Мазмҧны кіріспе


Мұса Молда Байзақов (1849-1932)



Pdf көрінісі
бет29/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133
Мұса Молда Байзақов (1849-1932). Түркістан ӛңірінде туып-ӛскен. Мұса 
молда шығармашылығында шығыс дәстүрі басым. Датқадан шығып
кедейленген ақын ӛмір шындығын шынайы суреттеуге ӛте бейім боп келеді. 
Бұрынғы ӛмір қалпына ӛз заманы шындығынан қарап, сын сӛзімен байыптап, 
кемшіліктерін тауып, сынай біледі. Ӛлеңдерінде сыни кӛзқарас мол кездеседі 
(“Есім аға“, “Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір 
бүлік болды“ т.б.). Мұса молда ӛлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым 
болып келеді (“Харакетке жаратқан адамзатты“, “Ғылымсыз болып 
қартайсаң“, “Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы“ т.б.). М.Байзақов – мысал 
жанрын дамытуға ӛзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“, “Жолбарыс 
пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“ т.б.). Ақынның эпикалық жанрда 
жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі елеулі 
табыс болып саналады. Поэмалары (“Ұры мен жолбарыс“, “Опасыз жар“, 
“Сұлу әйел мен молда“) кӛбіне шығыстық желіге, ауыз әдебиетіндегі аңыз 
әңгімелерге негізделіп жазылған. Мұса молда – айтыс ӛнерін дамытуға да 
үлес қосқан, әдебиетке жазба айтыс үлгісін әкелген ақындардың бірі. Оның 
“Манат қызбен айтысы“ хат арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. 
Оңтүстік ӛңірінде жиі кездесетін бұл дәстүрді Молда Мұса биік деңгейге 
кӛтерген. Ақын кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа заман“, 
“Талапты жастар“, “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы алғанда, Мұса 
Молда Байзақов – діни кӛзқарасты ӛз шығармаларында орынды пайдаланып, 
тәрбиелік мәні зор шығар-малар туғызған ӛз заманына сай ақын. 
Шәді Жәңгіров (1855-1933). Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ 
ӛңірінде туып-ӛскен. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагӛйлік 
дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен 
сюжеттерді ӛзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, 
тӛл туынды жасаған ақын. Бұл саладағы шығармаларының (“Қисса қырық 
уәзір“ (1911), “Назым Шәhир дәуіріш“ (1913), “Қисса Бәлғәм Бағур“ (1910), 
“Хайбар қиссасы“ (1913). “Хикаят халифа hәрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр 
бас кезін-дегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен 
дамуына игі әсері ӛте зор. Шәдінің тӛл тума шығармаларының (“Ресей 
патшалығында Романов нәсілінен хұқмынарлық қылған патшалардың 
тарихтары, hәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ 
халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын терме“ (1915), “Хикаят 
Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917) т.б.) ХХ ғасыр 
басындағы әдебиетте ӛзіндік орны бар. Ақын неге екені белгісіз күнделікті 
ӛмірді, қоғам жайын аз жырлап, ӛткен ӛмір мысалдары негізінде жалпы 
адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармаларды басымдау жазған. 
Оның діни-ағартушы екендігі шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде 


109 
қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан кӛрініс табады. Жастайынан 
ел басындағы ауыртпалықты кӛріп ӛскен ақын ӛзінің тӛл ӛлеңдерінде ел 
билеген әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды 
еркін сынап отырады. Оның “Бӛрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір молдаға“ 
т.б. ӛлеңдерінде ӛмір шындығы реалистік түрде кӛрсетілген. Жалпы алғанда, 
Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі эпикалық 
жанрды ӛрістетуде ерекше орыны бар.
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да 
болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек 
Сабалаұлы тәрізді ақындар кӛбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, немесе 
бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қай-қайсысында 
болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар ӛріс тауып отырған.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде діни-ағартушы 
ақындар ӛзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың шығармашылығы 
кӛлемі жағынан аса мол, жанр, түр жағынан мейлінше бай болып келеді. 
Талант, дарындары әрқилы ақындардың, ӛзіндік қолтаңбалары да әр-қилы. 
Бұларды біріктіретін басты белгі – діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-
мұраттары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет