106
Алғашқы шығармасы “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен
мәнзұмасының” ӛзінде-ақ қазақ тұрмысына тән, содан туындайтын
әлеуметтік мәселелерді ӛткір кӛтере білді.
Діни уағыз айта отырып, ӛмір
шындығынан алшақ кетпей, бақилық шындықтан фәнилік шындықтың
болмысын ашады. Алланы адамға қуат берер рухани күш деп біліп, тіршілік
тірегі іс-әрекет, ізденіс деп түсінеді. Діни-пәлсапалық түйін-дері кӛбіне
қарапайым қазақи ұғыммен астарлас болып келеді. Ӛз
дәуіріндегі қазақ
даласында қалыптасқан кейбір кертартпа әдет, теріс мінез-құлықтарды ашық
түрде ащы сынайды.
“Бар оқиға“, “Насихат“ жинақтарындағы ӛлеңдерінде пайдалы іске
ұмтылу, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дәріптейді. Дінді арамдық
істеріне бүркеу еткен екіжүзділікке қарсы болып (“Қаж хаhында“), дін
тазалығы үшін күрес жүргізуге тырысады. “Ӛнерге тағлым үшін бала берді“,
“Ӛнерге жабыспасақ іс бітпейді“, “Михнат босқа кетпес қиналсаңыз“ атты
ӛлеңдерінде
ӛнерді
дәріптеу
айқын
кӛрініс
табады.
М.Қалтаев
шығармашылығының басты тақырыптарының бірі – әйел теңсіздігі. “Сәбия
қыз“ ӛлеңі – осының нақты мысалы.
“Қазақтың айнасы“, “Біраз ғибрат сӛз“ жинақтарының ӛлеңге қойылар
талап тұрғысына сапасы ӛте жоғары. “Біраз ғибрат сӛз“ жинағындағы мысал
ӛлеңдерінің (“Есектің ойнауы“, “Аз үмітпен кӛп зарар берер“, “Бал құрты
мен шыбын“, “Жақсылыққа жамандық“, “Пақырлық пен Байлық“ т.б.)
тәрбиелік мәні зор. Мақыш – қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын дамытушы,
ӛркендетушілердің бірі.
“Тура жол“ жинағында дүние, жан, рух туралы түсініктер
діни ілім-
біліммен астасып жатыр. Ақынның қазақ тарихына кӛз жіберіп, хандар мен
тӛрелердің озбыр іс-әрекеттерін ашар тарихи деректерді алға тартуы
(“Қазақтың ханы болған тӛрелері“) – оның ӛткенге ӛзінше қарайтындығының
белгісі.
М.Қалтаев
шығармашылығына
тән
басты
ерекшелік
адамдық,
адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті қолдайтыны.
Мақыш – ӛмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы
тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім ақын.
М.Қалтаев поэзиясының
идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы кӛбіне
уақыт тынысын тап басып, замана құбылысын дәл танып, ӛз ӛлеңдерінде
күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтынынан кӛрініс табады.
М.Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың кӛрініс беріп қалатынын
жасыруға болмайды. Ақынның тіл шұбарлығына
жол беріп алатындығы да
бар. Ӛлең жолдары араб, парсы, татар тілдеріндегі сӛздермен араласып кетіп,
қазақ тіліне тән ұйқас, үндестік заңдары бұзылып отырады.
107
Жалпы алғанда, М.Қалтаев – ӛз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап,
халықты оятуға күш салып, ӛнерғылымды насихаттап,
ағартушылық
әдебиетке елеулі үлес қосқан ақын.
Достарыңызбен бөлісу: