Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет111/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133
 
Мазасы жоқ жел ерке
Оянып, ап тым ерте, 
Жорғалай басып кетеді. 
Тыныш жатқан түс кӛріп, 
Кӛлдің бетін кестелеп, 
Оны әуре етеді, – 
 
мұнда ақын желдің “ерке мінезін”, ешкімге мойынұсынбас еркіндігін баса 
жырлайды. Ӛйткені ақын жаны да сол еркіндікті аңсайды. Осы тақырыптағы 
озық үлгідегі ӛлеңінің бірі “Толқын”. 
 
Толқыннан толқын туады, 
Толқынды толқын қуады, 
Толқынмен толқын жарысад. 
Күңіренісіп кеңеспен, 
Бітпейтін бір егеспен, 
Жарысып жарға барысад… 
Сылдыр, сылдыр сылдырлап, 
Бірінің сырын бірі ұрлап 
Толқынды толқын қуады. 
Жарына бал береді, 
Береді де ӛледі, 
Ӛледі толқын, тынады, – 
Ақын тілсіз де тылсым толқынға жан бітіріп, жансыздан жанды сурет 
жасайды. Мұнда толқынның да ӛмірі мәңгі емес деген пікір жоқ. Ӛлеңнің 
ішкі сырына үңілсек, толқын ӛлімі – мәңгілікке жалғасқан ӛлім, жарына бел 


292 
беріп, рахат тапқан ӛлім, ол мың қайталанып, мәңгілікке ұласқан тынымсыз 
тіршілік. 
Мағжан – қазақ поэзиясының саздылығын, әуезділігін арттырған, соған 
кӛңіл бӛле отырып, арғысы француз, бергісі орыс символистерінің 
ӛлеңдерінен 
дәстүр 
тапқан 
ақын. 
Европа 
ақындарының 
шығармашылығындағы мӛлдір бұлақтан сусындай отырып, оны қазақ 
поэзиясының 
сұлулығымен 
үндестіре 
білген 
ақын. 
Мағжанның 
жаңашылдығын осы тұрғыдан таныған жӛн. Мағжан – қазақ поэзиясының 
жарық жұлдызы ұлы – Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанмен 
ӛзінше жол табудан әсте жалықпай, кӛп ізденген жан. Ӛлеңдеріндегі табиғат 
суреттері, оның тылсым шақтары ақын кӛңіл күйімен, мұң-қайғысымен, 
қуаныш-шаттығымен қат-қабат келіп отырады. Осының бәрі тұтаса келіп 
Мағжан суреттеп отырған дәуірдің бейнесін толық ашып береді. Сондықтан 
да бейнешілдікті ең шырқау биігінде кӛрсету үшін, ақын ӛз басындағы қайғы 
мен қасіретті, мұң-зарды халық басындағы ауыр күндермен астастыра 
жырлайды. 
Қап-қара түн. Түн баласы күңіренед. 
Күңіренумен бір-біріне үн беред. 
Сӛгінеді, сүрінеді, жығылад, 
Қара түнде кӛр кӛзімен не кӛред?! 
 
Қап-қара түн. Шегір кӛзді жындар жүр, 
Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр, 
Қайғы менен қара қанға тұншығып, 
Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр. 
 
Қап-қара түн. Уақыт ауыр ӛтеді, 
Ой артынан ойлар келіп кетеді. 
Түн баласы кӛр кӛзінен жас тӛгіп, 
Күн шығыстан бір пайғамбар күтеді. 
 
“Пайғамбар” ӛлеңіндегі осы жолдар, Мағжанды ұлтының ғана емес, бүкіл 
әлем жоқшысындай танытады. Батыс халықтарының басындағы қайғы-
қасіретті түнге, жай түн емес қап-қара түнге ұқсатуынан осыны байқаймыз. 
Қап-қара түнді жанды бейнеге айналдырған ақын оған ауыр ой ойлатады, 
“кӛзінен жас тӛккізеді”, сӛйтіп ӛлең мазмұнын тереңдетіп, қасірет 
сарынының күшеюіне күш салады. Әлемді құтқарушы – Шығыс деп, Күнді 
азаттық символына айналдырады. 
Мағжан тек ӛлеңнің ішкі мазмұнына ғана емес, сыртқы түрі мен 
сӛздерінің бейнелі қолданысына қатты назар аударған ақын екендігін 
жоғарыда айттық. Ол қандай сӛз қолданса да талғап, ой таразысынан ӛткізіп, 
ӛлеңнің ішкі-сыртқы тұтастығының сай келіп отыруын кӛздеген. Ӛйткені 
оның ӛлеңдерінен басы артық, бос сӛздерді кездестіре алмайсыз. Қай ӛлеңін 
алсаң да белгілі бір ырғақпен, әдемі әуезбен, сӛз ӛнерінің сиқырлы әлеміне 


293 
тарта береді. Сондықтан да Мағжанның “суретті, кестелі, кӛркем сӛзі” – 
ешкімге ұқсамас ӛзіндік ӛрнек. 
Мағжан ӛлеңдеріндегі сұлу сезім оның махаббат тақырыбындағы 
ӛлеңдерінен айрықша сезіледі. Ақынның мӛлдір сезімі жан сыры арқылы 
ӛріліп, ӛлең жолдарынан ӛзгеше шуақ тӛгеді.
Мағжанның махаббатты – жүрекке қуат берер, нәр берер асыл сезім деп 
бағалауы – азаттық оймен астасып кеткен ӛзгеше бір түйін. Ақынның осы 
бағытта жазған ӛлеңдерінің бірі “Сүй, жан сәулем” – махаббаттың асыл 
мұратынан, тұнық сезімінен жаралған жыр маржаны. 
Сүй, жан, сәулем, тағы да сүй, тағы да! 
Жылы тәтті у тарады қаныма. 
Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін 
Патша тағы, бүкіл дүние малына… 
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да 
Жылы тәтті у тарады қаныма. 
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін, 
Ӛтпесе түн, атпаса екен таңы да. 
 
Осы ӛлеңде ақын махабаттың бір сәттегі қызыққа, ләззатқа толы шағын 
тұмса күйінде жеткізіп, “Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, 
бүкіл дүние малына” деп, бүкіл ақыл-ойды, жан-дүниені сезім жеңген сәттің 
жанға дәру шынайы шыншыл суретін жасайды. 
Мағжанның әуезділігі күйше күмбірлеп келетін, оқыған сайын әдемі ән 
тыңдағандай мейірің қанатын ӛлеңдері жетерлік. “Жұлдызды – жүзік, Айды 
алқа ғып берейін”, “Жан жарымды бір сүйейін түсімде”, “Шолпы”, “Сүй жан, 
сәулем”, “Сен сұлу” т.б. әсем лирикалары міне осының куәсі. Мағжанның 
бұл ӛлеңдері наздылық, саздылық, әуезділік, әсемдік жағынан әлемдік поэзия 
жауһарларынан еш кем түспес сырлы дүниелер.
Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу, 
Хош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу, 
Әдемі аспан тӛбедегі кӛк шатыр, 
Асқар тауы, дариямен жер сұлу. 
Сылқ-сылқ күліп, сылдыр қаққан су сұлу, 
Кӛлге қонып, қаңқылдаған қу сұлу, 
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан, 
Күн шығарда кӛтерілген бу сұлу. 
 
“Сен сұлудағы” сүйген жарына ессіз ғашық, жарына деген пәк сезімін 
сұлу суреттермен ӛрнектеген ақынның жар сұлулығына деген “ӛзіндік” 
кӛзқарасы туған табиғаттың сұлулығымен, іштей тоғысып жатыр емес пе?! 
Ақынның мың құбылған кӛркемдік кестесіндегі лапылдаған от сезімнің 
жалынған сезіну үшін оны бір деммен оқып шығып, ыстық жүрек ынтығын 
шынайы қабылдай білу керек. Сонда ғана ажарлы асыл сӛзден жаралып, 


294 
біртұтас болып құйылып түскен сырты сұлу, ішкі иірімі мол, мағынасы терең 
жұмыр дүниенің бар болмысын тани түсеміз. 
Иә, Мағжан – қазақ поэзиясында ӛзіндік жаңашылдығы мен дәстүр 
қалыптастырған, соны ізденістері арқылы ӛзіндік ӛнерпаздығына ғана тән 
әдеби әдістер әкелген ақын. Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасыр басындағы 
поэзияға азаттық сарынды арқау етсе, Мағжан қазақ лирикасына 
сыңғырлаған нәзік әуез нәрін құйып, ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат 
алған ӛзгеше үнмен жырлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет