Мазмҧны кіріспе


Ақын ӛлеңдеріндегі азатшыл сарын



Pdf көрінісі
бет90/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   133
Ақын ӛлеңдеріндегі азатшыл сарын 
 
Ӛз ұлтының енжарлығы мен жалқаулығы, ӛнер-білім іздеп сілкінбеуімен 
күрескен А.Байтұрсынов ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде ұлт-
азатшыл бағытты бастаған тӛл поэзиясында аударма арқылы насихаттаған 
ойларын айқындай түсіп, ӛршіл де тӛңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар 
туғызады. Сӛйтіп, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың бастауы іспетті “Маса” 
жинағы 1911 жылы дүниеге келді. Ол – Ахметтің ақындығын кеңінен паш 
етіп, ӛз тұсындағы қазақ ақындарының алдыңғы қатарына шығарған туынды. 
Ахмет Байтұрсынов поэзиясы азатшылдық рухымен дараланады. Ол ақын 
ретінде қазақ поэзиясына күресшілдік сарын әкеліп, азаттық жырдың озық 
үлгісін шашты. Оның ӛлеңдерінің ұлт-азатшыл рухы-мәңгілік жоғалмас 
ақындық үлгі болып қала бермек. 
75
Литературная критика. 1800-1820 – х годов. М., 1980. – С.75.


244 
Ахмет ӛлеңді тікелей шығармашылықпен айналысқысы келіп, не болмаса 
ақындық атқа ие болу үшін жазбаған. “Жеті қырлы, бір сырлы” Ахметтей 
тұлғаның қадір-қасиетін, сыр-сипатын айқындай түсетін оның ақындық 
ӛнері-замана шындығынан, ӛмір талабынан туған құбылыс. Мұны ол ашық 
айтқан: 
 
Мен жазған кеңес, 
Мақтаныш емес, 
Ат шығармақ ақындық. 
Молда жоқта, молдалық, 
Ер батқанда, жорғалық
76

 
Осыдан кӛрінетіндей ақын туа біткен табиғи талантын ӛзінің алдына 
қойған мақсаты – саяси күрес пен ағартушылық қызметіне ұштастыра білген. 
Сӛйтіп оның ӛлеңдері ең алдымен күрес құралы ретінде халқының 
бостандығы жолындағы үн-жарияға айналған. Ахмет поэзиясының осы 
қасиетін бұрынғы, кейінгі зерттеушілер тап басып тани білген. 
1911 жылы Орынборда басылып шыққан “Маса” жинағындағы ӛзгеше 
сарынды, азатшыл рухты қазақ әдебиетін зерттеушілер 20-жылдарда-ақ 
танығанды. Сол тұстағы әдеби айналымдағы Ахмет творчествосы туралы 
пікірлердің жиынтығы Әмина Мәметованың “Кӛркем әдебиет туралы” 
мақаласында берілген. Әмина Ахаң творчествосын орыстың революционер-
демократы Чернышевский творчествосымен қатар қойып: “Ахаңды мақтайын 
деуден аулақпын. Бірақ тарихтан тиісті орнын берейік дегім келеді. Ахаң 
әдебиетімізге жұмыс етпеді ме? Қолыңнан келгенінше заманына қарай 
жалтыраған түймесін жұлып тастап, құл болған, теңдіксіз болған, жұрт екен 
деп есепке алынбаған қазақ жұртына заманына қарай кӛре білгенше, 
түсінгенше жӛн сілтемеді ме?” – деген орынды ой айтады. 
Ӛз ӛлеңдерінде А.Байтұрсынов ӛнер-білімнің шынайы құдіретіне 
табынуға, олардың қадір-қасиетін атақ пен шен, мансап пен байлық кӛзіне 
айналдырмауға үндеп, Абай тағлымын әрі қарай жалғастырады. Абай 
дәстүрін жол тұтқан Ахмет ӛз ӛлеңдерінде надандық пен кемшілікті кӛріп 
қана қоймай, ащы шындықты сыртқа шығарып, сынапта алады. 
Қараңғылықтың құшағында мүлгіген халыққа: “Аш кӛзіңді оянып” деп 
қозғау салып, ұран кӛтереді. Қазақты басқан надандық пен білімсіздіктің 
түндігін түру үшін: 
Адамдықтың диқаншысы қырға шықтым; 
Кӛгі жоқ, кӛгалы жоқ – қорға шықтым. 
Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім, 
76
Байтұрсынов А. Маса. – Қазан, 1922. – 21 б. 


245 
Кӛңілін кӛтеруге құл халықтың, – 

деп, ӛмірлік мұратын білдіреді. 
А.Байтұрсынов ӛлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың ӛзіне дейінгі 
ақындардан ӛзгелеу бір астарлы сыры бар. Ақын ӛнер, білімді “таза күйінде” 
уағыздап қоймайды. Ол оны халықтың санасын оятып, ӛзгенің езгісіндегі 
тұрмысының себеп-салдарына кӛз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы 
сәулесі деп санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой 
нысанасы болып кӛрінбесе, Ахмет ӛлеңдерінде ол негізгі тақырып, ӛлеңге 
ӛзек болар ойдың “темірқазығы” іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының 
тағдырына күйзеліп, озық кеткен ӛзге халықтармен иық тірестіруді, “тіл 
ұстартып, ӛнер шашпақтан” іздесе, Ахмет оны бостандық үшін күреспен 
байланыстырады. Оның ӛзіне дейінгі саңлақ ақындардан бір қадам ілгері 
басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен құдіреті де осында. 
Ахаңның “Досыма хат”, “Жиған-терген”, “Анама хат”, “Жауға түскен жан 
сӛзі”, “Жауап хаттан” т.б. ӛлеңдерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой 
аңғарында жатыр. 
1923 жылы А.Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойына арналған 
мақаласында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов: “…Ахаңның майданға 
алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері 
бәріміздің есімізде… Ахаңның бұрынғы айтқан сӛзін қазақ даласы әлі 
ұмытқан жоқ. Ӛлеңдегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ 
даласының күшті санасы болып, арқаның қоңыр желімен бірге есіп, шалқып 
жатыр” деп, оның поэзиясындағы азатшылдық идеяны ту кӛтерген ӛлең 
жолдарының тот баспас асылдығын танытқан еді. 
“Маса” жинағына енген ӛлеңдерден, әсіресе, кейінгі басылымдарына 
енген ӛлеңдерінен тӛңкерісшіл рух, 1905-1907 жылдардағы саяси толқулар 
мен рухани сілкіністерден қанаттанған тасқын күштің серпілісі ұшқын 
шашады. Ақын ӛлеңдеріндегі тӛңкерісшілдік сарын ӛлең жолдарындағы ішкі 
тегеурінде ширыққан шымыр ойлар арқылы білінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет