335
қоғамдық даму бағытына орай ӛзгеріп отыратындықтан сӛз болып отырған
әдебиет кезеңіндегі тарихи-әлеуметтік жағдайды, оның басты-басты
сипаттарын
айқындап алмай, ӛз тұсындағы қоғамдық ӛмірдің бар
құбылысын, айнадай жарқыратып кӛрсететін әдебиет жайлы сӛз қозғау
мүмкін емес.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті ӛз дәуіріндегі мәні зор үлкен
мәселелермен қоян қолтық араласып, олардың түйіткілін шешуге, сырын
ашуға ұмтылды. Бұлар қандай мәселелер дегенде алдымен ауызға ілігері
ағартушылық. Осы мәселе ӛткен ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі қай бағыт
ӛкілінің шығармашылығында болмасын бедерлі белгі беріп отырады.
Бірақ
еске тұтар бір жайт бұл ағартушылықтың ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы ағартушылықтан сәлде болса ӛзгешелігі барлығы. Ұлы ақын
Сұлтанмахмұт айтпақшы ХХ ғасырдың бас кезінде “Болғанымен оқу анық,
мақсатының“ болатын. Яғни оқу жайы (мұсылманша, орыс-қазақша) бір
шама шешімін тапқанды. Бірақ оқудағы мақсат айқын еместі. ХХ ғасырдың
басындағы әдебиетке міне, осы мақсат айқындығы, яғни оқу-білімге шақыру
ғана емес, оның ұлттық сананы оятудағы қуаты ӛзек болып тартылды.
Екінші аталмыш кезеңдегі әдебиетте күні озған әдет-ғұрыптар мен
отаршылдық озбырлық әкелген жұғымсыз кесапаттарға қарсы күрес нақты
кӛрініс тапты.
Yшіншіден, әдебиет ұлттық сананы
ояту арқылы ұлт бірлігіне, жер
иелігіне, ел тәуелсіздігіне үндеудің жаршысына айналды. Оны кӛркемдік
әдіс-тәсілдер арқылы оқырман санасына сыналай да, ашық та сіңіруге
тырысты. Мұны түрлі бағыт ӛкілдері ӛз шығармашылықтарының ӛн бойына
ӛзек етіп, әр қилы кӛркемдік шешімдер жасай білді.
Мәселен діни-ағартушылар оқу-білімге негізінен мұсылмандық оқу, оның
қадыр-қасиеті арқылы үндеп, адамдық негізді дін арқылы қалыптастыруды
кӛздеп, азатыққа қол жеткізу жолы Ресейдегі мұсылман дүниесінің бірлігінде
деп білді. Біз оқулықта мұны осы бағыттың басты ӛкілдерінің
шығармашылығына шолу жасау және Мәшhүр Жүсіп шығармашылығына
жеке-дара тоқталу арқылы байыптадық. Олардың мақсат-мұраты,
ұстанған
бағдары Мәшhүр Жүсіптің:
Достарыңызбен бөлісу: