104
қисса-дастандарды жаттап, ондағы кейіпкерлерге еліктеп, сондағы ӛсиет-
ӛнегеге тұщынып ӛскендер. Кейін құрғақ еліктеуден, мағынасыз жаттаудан
құтылып, діни ілім-білімге бой ұрып, іздегендерін дін жолынан тапқандар.
Тӛртіншіден, бұлардың кӛпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент,
Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің
классикалық үлгілерімен танысып, діни
ілімнің қыр-сырын жетік
меңгергендер болуы.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңіров, Ақылбек
Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы Шораяқтың Омары, Мәулекей
Жұмашев т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып, шығыс, ислам
сюжеттеріне шығарма жазып, нәзирашылдықты дамытты.
Олардың шығыс
сюжетінен, діни кітаптардан аударып, ӛз бетінше жазған шығарма-
дастандарын мынадай топтарға бӛлуге болады. Діни тақырыптағы қиссалар:
“Зарқұм”, “Мәлікаджар”, “Кербаланың шӛлінде”, “Сал-Сал”, “Мұхамед-
Ханафия”, “Сүлеймен пайғамбар”, “Жұм-Жұма”; Қиял-ғайып ертегі іспетті
қиссалар: “Шәкір-Шәкірат”, Сейфіл-Мәлік – Бәдіғұл-Жамал”, “Шаһмарал”,
“Абушахма”; Ғашықтық қиссалар: “Жүсіп-Зылиқа”, “Таһир-Зухра”, “Ләйлі-
Мәжнүн”, Мұңлық-Зарлық”, “Боз жігіт”; Батырлық қиссалар: “Рүстем-
Дастан”, “Кескен бас”, “Ескендір”, “Қисса Баһрам” т.б.
Міне осы шығармаларды жазған, тәржімалаған ақындарды қиссашыл
ақындар деуіміз керек. Ӛйткені оларға тән творчестволық еңбектің негізгі
ӛзегі осы қиссашылдық. Ал енді бізде қиссашыл-кітаби ақындар деген ұғым
бар. Бұл ұғым әлі күнге дейін пікір таластарға арқау болып келеді. Бұл
туралы кезінде ғалым Ы.Дүйсенбаев “Кейбір зерттеушілер “Кітаби ақын”,
“Қиссашыл ақын” деген терминдерді жиі қолданатын болып жүр. Бірақ осы
бір ұғымдардың қалайша туып, нені қамтитынын ешкім жӛнді білмейді”
38
деген болатын. Негізінде бұл топқа бұрынғыдай М.Қалтаевты,
Н.Наушабаевты, М-Ж. Кӛпеевті қосу ӛте қате болар еді. Олар – ӛзіндік стилі,
әдеби беті, бағыты қалыптасқан ақындар.
Кітаптарында кейбір арабтан,
парсыдан, татардың жазба тілінен ауысқан сӛздер жүр екен деп “кітаби”
ақын атандыру – ешбір әдеби танымға сиымсыз нәрсе. Онда “Оян, қазақты”
жазған М.Дулатовты да осы топқа жатқызуға тура келеді. Оның осы
кітабында түсініксіз сӛздер жетерлік.
Әңгіме кітаби сӛздер де емес, ақынның мақсатында. Біз ХХ ғасыр бас
кезіндегі түрлі кітаптардағы шығармаларды мейлі ол қарасӛзді болсын, мейлі
ӛлең түрінде болсын тәржімалап, немесе сол сюжетті негізге ала отырып
соған еліктеп шығарма жазған, яғни қисса-дастан тудырған, ӛзгедей
шығармашылықпен айналыспаған ақындарды кітаби-қиссашыл ақындар
деуіміз керек.
Бұларға Ақылбек Сабалұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек
38
XXғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. II том. Екінші кітап. –Алматы, 1965. – 27б
105
Шайхысламұлы т.б. жатады. Себебі олар ӛзіндік ӛлең жазып, оны кітап етіп
бастырған емес. Жәй ауыл арасындағы тіршілікте айтқандары бар шығар,
бірақ олары кӛп емес, әрі сапасы да талапқа сай емес. Олардың сіңірген
еңбегі – шығыстық үлгідегі қисса-дастандарды кӛбірек жазып қалдыруы
және оны ӛзгеше бір әдеби дәстүр, әдеби мектеп дәрежесіне кӛтеруі. Бұл
дәстүр Қазақ даласына кеңінен қанат жайған. Ол Алтайда да, Атырауда да,
Сырда да, Жетісуда да ӛз жемісін беріп, небір майталман жүйріктерді
еліктірген.
Кеңестік кездегі әйтеуір сол тұстағы идеяларға жат кӛзқарасты
айдар
тағып, ат қойып аластауды әдетке айналдырған мақсаттан туған “Кітаби-
қиссашылдықты” Мәшһүрдей, Мақыштай, Нұржандай ақындық ӛнердің,
асыл сӛздің шеберлеріне айдар ғып тағу, олардың “шекпендеріне” тарлық
жасайды. Олар – діни ағарту тұрғысынан ұлттық поэзиямыздың ӛресін биікке
кӛтеріп, әдебиет тарихында ӛзіне ғана тән ақындық қолтаңбасын қалдырған
ӛнерпаздар.
Достарыңызбен бөлісу: