Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет129/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133
Жас жолбарыс ер ұлан, 
Ерінді кӛр жау қуған, 
Ерік үшін жан қиған
Жүретін болсаң, келіңдер! 
 
Семсерімді шешпеймін, 
Тұлпарымнан түспеймін, 
Кегімді жауға кешпеймін, 
Жорықшы бол да еріңдер!


328 
 
Туған халқының азаттық алуға, ерікті ел болуға деген құштарлығы ақынға 
асқақ романтикалық шабыт, таусылмас күш-жігер құяды. 
Жалпы алғанда, “Жорық” поэмасы жаңа ӛлең үлгісінде ӛріліп, ӛршіл рухта 
жазылған кӛркем де мазмұнды туынды болып табылады. 
Бернияздың сезім мен сырға толы, тӛгіліп түскен әдемі де әсем 
поэмасының бірі – 318 жолдан тұратын “Жердің жүзі жаз еді”. Поэма 
түгелдей Абайдың “алты аяғының” үлгісімен жазылған. 
Жердің жүзі жаз еді, 
Айт келіп жұрт мәз еді, 
Қыз-келіншек күліскен. 
Енді еркін аралап
Жақын жерді жаналап, 
Салтанатпен жүріскен. 
Ызыңдаған бір жел жоқ, 
Бұлт қаптаған бір жер жоқ, 
Аспан беті тұнық ед. 
Тӛсін кӛріп ырғалып, 
Иісті гүлге бұлғанып, 
Күліп жатты дала да. 
Жауқазындай жайқалып, 
Жан біткендей шайқалып 
Сыбырласты сала да. 
 
Бұл поэма – толғаныстан туған күрделі туынды. Шығарма лирикалық 
сезім-күйге құрылып, ақын басынан ӛткен үлкен сүйіспеншіліктің сырлары 
ашылады. Поэмадағы сыршыл-сезім күйлері табиғаттың сұлу суреттерімен 
астасып, әдемі жарастық тауып, егіз ішектей ӛріліп отырады. Табиғаттың 
тұнық кӛрінісі мен әсем құбылысын астар етіп алған ақын ӛзінің жалындаған 
жастық сыры мен шешілмеген махаббат мұңын елжірей жырлап, тебірене 
жеткізген. Әсем табиғат аясында, жұрт кӛңілі шат-шадыман тұсында бір 
кездегі сүйгенін жолықтырған лирикалық қаһарман атты сезімге оранып, 
қатты толқиды. Бірақ махаббаттағы адалдықты ардақ тұтқан лирикалық 
кейіпкер сезім тізгінін тежеп, ойын хатпен білдіріп, соңғы сӛздің шешімін 
сүйгеніне қалдырады. Осы бір қайта табысқан сәтте де ӛз сезімі бір сонау бір 
кездегідей екенін білдіріп, шешуін сүйгенінен күтеді. Мұны ақын былай 
толғайды: 
Не қылсаң да ӛзің біл, 
Ӛзің сӛк те, ӛзің күл, 
Сенің толық еркің бар. 
Қашаннан-ақ ойымда 
Сенің ізгі жолыңда 
Құрбан болмақ сертім бар… 


329 
 
Осы ойды түйіндей келе ақын кейінгі болар сұмдық оқиғаны кӛзімен 
кӛргендей, әлде елес бергендей дәл суреттейді. Ӛзін тағдыр еркіне бергенін, 
соған мойын ұсынғанын шегелей айтады.
Жүрегімнің жанғанын, 
Қасық қаным қалғанын – 
Бергенше тағдыр залымда, 
Жарқыратып жанымды, 
Сарқыратып қанымды,
Ӛз қолыңмен бауызда!!! 
 
Автор ӛз шығармасында ұлтының ұрпақтан-ұрпаққа ӛсиет болып келе 
жатқан ұлы қағидасын тағы да қайталап, “Ғашықтық жолы бір басқа” екенін 
тағы дәлелдей түседі.
Поэманың басты идеясы да осыны меңзейді. Яғни сүйіспеншілік, махаббат 
сияқты мәңгілік тақырыпты сӛз ете отырып, осы сезімге деген адалдықты
пәктікті дәріптейді. Сӛйтіп ақын ӛз оқырмандарын осынау ұлы сезімге 
табындыруға ұмтылады. Соған үндейді. 
Ақынның ӛзі поэма деп атап, айдар таққан поэмасы “Қайда екен?”. Поэма 
438 жолдан тұрады. Бұл поэма да ғашықтық, сүйіспеншілік тақырыбын арқау 
еткен, асқан шебердің қолынан шыққан лирикалық шығарма. 
Тақырыбынан кӛрініп тұрғандай лирикалық дастанның желісіндегі негізгі 
мазмұн – сүйіктісінен аласапыран заманда кӛз жазып қалған лирикалық 
кейіпкердің сағынышы мен сүйгенін іздеп аласұрған жүректің ащы зары. Бұл 
– шындығына келгенде сағынышқа толы мұңлы сыр. Осы сырды ӛзек ете 
отырып, лирикалық қаһарман сонау алаңсыз, қамсыз-мұңсыз күндерді еске 
түсіріп, сол бір тәтті, сағынышты кезеңге ой жібереді, кӛз алдына елестетіп, 
тәтті қиялға беріледі. Сол бір кездің естен кетпес елестері жыр жолына сурет 
болып тӛгіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет