Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет81/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   133
 


220 
2. АХМЕТ БАЙТҦРСЫНОВ 
(1873-1938) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік қозғалыс күрт дамып, кеңге 
қанат жая бастауының басты себебі, қоғамдық ӛмірдің ӛрінде жаңа тұлғалар 
кӛзге түсіп, ұлттық сананы жаңа ӛріске бағыттауға ұмтылуында еді. 
Солардың ішіндегі ең кӛрнектісі ұлттың ұлы ұстазына, рухани кӛсеміне 
айналған ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынов болатын. Ол ХХ ғасыр басындағы 
қазақ сӛз ӛнеріндегі ұлттың ұлы рухынан нәр алған жаңа сарын – ұлт-
азатшылдық бағыттың негізін қалап, азаттықтың ақ жолын ұсынды. Оның 
осынау күрес жолындағы ел санасын серпілтер, жұрт жүрегін оятар ең әсерлі 
қаруы – әрбір қазақ оқырманының жанына жылу болып енген жалынды 
жырлары мен ӛткір де ойлы мақалалары. Ахмет Байтұрсынов – 
шығармашылық еңбектің қай саласында болмасын мол мұра қалдырып, 
қоғамдық ӛмірдегі, ұлттық тарихымыздағы ӛз орнын айқындап кеткен 
тұғырлы тұлға. Ол – тілші ғалым, ағартушы ұстаз, тәржімадан тӛл туынды 
тудырған аудармашы, кӛшелі сӛздің кӛшін бастаған кӛсемсӛзші, ӛлеңіне 
азатшыл ойды арқау еткен ақын, елінің ескіден қалған сӛзін терген ауыз 
әдебиеті үлгілерін жинаушы, сӛз ӛнерінің қисынын тауып, қиюын ойған 
әдебиеттанушы ғалым. 
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы қаңтар айының 28 жұлдызында дүниеге 
келген. Ол ӛз қолымен жазған ӛмірбаянында: “Мен Торғай уезінің Тосын 
болысындағы N5 ауыл қазағының баласымын. 1886 жылдан бастап 1891 
жылға дейін екі кластық Торғай орыс-қазақ училищесінде оқыдым. 1891 
жылдан 1995 жылға дейін Орынбор орыс-қазақ мектебінде оқыдым. 1895 
жылдан бастап Торғайдың әр жерінде, әр түрлі бастауыш училищелерде, 
ауылдық мектептерде істедім”,
51
– деп жазады.
Ахметтің 13 жасында оның кейінгі ӛмірлік мақсаты – күрескерлікті 
айқындап берген оқиға болады. Ахаңның әкесі Байтұрсын Торғай уезінің 
бастығы Яковлев пен беделді сардар Бірімжанның озбырлығына шыдамай, 
інісі Ақтас екеуі айқасқа шығады. Ауылына келіп зорлық-зомбылық 
кӛрсеткен уезд бастығын қамшымен сабап, есінен тандырады. Осының 
нәтижесінде інісі Ақтас екеуі 15 жылға бас бостандығынан айырылып, 
Сібірге каторгалық жұмысқа айдалады. Осы оқиғадан кейін санасына ерте ой 
түсірген сезім күші оны ертерек күрес жолына кестелейді.
Міржақып Дулатовтың жазуынша ол “ХХ ғ.б. Қарқаралыда тұрған кезінде 
революциялық қозғалысқа қатыса бастайды. Алғашқы кезде астыртын 
қимылдап, 
ал 
1905 
жылғы
17 қазанда жарияланған манифестен кейін қалың қазақтың кӛрнекті 
51
Архив КазПИ им. Абая. Опись -л – 1, связка №6 «Б», дело №209 


221 
қайраткерінің біріне айналады”
52
. Патша отаршылдығына қарсы күрестегі 
белсенді іс-әрекетіне байланысты А.Байтұрсынов 1909 жылы шілденің бірі 
күні Т.Шыңғысов дегеннің ұстатуымен тұтқындалып, Семей түрмесінде бір 
жыл отырып, екі жылға дейін қазақ облыстарының шекарасында тұрмауға 
шешім шығарылғандықтан, 1910 жылдың 9 наурызынан 1917 жылдың 
аласапыранына дейін Орынборда тұрады. 1913 жылдың 2 ақпанында 
Орынборда “Қазақ” газетін шығарады. Газет 1918 жылдың 16 қыркүйегіне 
дейін шығып тұрады. Ахаңның бұл тұсқа дейінгі ӛмірбаяны замандасы 
Міржақып Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов” атты 
мақаласында (орысша жазылған) жақсы айтылған. 
Ахмет Байтұрсынов Бас жазушы, Бас редакторы болған “Қазақ” атты 
тұңғыш биресми газеттің патша әкімшілігінің кӛңілінен шыға бермегендігі
қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сара жолы, ӛзіндік кӛзқарасы бар, 
саяси беті айқындалған басылым болғаны белгілі. “Қазақ” газетінің ел 
арасындағы беделін оның сол замандағы ең үлкен 8 мыңнан астам данамен 
шығуының ӛзі-ақ айқындап тұрса керек. 
“1917 жылдың соңынан 1919 жылға дейін Алашорда ұйымында істедім”, – 
деп жазады Ақаң әрі қарай ӛз ӛмірбаянында. Әрине, осынау аз сӛзді, сараң 
сӛйлемде Ахмет ӛмірінің үлкен бір кезеңі жатыр. 
1917 жылғы ақпан революциясынан кейін елдегі ұлт-азаттық саяси күрес 
күрт белең алады. Халыққа шынайы бостандық іздеген қазақ 
интеллигенциясының ӛкілдері әр түрлі партиялар мен ұйымдар құра бастады. 
А.Байтұрсыновтың осынау замана ағымындағы істерден тыс қалуы мүмкін 
емес еді. Сол тұста ұлттық теңдікті аңсаған Ахаң ӛз пікірлестерімен бірге 
“Алаш” атты партия құрып, 1917 жылдың жазынан Алашорда 
жетекшілерінің біріне айналады. Осы партияның бірінші және екінші 
съезінде ерекше еңбек етіп, “Алаш” партиясының программасына жасауға ат 
салысады. Бұл программаның жобасы алғаш “Қазақ” газетінің 1917 жылдың 
21 қарашадағы санында жарияланды.
Қазан тӛңкерісінен кейінгі қызыл тасқынға қарсы біраз тосқауыл болуға 
ұмтылған қазақ зиялыларының арпалысы айтарлықтай нәтиже бере 
қоймайды. Арпалыста ӛткен күндердің нәтижесіз бітерін сӛзген Ахаң елі 
үшін жаңа ӛкімет жағында еңбек етуге, ӛз халқына тек жақсылық, бостандық 
игіліктің келуі үшін қызмет жасауға бекінеді. Қазақ АССР-і Ағарту Халық 
комиссары болып, қазақ оқу-ағартуы мен мәдениетін кӛтерудің ең қажетті 
тұстарында ел игілігі жолындағы істерге белсене кірісіп, аянбай тер тӛгеді.
Бұдан кейінгі ӛз ӛміріндегі елеулі кезеңдері туралы Ахмет Байтұрсынов ӛз 
ӛмірбаянында былай деп жазады: “Советтердің І Бүкіл қазақстандық съезінен 
ІІ Бүкіл қазақстандық съезіне дейін ҚАССР Ағарту Халық комиссары 
лауазымында 
істедім; 
КазЦИК 
мүшесі 
болдым. Советтердің 
ІІ 
52
Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтурсынов ⁄⁄ Труды Общества изучения киргизского края. Вып. III. – Оренбург, 1922 .-С.24. 


222 
бүкілқазақстандық съезінен ІІІ Бүкілқазақстандық съезіне дейін КазЦИК 
мүшесі, сондай-ақ КазНаркомпрос жанындағы Академиялық орталықтың 
председателі болдым”. Бұдан Ахаңның әбден кесіп-пішіп, кеңестік ӛкімет 
тұсында туған халқына адал еңбек етіп, халық ағарту, ғылым мен әдебиет, 
мәдениет жолындағы еңбекке еркін кірісіп, белсене араласқандығын кӛреміз. 
1923 жылдың 28 қаңтарында Орынборда қазақ зиялыларының арасында 
тұңғыш рет А.Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойы ӛткізілді. Мерейтой 
мәжілісін сол кездегі Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің тӛрағасы 
С.Сейфуллин ашып, сол кездегі Халық Ағарту Комиссары Смағұл 
Садуақасов Ахаңның ӛмірі мен ғылыми-әдеби еңбектері жайында баяндама 
жасады. Осы мерейтой қарсаңында Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы, 
ӛмірі жайлы бірнеше құнды материалдар жарияланды. 1922 жылы 
Орынборда “Труды общества изучения Киргизского края” деген жинақта 
Міржақып Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов” деген кӛлемді 
мақаласы (ӛмірбаяндық очерк) және Елдес Омаровтың “А.Байтұрсыновтың 
ғылыми қызметі“ атты мақаласы жарық кӛреді. 1923 жылы “Еңбекші қазақ” 
газетінде Сәкен Сейфуллиннің “Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” мақаласы 
(31 қаңтар), ал “Ақ жол” газетінде Мұхтар Әуезовтің “Ахаңның елу жылдық 
тойы” атты мақаласы (4 ақпан) жарияланып, бұларда Ахметтің саяси, 
ғылыми, әдеби-шығармашылық еңбектеріне аса жоғары баға берілді.
Қазақ халқының болашағы үшін қайтпас қайсарлықпен, ересен іскерлікпен 
еңбек еткен үлкен қайраткердің үмітті асыл армандарын 1925 жылы 
Қазақстанға Ф.И.Голощекин ала келген әпербақан саясат үзді. Қазақстанда 
ӛзінің “кӛсемдік” идеяларын іске асыру үшін “кіші октябрь” саясатын 
жүргізіп, ол жолда небір сойқандыққа барған Голощекин ӛз пікіріне 
қосылмайтындарға 
қарсы 
“ымырасыз 
күрес” 
бастап, 
қазақ 
интеллигенциясының алдыңғы қатарлы ӛкілдерін жаппай жазалау саясатын 
ашықтан ашық жүргізді. 
Елімізде революцияға дейінгі интеллегенцияның кӛптеген ӛкілдері 
жазықсыз қуғындалып-жазаланған 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың 
басында Алашорданың бұрынғы жетекшілерінің контрреволюциялық тың 
деректері табылыпты-мыс деген ӛсек-аяң А.Байтұрсыновтың үстінен де 
қаптап кетті. Ол баспасӛздің сан мәрте шабуылының объектісіне айналды… 
Ақыры, Голощекин бастаған әпербақандар дегеніне жетіп, Ахаң бастаған 
қазақ зиялыларын ұстатып тынды. 
А.Байтұрсыновтың қалай ұсталғандығы жӛнінде қызы Шолпан Байсалова-
Байтұрсынова былай әңгімелейді: “Әкемді 1929 жылы 2 июньде Қызыл Орда 
қаласында ӛткен түркологтардың съезінде ұстады. Ол кезде әкем КазПИ-де 
сабақ беретін. Алматыда Красин кӛшесінде 64-үйде тұратынбыз. Содан бес 
күн хабар болмады. Ахаңның Қызылордада тұтқындалғанын апамыз Кәтез 
Абдулафарова хабарлады”. А.Байтұрсынов әуелі Алматы түрмесінде жатып, 


223 
сонан соң Архангельскіге айдалды. Ал әйелі Бадрисафа (Александра) мен 
қызы Шолпан Томскіге арнайы жер аударылды. М.Горькийдің, оның әйелі 
Пешкованың кӛмегі тиіп, Ахмет айдаудан 1934 жылы мерзімінен ерте 
босатылады. Бұдан соң, А.Байтұрсынов ешқандай қоғамдық жұмыстарға 
араластырылмайды. 
1937 жылы 8 қазанда қайта ұсталады. Ахаң ӛмірінің осы бір соңғы нүктелі 
күні туралы оның немере інісі Самырат Кәкішұлы былай деп еске алады. 
“1937 жылдың қазан айы еді. Менің теміржол техникумында оқып жүрген 
кезім, үйге келсем, Қаскелең кӛшесі, 44 үйіміздің ішінің астан-кестеңі 
шығыпты, бӛлменің ортасында еңкейіп жылап Падрес әжем отыр екен. Үйге 
кірмей жатып-ақ бір сұмдықтың болғанын білген едім…” Падрес әже: 
“Ойбай, Самырат, атаңды НКВД келіп, қара машинаға салып алып кетті. 
Қайда апара жатырсыңдар деп сұрағанымда олар маған: “о дүниеге” деп 
жауап берді деп, қатты жылай бастады. Сол кеткеннен Ахаң Қаскелең 
кӛшесіндегі 44-үйге оралған жоқ. Осы үйден Ахаңды НКВД алып кетіп, 1937 
жылы желтоқсанның 8 күні Алматыда атылған деген сӛзді естідім”. 
Міне, ӛз ұлтының рухани ой санасын ӛрістетуді, отаршылдық езгіден азат 
етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат жігерін соған арнаған ұлы тұлға 
осылайша 64 жасында еліне теңдік әперді деп ұққан Кеңес ӛкіметінің 
қаһарлы үкімінен қаза тапты. Бірақ А.Байтұрсынов кейінгі ұрпағына мың 
жыл азық боларлық мұра қалдырып кетті. 
Жоғарыда аталған ӛмірбаянында газет-журналдарда жарияланған 
еңбектерінің тізімі кӛрсетілген. Онда: 1. “Тіл - құрал” І бӛлім, Фонетика; 2. 
“Тіл – құрал”, ІІ бӛлім. Морфология; 3. “Тіл-құрал”, ІІІ бӛлім. Синтаксис; 4. 
“Әдебиет-танытқыш”; 5. “Баяншы”. Методикалық жазбалар; 6. “Тіл жұмсар”, 
І бӛлім, Практикалық грамматика; 7. “Тіл жұмсар”, ІІ бӛлім, практикалық 
грамматика; 8. “Оқу құрал” балалар әліппесі; 9. Әліппе; 10. “Сауат ашар”. 
Ересектер әліппесі; 11. “Әліппе астар”. Әліппеге методикалық нұсқау; 12. 
“Қырық мысал” – Крылов мысалдары аудармасының жинағы;
13. “Маса” – тӛл тума және аудармалар жинағы; 14. “Оқу құрал”, 
“Хрестоматия нұсқалық” деген еңбектері кӛрсетілген. 
Белгілі лингвист – ғалымның оқулықтарына профессор Т.Қордабаев 
былайша баға береді: “Ахаңның бұл оқулықтары қазақ тіл білімінің қазақ 
тілінде алғаш баяндала бастаған заманында, бұдан 75 жыл бұрын шыққанына 
қарамастан тілдік категориялардың терминдік ауытқуы жағынан да қазіргі 
еңбектермен үйлесіп, үндесіп жатады. Бұл автор тұжырымының 
ӛміршеңдігін, терең де алғыр ойдан туғандығын байқатса керек”.
А.Байтұрсыновтың қазақ лингвистикасындағы терминдік атауларды 
қалыптастырудағы еңбегі ӛз алдына бір тӛбе. Ғалым қазақ тілі 
грамматикасында қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин, 
яғни атау ұсынады. Олардың кӛпшілігі бүгінде тілімізде қалыптасып кеткен. 


224 
А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымына сіңірген еңбегі тіл білімін зерттеумен 
шектелмейді. Ол әдебиеттану саласында да ұланғайыр еңбек етті. 1895 жылы 
“Тургайская газетада” жарияланған “Киргизские приметы и пословицы” 
деген материалдардан бастап, 1923 жылы “Ер Сайын” жырын, 1926 жылы 
“23 жоқтау” атты жинақты Москвадан шығарып, алғы сӛз жазып, 
түсініктемелер берді. 
Ал, әдебиетке қатысты келелі ой-пікірлерінің бастау кӛзі 1913 жылғы 
“Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақтың бас ақыны” деген мақаласы болып 
табылады. Бұл ұлы Абай шығармашылығы туралы жазылған алғашқы 
ғылыми мақала еді. Бұл мақалада: “Қазақтың бас ақыны – Абай. Одан асқан 
бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ” деп, 
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындаған. 
А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан аса зор үлесі – 
1926 жылы басылып шыққан “Әдебиеттанытқыш” атты әйгілі еңбегі. 
Ахметтің осы кітапта тұңғыш рет қазақ тілінде түзеген анықтамалар мен 
терминдері уақыт ӛтсе де ӛз құнын жойған емес. Кейінгі әдебиет теориясы 
жайлы зерттеулер сӛз ӛнерінің негізін салған осы еңбектен арқау тартатыны 
бүгінде кӛпке аян. 
Ахмет Байтұрсыновты үлкен ақын ретінде танытатын екі жинағы бар. 
Оның бірі – 1909 жылы Петербургта жарық кӛрген “Қырық мысал” – мысал 
аудармалары. Екіншісі – 1911жылы Орынборда жарық кӛрген “Маса” атты 
тӛл ӛлеңдер жинағы. Бұл екеуі де 1922 жылы Қазаннан Б.Күлеевтің 
редакторлығымен қайта басылып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет