шығу тарихына түсінік береді. Осыған 
сүйене отырып ақынның жеке басындағы қайғыдан туған десек те, әйгілі 
Бальмонттың “Әлдиле, ӛлім, әлдиле” деген ӛлеңінен бағыт алғандығын 
жоққа шығаруға болмайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет