Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет85/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   133
Жазықсыз қан тӛкті деп айтпастай ғып, 
Әр түрлі бұған керек амал таппақ, – 
деп аярланады. Сонда “күшке мықты, ойға олақ” Аю: 
Бәрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр, 
Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын?! – 
деп, жауыздық ойын қарадүрсін жеткізеді. Оның бұл ойын Арыстан құп ала 
қоймайды. “Ала қойларды” аяп отырған жоқ, әрине, ӛзінің зымиян саясатын 
ыңшыңсыз жүзеге асырып, “жаманатқа” қалмай, қамқоршы ретінде 
танылуды кӛздеп отыр. Сонда саясатқа шебер сұм Түлкі сұмдық ақыл 
айтады. Ол қойларды шӛбі шүйгін жайылымға жіберіп, қасқырға бақтыруды 
ұсынады. Зұлымдығы белгілі қойшы -Қасқыр қойларды бағып жүріп, 
кӛздерін жойсын, жеп тауыссын. “Табылған ақылды” Арыстан тез қабыл 
алады. Қойларды Қасқыр бағып оңдырар ма?! Ақыры “Қасқыр баққан қойдан 
ала түгіл, ағы да аз қалады”. Бірақ қойлардың құрып бара жатқанын ешкім 
Арыстаннан кӛрмейді. 
Мысалдың түйінінде Ахаң ӛсиет айтып, пікір білдіріп жатпайды. 
Ақынның ойы, сюжеттің іштей ширығуы мен кейіпкерлердің мінез-
құлқынан, ӛзіне тән іс-әрекетінен, диалогтарынан танылады. 
Бұл сӛзге дегенім жоқ жылар-күлер, 
Адам аз алдын болжап, анық білер. 
Кӛкжалдар қойшы болса, кім біледі, 
Береке ала қойға кірсе, кірер,..- 
деп мысқылды да салмақты ой тастайды. Сол кездегі цензураның 
“кӛркемдеген” білетін ақын бұдан түйер негізгі ойды оқырманның ӛзіне 
тастап, аң бейнесіндегі зұлымдарды танып алуды елдің ақыл-таразысына 
салады. Ахметті Крылов сюжетінің ең бір қатты қызықтырғаны да, назарын 
аударғаны да “Ала қойлар” тағдыры еді. 
Крылов творчествосын зерттеушілер осы мысалдағы Арыстан бейнесін 
Александр І, Түлкі мен Аю бейнесін оны қоршаған Сарай қызметкерлері деп 
таниды. Ала қойларды академиядан қуылған орыс ғалымдары деп біледі. 
А.Байтұрсынов Ала қойларды басқа контексте, патша тепкісін кӛрген 
бұратана, оның ішінде қазақ халқы деп түсіндіруге талаптанған. 
Осындай саяси мәнге ие, ӛткір жазылған мысалдардың бірі – “Қасқыр мен 
Қозы”. Крылов мысалы ә дегеннен моральдан басталады, оның түйіні: “У 
сильного всегда бессильный виноват”. Ахаң оқиғаға бірден тікелей кірісіп 
кетіп, ӛсиет-түйінді соңынан береді. Осы түйінді екі шумақтың 
алғашқысында Крылов айтқан ойды беріп, екіншісінде ӛз жанынан сӛз 
қосып, зорлықшылды анықтай түседі. Мәселен, бірінші шумақта: 
Орманға Қасқыр кетті Қозыны алып, 
Белгілі етер ісі алып барып, 


231 
Осындай жазықсызды жазғыратын 
Әр жерде күштілерде бар ғой қалып, - 
 
деп бір түйіп алып, екіншісінде: 
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кісі. 
Нашарды талай адам талап жеп жүр, 
Бӛріден артық дейміз оның несі, - 
 
деп ойын нақтылай түседі. 
Аударманы теориялық-практикалық тұрғыдан жете зерттеп жүрген 
Ж.Ысмағұлов Ахаңның Крыловтан аударуда екі принципті ұстағанын айта 
келе, екінші принципті былай деп кӛрсетеді: “Бұл шығармаларды 
(мысалдарды Ӛ.А.) Ахаң түп-түгел қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық 
тұжырымдарын тұп-тура қазақ қауымының шындығына бейімдеп, айтар 
үкімін ӛз тарапынан айтады. Кейде тіпті түпнұсқадағы оқиғаны ӛз ойына 
тиек етіп қана алады. Сондықтан мұндай еңбекті аударма деуден гӛрі ұқсас 
сюжетке құралған тӛл туынды деп айтуға болар еді”.
Міне, осы принципке негізделген аударманың бірі – осы “Қасқыр мен 
Қозы”. Мысалдың ӛн бойынан қазақ салт-тұрмысының, қазақи ойлау 
жүйесінің, жан-жануар туралы аңыз, ертегі, әңгімелердің табиғаты есіп 
тұрады. 
Бұлаққа су ішуге келген Қозыны Қасқыр ұстап алып, кінә тағып, сол кінәсі 
үшін жеп қоймақ болады. Қозы ӛзінің кінәсіздігін қанша дәлелдесе де, 
Қасқыр оны кӛтеріп алып жӛнеледі. Түпнұсқадағы 36 жолдық мысал Ахметте 
68 жолдық тӛл туындыға айналған. А.Байтұрсыновтың бұл мысалдағы 
ӛзіндік ӛрнегі мысалдың басталуы мен аяқталуындағы әр түрлі 
ӛзгешеліктерінен айқын байқалады. 
Ягненок в жаркий день зашел к ручью напиться 
И надобно ж беде случиться, 
Что около тех мест голодный рыскал Волк 
Ягненка видит он, на добычу стремится; 
Ахмет мұны былай береді: 
Бұлаққа су ішуге келді Қозы,
Жанында серігі жоқ жалғыз ӛзі, 
“Бӛрі жоқ, десең шығар, бӛрік астынан”, 
Пәле мен қаза алыс па келсе кезі. 
Қаңғырып тамақ іздеп бір аш бӛрі 
Қозыға жетіп келді жайнап кӛзі. 
Жемекке кінә қойып сол арада
Жала ғып, міне, қасқыр айтқан сӛзі… 


232 
Ахмет мысалындағы “Бӛрі жоқ, десең шығар бӛрік астынан” деген жол 
осы кіріспе шумаққа ерекше ӛң беріп, мысалдың таза ұлттық тынысын 
аңғартқандай. Крылов мысалының басындағы “У сильного всегда 
бессильный виноват” деген қағидасынан кейін Қасқырдың Қозыға кінә тағуы 
сенімсіздеу кӛрінеді. Ол ай-шайға қарамай жеп қоюы тиіс еді. Яғни 
Крыловтың мысалдың басында айтқан тұжырымы мен оның сюжеттік дамуы 
– Қасқырдың Қозыға кінә тағып барып жеуінің арасында сәл де болса 
қарама-қайшылық бар. Осыны сезе білген Ахмет ғибратты кейінге қалдырып, 
оқиғадағы тартысты, яғни Қасқыр мен Қозы айтысын суреттеп кетеді. Озбыр 
мен кінәсіздің айтысында Қозы жеңеді. Қасқырдың әрбір кінә қоюына, 
Қозының қайтарған жауаптарынан кейін оқушы Қозының құтылуына 
тілектес болып отырады. Сондықтан да, мысал оқуға жеңіл, ә дегенде-ақ 
ӛзіне тартып әкетеді. Қойылған барлық кінәдан Қозы ақталып шыққан соң, 
Қасқыр тағы бір “бұлтартпас” кінә тағады: 
Алыпсың жаман әдет қарсыласып, 
Сенімен тұрамын ба мен мылжыңдасып, 
Айтайын, білгің келсе, қозым саған, 
Кінәң сол – жегім кеп тұр қарным ашып. 
 
Крыловта оқиғаның қалай аяқталары ә дегенде-ақ белгілі болса, Ахмет 
оқиға дамуына ӛзіндік әдіс қолданып, мысал кілтін соңына дейін сақтайды. 
Айналып келгенде, Қасқырдың кінә тағуы арыдан ойлаған аярлық болып 
шығады. Бұған дейін ӛзінің адалдығына сеніп, әділет күтіп тұрған Қозы 
ӛзінің “басты кінәсін” білгенде ғана шарасыздығынан тағдырына мойын 
ұсынады: 
Шошиды Қозы байқұс құлқын танып, 
Құтылар білгенменен онан нағып?! 
Ахмет мысалынан патшалық Ресейдің ӛктем озбырлығын айна-қатесіз 
тануға болады. Отаршылдық құрсауындағы халықтың “басты кінәсі” де Қозы 
тағдырына ұқсас, бұратана халық, әлсіз ел болуында. “Қасқыр мен Қозы” 
мысалында ақын осыны меңзеп, отаршылардан ешқандай әділет жолын 
күтпеуді ғибрат етеді. 
Ендеше “Мысалдап жазу, ойды тұспалдап айту, идеяны аллегориялық 
формада беру ашық сынаудан қорыққандық емес, ол – айтар ойды ӛткір 
әсерлі етіп жеткізіп берудің тиімді әдісі”
59
екендігіне дау болмаса керек. 
Ахмет мысалдың осы бір қасиетін терең түйсінген. 
Жоғарыда сӛз болған мысалдардағы ортақ ой, терең мағына ӛзінің туған 
халқының аянышты күйіне жаны ашыған ақын осынау дертті мәселенің 
59
Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. –Алматы, 1983. – 16 б. 


233 
негізгі күнәһарын танытуға, сол арқылы халқын оятып, саналандыруға 
талпынған. Отарлық бұғауды үзбей, даму, ӛрлеу, ӛсу мүмкін емес. 
Осы тұста мына бір мәселеге назар аудара кеткен орынды. Ахметтің 
Крыловты аударған басқа ақындардан айырмашылығы неде?.. Қазақ ақын-
жазушылары шама-шарқынша Крыловты аударып, ұлы мысалшыны қазақ 
тілінде сӛйлетуге тырысқан. Оның ішінде, Абай - 12, С.Кӛбеев – 37, 
Б.Ӛтетілеуов – 12 мысал аударған. Кӛріп отырғанымыздай, Крылов мұрасын 
барынша мол аударуға ден қойған А.Байтұрсынов. “Қырық мысалдағы” 38 
мысал, кейінгі “Маса” жинағына енген үш мысал, барлығы – 41 мысал ау-
дарған. Ахаң мысалының ерекшелігін таныту үшін оның ӛзіне дейінгі 
аудармашылар тәжірибесімен салыстыра қараудың ұтары бар. Ахмет пен 
Абай аудармаларын салыстыра қараған сәтте, біраз мысалдарды екеуінің де 
аударғанын байқаймыз. Абай аудармаларын А.Байтұрсынов білді ме екен 
деген сұраққа жауапты біз Ахаңның ӛзінен табамыз. 1913 жылғы “Қазақ” 
газетінің үш санында (39-41) жарияланған Абай туралы “Қазақтың Бас 
ақыны” атты мақаласында ол “1903 жылы қолыма Абай сӛздері жазылған 
дәптер түсті“, – деп жазады. А.Байтұрсынов Крылов мысалдарын негізінен 
1901-1904 жылдары аударғандығын еске алсақ, онда Ахметтің Абай 
аудармаларымен таныс болғандығына күмәнданбасақ керек. Ахмет қалам 
сілтеген “Ӛгіз бен Бақа”, “Қарға мен Түлкі”, “Жарлы бай”, “Ала қойлар”, 
“Сорлы болған мұжық”, “Бұлбұл мен Есек”, “Емен мен шілік” нұсқасы Абай 
аудармаларында да бар. Бұлардың ішінде “Түлкі мен Қарға”, “Есек пен 
Бұлбұлды” М.Әуезов нағыз Абай аудармалары деп санайды
60
.
Әуезов нақты Абай аудармасы деп таныған, Крыловтың “Қарға мен түлкі” 
мысалының Абай аударған нұсқасын Ахмет аудармасымен салыстырып 
қарасақ, екі тәржіманың арасында айырма барлығына кӛз жетеді. Мысалдың 
түпнұсқасында мораль шығарманың басында айтылып, одан кейін болған 
оқиға баяндалады. Абай да сол алғашқы жүйені сақтаған. Крыловта 
айтылатын тӛрт жол моральды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет