140
бейнелері жаңа заман ағымымен үндесіп, жастар санасын оятуда үлкен
міндеттер атқарды.
Романның
жанрлық талаптарға жауап беруі, әрине, толымсыздау. Роман
құрылымы, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді
сомдаудың шынайылығы,
кӛркемдік шындық нанымдылығы жағынан да жанр талабына толық жауап
бере алмайды. Дегенмен, алғашқы тәжірибелердің бірі болса да, жазушының
ӛзіндік
стилі қалыптасып, тілінің қарапайымдылығы арқылы ӛмірден
оқшауланбай оқырман талабымен қабысып жатады. Бұл шығармада сыншыл
реализм сипаттары басым болып келді. Роман біршама кӛркемдік,
образдылық жетістіктері нәтижесінде қазақ әдебиеті тарихынан ӛзік орнын
алған шығарма болып табылады.
С.Кӛбеевтің “Орындалған арман” шығармасында ӛмірбаяндық
оқиғалар
қазақ ӛмірінің әлеуметтік шындығымен астасып сипатталады. Бұл шығарма
мемуарлық жанрдың қазақ әдебиетіндегі бастау кӛзі десе болғандай.
Ағартушы-жазушы С.Кӛбевтің қазақ әдебиеті тарихында ӛзіндік орны бар.
Достарыңызбен бөлісу: