Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет118/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133
5. БЕРНИЯЗ КҤЛЕЕВ 
(1899-1923) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
Ақын ӛмірбаянының тұңғыш ғұмырнамашысы – ақынның замандасы
журналист Мерғали Ешмұхаметұлы. Сол кісінің деректері бойынша Бернияз 
Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтӛбе уезіне қарайтын Бӛрте 
болысының бесінші аулында (қазір Орынбор облысы) дүниеге келеді. 
Әкесі Бекен Берниязды 8 жасы да мұсылманша сауат ашу үшін ауыл 
молдаларына оқуға береді. Болашақ ақын елдегі медресе, мектептерден әуелі 
ескіше (қадымша), кейін жаңаша (жәдитше) білім алады.
Бернияз азамат қатарына қосылған соң, сол кездегі қазақ зиялыларына 
бағыт-бағдар сілтеген, саяси кӛзқарастарын қалыптастыруда шамшырақ 
іспетті болған қазақ, татар тіліндегі басылымдар “Қазақ”, “Айқап”, “Шора”, 
“Уақыт”, “Тәржіман” секілді газет-журналдармен танысып, олардан ӛзінің 
кӛп керегін табады. Орыс, қазақ, татар классиктерінің шығармаларын оқып, 
кӛңіліне кӛп нәрсе тоқиды. Сонымен бірге ӛзінің замандас ақын-жазушылары 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев шығармашылығына 
мейлінше назар аударып, ой елегінен ӛткізе оқиды. Мұнда поэзиясының 
болашақ бағытына ерекше әсер еткен М.Жұмабаев шығармашылығы 
болғандығын атап ӛткен орынды.
Ресейдегі мұсылман қозғалысы, содан қуат алған қазақ зиялыларының 
саяси күрестегі іс-әрекеті, 1916-1917 жылдардағы оқиғалар мен ӛзгерістер, 
рухани сілкіністер ақынның ой санасына қозғау салғаны анық. Бернияз елдегі 
оқуды бітірген соң, 1917 жылы күзде Орынборға барып, сондағы қазақ 
мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Бірақ ақын онда кӛп оқи алмайды. 
1918 жылғы Ресейдегі басталған азаматтық соғыс ел ішін ӛртке орап, қазақ 
даласы ақ пен қызыл майдандасқан соғыс даласына айналады. Жұрт қамын 
ойлаған ақын туған жерге оралады. Замана толқынына қақпақыл болған ел 
тірлігіне араласып, сәлде болса септігін тигізбек жолда жүреді. 
1918 жылы қызылдар жеңіп, ақтар Орынбор қаласын босатқан тұсында 
Бернияз Күлеев Орынборға келіп, қызметке араласа бастайды. Торғай 
облысының кеңестік съезінде облыстық комитетке, оқу бӛлімінің 
президиумына мүше болып сайланады. 1919 жылы Орынбор қаласындағы 
қазақ даласын басқару үшін құрылған революция комитеттің Ақтӛбе 
қаласындағы тӛтенше комисары болады. 
1920 жылы Қазақ АССР Халық ағарту комиссариаты Бернияз Күлеевті 
Қазан қаласына кӛркем әдебиет шығармалары мен оқу құралдарын бастырып 
шығарушы ӛкіл етіп жібереді. Сол жылдары Бернияздың тікелей 
басшылығымен ұлтымыздың мақтаны Абай, Ахмет Байтұрсынов, 
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев шығармалары басылып 


307 
шыққанын ерекше атап айтуға болады. Қазақ әдебиеті жаңаша даму жолына 
түскен осы бір тұста Бернияз Күлеев туған әдебиеті үшін аянбай еңбек етті, 
қазақ мәдениетінің дамуына үлкен еңбек сіңірді.
Бұл қызметті ақын ӛмірінің ақырына дейін, жауапкершілікпен атқарды. 
1923 жылы 29 қаңтарда ақын ӛмірі күрт үзіледі. Бұған жастық кездегі 
махаббат-сүйіспеншілік пен бірге, үміті алданған ақын трагедиясы себеп 
болған. Қазанда жиырмасыншы жылдары татар зиялылары ұйымдастырған 
“Шығыс клубы” деп аталатын жастардың пікір алысып отыратын үлкен 
мәдени орталығы болған. Бұл орталақ ұйымдастырған кештерге ӛзгелермен 
бірге Қазан университетінің медицина факультетінің студенті Зейнеп 
Ахмерова үнемі қатысып жүрген. Бернияз бен Зейнеп осы кештерде 
танысады. Бірін-бірі сүйген екі жас тіл табысып, отау құрмақ болады. Бірақ 
Зейнептің ата-анасы жастар шешіміне қарсы шығады. Бұл қарсылық ӛмірден 
түңілген арманшыл ғашықтардың атылып ӛлуіне алып келеді. 
Поэзиясынан ӛзінің отты жырларының ұшқынын танып, ақынды 
жанындай жақсы кӛрген Мағжан Жұмабаев Бернияз ӛліміне азалы ӛлең 
жазады. Онда: 
Жаны жалын, жаны шерлі жеткіншек, 
Күлсін саған, сӛксін мейлі кӛк есек. 
Мен сӛкпеймін, сені сонау толқынмен, 
Қан майданға неге ғана кірдің деп. 
Мен күңіренем ұлы ойлар кеп басыма, 
Жырласаң ед шомылып кӛз жасыңа. 
Тұңғиық түбіндегі тамаша 
Ӛзі-ақ кӛшіп келмес пе еді қасыңа… – 
 
деп күйінеді жас ақын ӛліміне Мағжан. 
Осылайша Бернияз Күлеев ӛз жырын тамсана оқыған қалың оқырманын
ӛзінен үлкен үміт күткен аға толқынды қайғыға батырып, бар болғаны 24 
жыл ғұмыр кешіп, кӛк ӛрім кезінде кӛз жұмады. 
Ӛмірден ерте кеткен ақынның ӛзіне соққан ескерткішіндей болып, оның 
артында мәңгілікке жалғасқан биік рухқа толы, сыршылдық пен сезім 
тоғысынан жаралған жалынды жырлары қалды. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне тұнба тұнық жыр, кӛрікті де кӛркем 
поэзияны әкелген кӛрнекті ақынды тануға, танытуға біраз зерттеушілер ӛз 
үлестерін қосты. Олар – Бернияздың ақындығын әр қырынан зерттеп жан- 
жақты танытуға лайықты үлес қосқан кӛрнекті ғалымдар Ы.Дүйсенбаев, 
Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, К.Шәменов және жас ғалым С.Жәмбеков. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет