Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет87/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133
Таких примеров есть немало: 
Коль слабый сильному, хоть движимый добром. 
Открыть глаза правду покусится, 
Того и жди, что же с ним случится, 
что с Комаром. 
 
Ахаңда:
Мысалы қазақ малшы ұйықтап жатқан
Жыланды пәле делік аңдып-баққан. 
Пәленің түрін кӛрген мен-сарымаса, 
Халықты оянсын деп сӛзбен шаққан. 
Қос мысалшының соңғы ой-тұжырымдарынан аңғарылатындай оқиға бір, 
ой алшақ, мақсат ӛзге. Сюжеттегі оқиға желісінде де кӛптеген айырмашылық 
бар. Салыстырып кӛрелік. Крыловта: 
Пастух под тенью спал, надеялся на псов, 
Примется то, змея из-под кустов, 
Ползет к нему, вон высунувши жало. 
 
Байтұрсыновта: 
Бір малшы кӛлеңкеге келіп жатып, 
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып, 
Үстінде кӛк шалғының самал жерде, 
Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып. 
Келеді қара жылан шағайын деп, 
Қапысын ұйықтағанда табайын деп… 
Қарап отырсақ, Крыловта оқиға дамуы қарапайым, бір сарынды. Ахмет 
Крыловтың қара сӛз тектес, әңгімелеу стиліндегі жолдарын әсерлі ӛлең 
жолдарына түсіре отырып, кӛркемдігін арттырған. “Тілге жеңіл” ӛлең 
жолдары кейіпкер характерін молынан ашып, ерекшеліктерін айқындай 
түседі. “Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып” деген жолдарда малшының 
қаннен-қаперсіз, бейқам күйінің әдемі суреті жасалған. Осылай ойнақы 
басталған ӛлең жолдары келесі сәтте адамның жүрегін дір еткізеді. “Келеді 


237 
қара жылан шағайын деп, қапысын ұйықтағанда табайын деп”. Ақын 
оқиғадағы іс-әрекет дамуын бірте-бірте ширатпай, кілт ӛзгертіп жіберіп және 
үдете, үстемелей дамытады. Крыловтағы кӛп жыланның бірі ретінде алына 
салған жылан “Қара жылан” болып заһар шашса, “қапысын ұйықтағанда 
табайын деген” зымыстан ойы оны одан әрі зәрлендіре түседі. Ахаңның 
оқиғаны күрт ӛрбітіп, кӛркемдік суретті қоюландыра түсуінің себебі 
түсінікті. Ұйқыдан мәңгілік оянбауын діттеген, соны жүзеге асыруды 
кӛздеген қатерлі жаудың қаскӛй әрекеті мен залым ойын халқына жеткізу. 
Масаны ұрып түсірген соң, оқиға Ахаң мысалында ӛзгеше бір қисынға бет 
бұруы осыдан. Сӛзіміз дәлелді болу үшін тағы да мысалдарға жүгінейік: 
Крылов:
 
Проснувшися, Пастух змей убил; 
Но прежде Комара спроснья так хватил, 
Что бедного его как не бывало. 
 
Байтұрсынов: 
Ұйқысын малшы оңды ашпай тұрып, 
Ӛлтірді шағып тұрған Масаны ұрып. 
Кӛтеріп жерден басын біраздан соң, 
Қарады жан-жағына мойнын бұрып. 
Жыланды кӛрген шақта малшы ӛкінді, 
Достығын сары масаның сонда ұғып. 
Крылов мысалы Малшыға Жыланды ӛлтіртсе, Байтұрсынов оқиғаны 
Малшының ӛкінішімен аяқтайды. Мұның себебі, Ахмет назары бейқам 
ұйықтап жатқан Малшыны қатерден құтқарған Сары маса тағдырына түскен. 
Ол жебеушісін танымай, достықты қастық кӛрген ұйқыдағы малшы 
наданның ісіне налыса, жӛн сілтеп, қатерді кӛрсеткен әлсіз болса да адал 
достың аянышты халіне қабырғасы қайысады. Сондықтан да: 
Сӛзімнің сӛкпеңіздер шолақтығын, 
Демеңдер сӛз жазуға олақтығын. 
Жыланды Малшы кӛріп болғаннан соң, 
Келмеді бір-біріне жолатқызғым, – 
 
деп доғарады. 
Ақын Сары маса мен Малшы оқиғасынан ӛз заманының шыншыл суретін 
танып, “Пәленің түрін кӛрген мен – Сары маса, халықты оянсын деп сӛзбен 
шаққан”, – деп түйеді. 


238 
“Қырық мысалда” жазған Сары маса туралы хикая ақынның кейінгі 
кітабының атын алып, оның тынымсыз тірлігі сол кітаптағы бүкіл идеяның 
алтын тамырына айналды. 
Ахмет туындыларын тӛл дүниеміз ретінде тануымызға толық хақымыз 
бар. Ӛйткені олардың мазмұны Крыловтікі болғанымен, ой сонылығы, 
баяндау әдісі, құрылысы, табиғаты тыңнан табылған тӛл шығармадай етіп 
жазылған. Осы тұста ежелгі орыс әдебиетін зерттеуші-академик 
Д.Лихачевтың ӛзге жұрттан ауысқан аударма жәдігерлерді орыс 
мәдениетінің ірге ажырамас бір бӛлшегі ретінде қарастыруын еске ала кеткен 
орынды. Ол былай деп жазады: “Так называемая переводная литература была 
органическая частью национальных литератур; и она не имела четких 
границ, отделяющих ее от литератур оригинальной. Переводчики и писцы по 
большей части были соавторами и соредакторами текста”
66

Крылов мысалдары түпнұсқада поэзиялық шығарма емес. Ол жайында 
М.Әуезов былай дейді: “Орыс әдебиетінде мысал (басня) ӛлең (стих) емес. 
Ол ӛзі бӛлекше жанр. Оның жол ӛлшеулері ӛлеңге тән ӛзгешеліктей болып, 
шумаққа да бӛлінбейді. Әр кезде сӛйлеп айтатын ауызша әңгіме, халықтық 
әңгіменің нақышты, ырғақты, қара сӛзіне бейім келеді. Қысқа қайырылған, 
ӛте мазмұнды жауаптасу, қағысулар оқиғалы желіге құрылады”.
67
Осы ерекшеліктерді орыс зерттеушілері де атап ӛтеді: Басня 
рассматривалась Крыловым как жанр, произносимый, “разговорный и 
обращенный к слушателю, к широкой и разнообразной аудитории, 
П.Вяземский писал о том, что Дмитриев пишет басни свои, Крылов их 
рассказывает”
68
.
Ал Крыловты аударған қазақ аудармашыларының бәрі, оның ішінде 
А.Байтұрсынов та, оның осы ерекшелігін сақтамаған. Қазақша аударғанда 
орыс әдебиетінің ӛзіндік ерекшелігі бар жанры қазақша бӛлекше сипат алып 
шыға келеді, тіпті баяндау, жеткізу формасының ӛзі ӛзгеріске ұшыраған. 
Крылов жайында пікір толғаған сыншы Белинский оның мысалдарын 
ешқандай да шет жұрт тіліне аудару мүмкін емес, оларды тек қайта жасауға 
болады деп білген
69

Демек, Эзоп, Федр, Бабрий, Лафонтен, соның ішінде Крылов мысалдары 
аударылғанда сол халықтың тӛл туындысына айналып кетіп отырады. Осы 
тұста Белинскийдің Крылов туралы тағы да бір пікірін келтіре кетейік: “Ол 
ӛзінің кейбір мысалдарының мазмұнын Лафонтеннен алғанымен, оны 
аудармашы деуге болмайды, ӛйткені оның таза орыстық табиғаты барлығын 
орыстық түрге қайта ӛңдеп, орыстық рухтан ӛткізген”
70
, – дейді. Ендеше, 
Белинскийдің осы пікірі Крылов мысалдарын аударған Ахметке де қатысты 
айтылғандай. Ахмет мысалдарды қазақ халқының даналыққа толы ой-сана 
сүзгісінен ӛткізіп, ӛзіне дейінгі әдебиет үлгілерінің бай дәстүрінің ең 
ыңғайлы, ең ӛтімді формасымен жырлаған. Сондықтан да, Ахмет – ақын 
66
Лихачев Д. С. Избранные работы в трех томах. Т. 1. – Ленинград, 1987. – С. 44.
67
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1958 .- 216 б.
68
Степанов Н. «И.А. Крылов» в книге Крылова И.А. Сочин. в 2- томах. Т. 1. –М., 1969. – С.30.
69
Беленский В. Г. Собр. Соч. В 3- томах. Т. II. – С. 714.
70
Белинский В. Г. П.С.С. Изд-во АН СССР. Т.4. –М., 1955. – С.151. 


239 
Крылов мысалдарын қазақтың тӛрт жолдан тұратын он бір буынды қара 
ӛлеңімен қайта жазып шығарған. Бұл – бірінші және ең басты ерекшелігі. 
Яғни Крыловтық әңгімелеу, диалогтық құрылымға поэзиялық әр беріп, 
образға жан бітірген. 
Екіншіден, 
Байтұрсынов 
ӛз 
аудармаларында 
Крылов 
ұсынған 
композицияларды сақтай бермейді. Бұл әсіресе мысалдың басталуы мен 
аяқталуынан айқын кӛзге шалынады. Сондықтан да Ахмет мысалдарында 
жалпы ой жетекке алынып, сақталынғанымен, сипаттау, баяндау тәсілі 
ӛзгеше. Оған нақты дәлел - “Кісі мен Аю” мысалы. Жол сандары да қарайлас, 
Крыловта - 61, Ахметте – 68. Оқиғаның дамуы да, шарықтауы, шешімі, 
аяқталуы – бәрі ұқсас. Бірақ Байтұрсынов мысалының басты екі 
айырмашылығы бар. Алдымен, мысал мазмұнын қазақ құлағына сіңісті ертегі 
тектес уақиға етіп жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет