125
Осындай күйге салған бір құдайым, –
деп, ӛз талантының алладан келген пәрмен екендігіне толық сенім білдіреді.
Ақынның осы аталған ой-толғау ӛлеңдерінде лирикалық кейіпкердің
жалған дүние әлемінде еркіндікке бастар
жол таппай қиналуы терең
толғаммен сипатталады.
Дүниемен болып жүрмін мен екіұдай,
Әурелік балалығым бұрынғыдай.
Қараумен ӛз бойыма күнімді ӛткіз,
Басқаға кӛз салдырма патша-құдай.
“Патша-құдайға” шын ниетімен берілген Мәшһүрдің осы ойын “Патша
құдайға” ынталы жүрекпен қарап, “ғаділетті жүректің әділетін” бұзбауға
бекінген Абайдан да кездестіреміз.
Патша-құдай сиындым,
Тура баста ӛзіңе.
Бұл екі ақынның діни-философиясындағы,
танымдық әлеміндегі
үндестікке дәлел бола алады. Осы тіркестің мәнінде жұмбақ тіршілікті
жаратушыға бірінде жалбарыну, бірінде ӛзіне деген сенімділік басым
болғанымен адамның танымдық мүмкіндіктерінің
шектеулілігін мойындау,
алла еркіне мойынсұну тұжырымы тамыр тартып жатыр. Мәшһүр Жүсіп
ӛлеңдерінің ішінде терең танымдық ой-тұжырымға толы “Тапсырдым бір
құдайға мен басымды” деп келетін “Анама хат” атты шығармасының орны
айрықша. Мұнда Жаратушыға сенген ақынның терең ойы, түбегейлі сезімі
былайша кӛрініс табады:
Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге,
Талпынар күн-күн сайын ӛнерлі ӛрге.
Ақын ӛзі мейіріміне бӛленген ұлы жаратушыға келесі жолдарда шын
ықыласпен ризашылығын білдіреді:
Ей Алла, айналайын бергеніңе,
Ғибратпен, шын ықыласпен кӛргеніңе!
Жоғарыдағы ӛлең жолдарының ӛн бойынан Мәшһүр Жүсіптің шынайы
сенім-түсінігі айқын аңғарылады.
126
Ақынның осы мазмұндас ӛлеңінің ерекше бір маңыздысы – “Мәшһүрдің
ақындығымен қоштасқаны”.
Бізді құдай бар қылып қойды жоқтан,
Құтылмаймыз тура атқан қалақ оқтан.
Жамандыққа келгенде білгіш – ақпыз,
Құлақ – саңырау, кӛз соқыр – жақсылықтан.
Осы шумақтың алғашқы жолында тіршілікті
жаратушыға деген нақты
сенім бар, яғни ақын “құдайдың жоқтан бар жасағанына” ешбір күмәнсіз.
Келесі тармақта адам тағдыры бейнелі түрде бедерленген. Ол да алланың
қолында. Демек, ӛмірді беретінде жаратушы, алатында жаратушы. Мұндағы
дүниетаным шеңбері – тағдырдың жазмышы тӛңірегіне жинақталған. Үшінші
жолда жалпы адамзат баласына тән қасиет – жақсылықтан жамандыққа бейім
тұратындығы, соған бейімшілдігі нақты берілген. Ең соңында адамның
ӛзінен адалдық, жақсылық, ізгілікті талап еткен
жоғарғы ақиқат алдындағы
дәрменсіздігі сынға алынады. Ақынның дүниетанымдық кӛзқарастары
ӛлеңдерінде осылайша кӛрініс тапқан.
Мәшһүр Жүсіп ӛлеңдерінің тағы бір саласы – жалпы ақындық болмыстың
табиғатын айқындауға, соны байыптауға арналған. Ақынның “Қазақ
жұртының осы күнгі әңгімесі” атты ұзақ ӛлеңінде ӛнерді бағалау,
эстетикалық талғам-талап пен сӛз ӛнерінің қырсырын ұғындыру мақсаты
айқын танылады.
Ар жағынан келген соң судай ағып,
Тұра алмайды ақындар ауыз бағып.
Кӛр соқырлар танымай тез екенін,
“Қисық қой” деп қор қылар отқа жағып.
Ӛлең тудыру – ақынға артар жүгі ауыр шығармашылық процесс, ол терең
дүниетанымдық қабілет пен сезімталдық қасиеттердің бірлігінен туып,
адамның жан дүниесіндегі серпілістер мен жүрек түкпіріндегі ғажайып
толқыныстар тоғысынан жаратылады. Ішіне сыймай, буырқана сыртқа тепкен
серпінді сезімнің қуат-күшін ақын еріксіз бұқтырып, тоқтатып тұра алмайды.
Мәшһүр ақын жанын осылай түсінеді. Талғамы терең азамат – ақын сӛз
ӛнерінің нәзік иірімдеріне
терең бойлағандықтан, кӛп ӛлеңдерінде әдеби
кӛркем шығармашылық қиыншылығының құпиясын кең ашуға талаптанған.
Осы сипаттағы ӛлеңдерінің ішінен “Мәшһүрдің қырық алты жасында
сӛйлеген сӛзі” атты ӛлеңінің орны ерекше. Ӛлең ”Мәшһүрден келе жатыр
ӛнер қайнап”, – деп басталады. Осысымен-ақ ол ақындық ӛнердің бар
болмысын тап басып танытады.
Іштегі терең тебіреніссіз, толқынды
127
толғаныссыз ӛлең тумайтынын, онсыз жаралған жансыз ӛлең кӛптің кӛңіліне
жол таба алмайтынын, оқырман жүрегіне жетпейтіндігін ақын ерекше атап
кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: