Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет105/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі 
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр. 
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр
Күн сайын артқа қарай кетіп жатыр. 
Сезінбей ӛзгенікін, ӛзінікін 
Аты ӛшкір оқығандар нетіп жатыр?
83
 
83
Жұмабаев М. Шығармалары ( ӛлеңдер, поэмалар, қарасӛздер ). –Алматы, 1989, 15 – бет. 


280 
 
Бұл ӛлең Мағжанның 17-18 жасында жазылған. Балаң ақынның осы 
алғашқы ӛлеңдерінің бірінен-ақ оның ақындық сенім-тұғырын айқын 
танимыз. Сонау бір сардаланы дүбірлеткен еркіндік кезі артта қалып, 
отаршылдықтың озбырлығында тұншығып, еріксіз надандықтың қамытын 
мойнына киген туған халқының қасіретті тағдыры Мағжанның ақындық 
жүрегін ғана емес, азаматтық ар-ұжданында қозғайды. Сондықтан да 
халқының қамын ойлап, жас жүрегі қарс айырылған ақын қара түннің 
түндігін түрер күшті қазақ зиялыларынан кӛреді. Олардың азаматтық 
намысына қамшы салып, “Аты ӛшкір оқығандар нетіп жатыр?” деп, жан 
ақаймен ұран тастайды. Ел мүддесін қорғаудың даңғыл жолын әлі де болса 
айқын аңғарып кӛре алмай тұрған ақын алдыңғы толқын қазақ зиялыларын 
тұйықтан шығар жолды іздеуге шақырады. Осы оқығандар санатына жататын 
ӛзіне де ақын үлкен міндет артып отыр. Осы міндеттен ол ешқашан шетін 
қалған емес. Және бүкіл поэзиясының темірқазығы да осы бір міндет 
аясынан орын тапқан. Ақын “алдыңғы толқынның” ізін басқан жастардың 
болашағына үмітпен қарайды. Ел тілегі, ел міндеті енді соларда. 
Сондықтанда Мағжанның сүйенері – Ахаң, Жақаң сынды қазақ 
бостандығының айнымас “ақ жолын” тапқан қазақ зиялылары, сенері ағалар 
арманын алға жетелеген, ағалар үмітін ақтауға серттескен жастар. 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты. 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін! 
Кӛздерінде от ойнар, 
Сӛздерінде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандар – балапан, 
Жайып қанат ұмтылған. 
Кӛздегені кӛк аспан. 
Мен жастарға сенемін! 
Жұмсақ мінез жібектер. 
Сүттей таза жүректер 
Қасиетті тілектер – 
Мен жастарға сенемін! 
Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға, 
Иман күшті олар да, 
Мен жастарға сенемін! 
Алаш айбынды ұраны, 
Қасиетті құраны, 


281 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемін! 
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін! 
 
Мағжанның “Мен жастарға сенемін” атты ӛлеңін түгелдей келтіруіміздің 
себебі, ақынның ұлт болашағына деген үміті, тәуелсіздікке ұмтылған 
күресшіл рухы, ұлы тілекті жүзеге асырар кӛкӛрім жастарға деген сенімі 
тұтаса келіп оның поэзиясына тән азатшыл идеяны осы ӛлең айқындайды. 
Ақын қазақ болашағына бұлдыраған сағым елес, орындалмас қияли арман 
ретінде қарамай, ұлтының ояна бастаған сана болмысынан қарап, ӛзінің де, 
ӛзгенің де сенімін күшейте түседі. Біздің ұғуымызша жастар – ояна бастаған 
ұлт санасының символы. 
Біз Мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, кӛбіне оның махаббат, 
сүйіспеншілік тақырыбына жазылған ӛлеңдері тӛңірегінде ой қозғап келеміз. 
Мағжан ӛлеңдері кӛптеген тақырыптарды қамтығаны да, сыршылдық оның 
махаббат тақырыптарына жазған ӛлеңдерінде ӛзгеше кӛрінетіні де рас. Бұған 
еш талас жоқ. Бірақ ақын махаббаттың құлы емес. Жаны нәзік ақынның 
сезімі де нәзік. Адамзат баласының сезім жүйелері арқылы түйсікпен 
бірлесетін бұл сезім ақын жанын, әрине, тербеді. Бірақ азамат ақын бұл 
тақырыптағы ӛлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Біршама осы 
жүйедегі ӛлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы 
ретінде қарайды. Ұлы күрестер жолында бойға бұла күш құяр қуат кӛзі деп 
біледі. Ұлы сезімнен жаны гүлденген ақын ұлты үшін күреске нық сеніммен 
қадам жасайды. “Жарыма” атты ӛлең, міне, осы тақілеттес сезімнен туған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет