Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет42/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   133
Қазақтың молдасы бар кӛбелектей, 
Жүреді қайда от болса тӛңіректей. 
Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз, 
Ұшады тек жел болса, ебелектей. 
 
Отты айналып ұшқан кӛбелекті бейнелеу арқылы ақын ӛлім тілеп, жемтік 
іздеген, ел қамынан ӛз қамын кӛбірек ойлайтын “Кітапты теріс оқыр” 
молдаларды келемеждейді. Қазақ халқының соры білімі аздығы екендігін 
айта отырып, осы халден ӛрісін кеңітіп, етегін кеңге жайған тұрпайы, теріс 
мінез-құлықтарды сынға алады. 
Қазақ халқының сәйгелді қуған сиыр секілденген ісінде береке жоқ тірлігін 
жаны қинала ӛлеңге қосады. Аталған мысалда ақын елінің енжар-бейжай 
қалпына қиналып, халқының кері кеткен ұнамсыз қылықтарын аяусыз әшке-
релейді. 
 
…Қазақтың хаққа мағлұм білімі азы. 
…Ӛнерден қазақ қолды ерте жуған. 
…Талап қып ұмтылмайды не керекке. 
Кӛз салып қарамайды тӛңірекке. 
 
Ӛзі ӛмір сүрген дәуір, заман легіндегі халқының рухани деңгейі мен 
мәдениетіне кӛңіл толмауы себепті талай ақындар ұлтының кейбір кесірлі 
мінездерін сынау арқылы ащы да болса шындықты айтып, тәрбиелік 
ғибратын қалдырып кеткен жоқ па?! Ғұлама Абайдың: 
 
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың – 
 
деген ӛлең жолдары осындайдан туғаны анық. Осындағы Абайдың “Жақсы 
менен жаманды айырмадың” деуінде елінің “ӛз басындағы шоқты кӛрмей, 
ӛзгенің басындағы отты кӛрген” кері кеткен мінезі мен ездігіне қайғырып, ел 
қамын ойлаған асыл азаматтың арман-тілегі жатқан жоқ па?! Сол секілді 
Мәшһүр Жүсіпте қазақ елін тұмшалаған бүкіл қараңғылық қыспағынан 
шығып, болашақтың жарық күніне ұмтылуға шақырады. 
Мәшһүр Жүсіптің тәлім-тәрбиеге бағытталған мысал-ӛлеңінің бірі – 
“Шайтанның саудасы”. Оқиға Ғайса пайғамбардың базарға бара жатқан 


134 
керуеннің басында бес есек пен он қашырға толы жүк артқан шайтанды 
кездестіруінен ӛріс алады. Оқиғаға негіз болған образдардың бірі – Ғайса 
пайғамбар, екіншісі – құдайдың қарғысына ұшыраған тылсым жауыздық пен 
зұлымдықтың бейнесі ретінде таныс, діни кітаптардағы Ібіліс, Лағын деген 
аттарымен белгілі – Шайтан. Ақын мұнда жақсылықты жасаушы мен 
жамандықты жақтаушы арасындағы сӛз қақтығысы арқылы шығарманың 
айтар ойы мен идеялық мақсатын айқындай түскен. Шайтан бейнесі арқылы 
Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев адамдар бойына үйір еткен қастық пен жауыздық т.б. 
жамандықтарды таратушы тылсым күш иесін кӛрсетеді. Сол арқылы адамдар 
арасындағы алауыздық, зұлымдық, қызғаншақтық, ӛтірік, ғайбаттық ӛркен 
жайғандығын меңзеп және ел ішінде соны таратушыларды, әзәзілдің тіліне 
ергіштерді ӛткір сынға алады. Онысы мысал жанрының табиғатына сай, 
орынды шыққан. Ақын зұлымдықтың сипатын зұлым күш иесінің ӛзіне 
айтқызады. Шайтан:
…Жұрттың тыныштық бүтінін ойламаймын, 
Саламын бас қосылған жерге бүлік, – 
 
дей келе, артқан жүгінің сипатын ӛзі саралап береді. 
Артқаным бір есекке ылғи жалған, 
Жалғанда ӛтірік жоқ мұнан қалған. 
…Жүгім бар бір есекте мекер-хайла, 
Мұнымен келтіремін үлкен пайда. 
…Күншілдік бір есекке тиеп артқан,
Жібек кендір арқанмен буып тартқан. 
Базарға мұнан бұрын кӛп барғанмын, 
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан. 
Артқаным бір есекке ӛңкей зорлық, 
Кӛрінген бір жерім жоқ ешкімге жек. 
Мастанып артқандықтан тәккапарлық 
Жүре алмай бара жатыр мынау есек. 
Мәшһүр адамдар арасында жаман қасиеттердің белең алған сипатын 
“шайтаннан қылды сауда кӛтерме алып, орнына бұлар жүрді шайтан қалып” 
деген жолдармен аша түскен. Мысал-ӛлең соңында ақын діни-ағартушы 
ретіндегі ақындық салтымен: “Дін қайда, осы күнде ғылым қайда?” – деген 
сұрақты тағы алға тартады. Осы ӛлеңде Мәшһүр Жүсіп ӛз жайына қатысты 
мынандай ой айтады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет