120
қалаған жерге “омақаны орнатып, қазық қағып“
жатқан отаршылдықтың
қиянатын кӛрсетеді. Жалғыз қазақ ұлты ғана емес, бүкіл түркі жұртының
бірлігіне шақырып, ынтымақпен қарсылық кӛрсетуді насихаттайды.
Мұның
бәрі елін сүйген алып жүректі азаматтың алда күтіп тұрған “қауіптен“
жұртын құтқарудың жолын нұсқауы еді. Бодандықтың бұғауын киген елінің
езілгеніне күйзеліп, азаттықты аңсап, бостандықтың жолын іздеп алас ұруы
еді ақынның. Ол ӛз ойын ешбір бүкпесіз, құпиясыз ашық айтады.
Отаршылдықтың бұғауын жұлып тастауға анық та айқын түрде шақырады.
Шынын айтсақ, бұл қазақ поэзиясындағы отаршылдыққа қарсы айтылған
алғашқы “тасқа басылған” жан айқай еді. “Сарыарқаның кімдікі екені“
кітабына енген “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“ атты ӛлеңі - осы ойдың
дәлелі. Онда үміт те бар, Ресей патшасының ӛз еркімен еркіндік бермесіне
күдік те бар. Ақын:
Биылғы үмітті едік ӛткен күзден,
Октябрь он жетінші деген сӛзден, –
дей келе, ойын былай қорытындылайды:
Жан-жақтан ұшпа бұлт кӛтерілді,
Қызғанып күннің кӛзін мұңлы бізден.
Келді деп басыңа от қорқытады,
Іліп ап бес-алты ауыз айтқан сӛзден.
Мұнда ақын 17 октябрь манифесі, онан соңғы Дума сайлауы және
сайлаудан кейінгі қудалау мәселесін айқын да ашық айтып отыр. Оны
әдемі
суреттермен жүрегіңде мәңгі қалардай етіп кӛркем жеткізеді.
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің азаматтық лирикасының негізгі желісі – рухани
оянуға шақыру. Оның саяси-әлеуметтік тақырыпты арқау еткен ұзақ ӛлеңі –
жоғарыда сӛз қылған “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі”. Бұл ӛлеңге
қайта-қайта оралуымыздың себебі Мәшhүр шығармасының тамыр соғысы
осы ӛлеңнен танылады. Мұнда ақын отаршылдық езгінің бедерлі суретін
беріп, рухани оянудың серпіліске, серпілістің сілкініске жеткізерін сездіреді.
Бұл ойлар қоғамдық ӛмірдің жаңа бетбұрысына
шақырған белсенді
насихатпен ұштасып жатады. Жалпы ақынның осы тектес ӛлеңдерінің кӛбін-
дегі ой-таным ұлт-азатшылдық идеямен үндес келіп оты-рады.
Достарыңызбен бөлісу: