325
“Жорық” – Бернияздың туған халқының ӛткен тарихына шолу іспетті
шығармасы. Ақын – қашанда халық ұлы. Сондықтанда ол ұлтының ұлы
арманы
бостандықты жырламай, сол бостандыққа қол жеткізер ер бейнесін
сомдамай тұра алмақ емес. Бұл – ұлы арманнан туған поэма. Ұлтының
азаттығын аңсау – ақынды осындай романтикалық шабытқа толы,
халық
поэзиясының, жыраулар толғауының құнарынан нәр алған рухы биік от-
жалын жыр тудыруға алып келген.
Ұлы мұратты айқын жырлау үшін ақын ӛзгеше тәсілге барып, ежелгі аңыз-
ертегі, эпостық шығармалар үлгісіне бой ұрған. Қырық күн ұйықтайтын
батыр, белгісіз жау мұның бәрі негізгі ойды жеткізу жолындағы шартты
нәрселер. Сондықтанда поэма
Ер ұйқысы қырық күн
Қыз қылығы қырық түн,
Ояна кетсем жоқ түк үн…
87
–
деп басталып, ӛз бойына дәстүрлі эпикалық жырлардың ең бір озық үлгідегі
кӛркемдік тәсілдері мен құралдарын жинақтаған. Бұл арада “қырық”
санының орнын тауып, қиыса қолданылуы ерекше назар аударарлық. 7, 9, 40
т.б. қасиетті сандар қазақтың дәстүрлі поэзиясында, жалпы ауыз әдебиетінде,
ұлтымыздың
ұғымында, наным-сенімінде ӛзіндік орын алады. Және
әрқайсысының қазақ ой-танымында, мәні мен маңызы бар. Мысалы, қырық
күн ұйқы батырлар жырында кӛбінесе батырдың алыптығын білдіру үшін
қолданылып, алып күш иесінің ұйқысы ұзақ болуы керек деген ұғымды
қалыптастырған. Поэмада ақын батырлар жырының осы тәсілін қолданып, ел
азаттығы жолындағы күрескерді қырық күн ұйқтатып,
сонансоң жорыққа
шығарады.
Поэмадағы лирикалық кейіпкердің (батыр) жан серігі – батырлық
жырлардағыдай семсері мен тұлпары, қанжары.
Достарыңызбен бөлісу: