285
ӛлеңдерінің табиғатына терең үйлестіріп, ӛзіндік үнін таныта білді. Мағжан
поэзиясының сыршылдығы мен сырлы әуезінің бар құпиясы осында жатыр.
Европа ақындарының бейнешілдік ағым-әдісінің ішкі әлемін,
сыртқы
түрін тез қабылдап, ӛзінің бағытын айқындайтын мектеп ретінде таныған
ақын туған халқының тағдырымен ұштасып жатқан терең толғанысты, мұңлы
сарындағы ӛлеңдерді кӛптеп жазды. Кӛп ретте ақынның ӛмірден түңілуі
ретінде қабылданған бұл ӛлеңдер шындығында ұлтының басына түскен
сергелдең кезеңдердің ақын жүрегінде шемен болып қатып,
поэзия арқылы
зарлы саз болып тӛгілуі еді.
Мағжанның терең толғаныс, ішкі қайшылықтың толқынысынан туған
торығу сипаты мұңлы сарындағы ӛлеңдеріне: “Мен сорлы”, “Жар”, “Жаралы
жан”, “Алыстағы бауырыма”; “Батқан күн”, “Атқан таңның жыры”, “Бүгінгі
күн ӛмір, ӛлім менікі”, “Сарғайдым”, “Ӛмір”, “Қысқы жолда”, “Жазғы
жолда”, “Жиегіңде қара орман”, “Алдамшы ӛмір”, “Күзгі күні”, “Мені де,
ӛлім, әлдиле”, және т.б. жатады. Осы ӛлеңдердің жазылу себептерін, ел
басына замана әкелген
ауыртпалықтарға тоқтала келіп, Ж.Аймауытов
Мағжанның түңілу сарынындағы ӛлеңдерінің мәнісін: “Бейнеттен қашсаң
дӛң-бекке” дегендей қайда барсақ та, кімді паналасақ та “Қорқыттың кӛрі
дегендей” қалың бұқара әркім-ақ "кӛй-кӛйді тартты. Қорқыттың қобызын
қолына алып, “кӛй-кӛйді” Мағжанда тартты.
Қазақ ашаршылық
ауыртпалықты кӛтере алмай жоғалып, құрып кете ме деген қауіп туды. Табан
тірейтін нәрсе қалмады. Жалғыз сенетіні – қызмет басындағы қазақ
азаматтары болса, ақын олардың қызметтеріне де қанағаттана алмады” – деп,
түсіндіреді. Шындық осы емес пе?! Ұлтым деп жаралы жүрегі зар жылаған
ақынның басқа жолы қалды ма?…
Елінің мұң мен зары кенеуінен асып тұрған кезеңдерде жазылған “Қысқы
жолда” деген ӛлеңінде жасырын тұрған символикалық меңзеу бар.
Достарыңызбен бөлісу: