Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет92/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым. 
Су да болар, бұл жолда тау да болар, 
Жаудың оғы – жайған тор, ау да болар, 
Мынау пайда, мынасы зиян демек, 
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар?! – 
 
деп, күрес жолынан таймайтындығын жастарға үлгі етеді. Тіпті “Мен ӛлсем 
де ӛлемін жӛнімменен” деген қажырлы шешімін именбей айтып: 
Тән кӛмілер, кӛмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, 
Жұрт ұқпаса ұқпасын – жабықпаймын, 
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, – 
деген зор сеніммен үлкен философиялық ой түйеді. Күрес жолындағы сансыз 
қиындықтар, жазықсыз жапа шегу мен қудалау, қиын тағдырмен арпалысу, 
азаматтықтың мәні мен мақсаты жайлы толғаулар ақынды осындай ӛмір мен 
ӛлім, бүгін мен болашақ туралы терең тұжырымға алып келеді. Ӛз ғұмырын 
арнаған игі істің жемісі мен жеңісін ертеңнен күтеді. Алға жетелеген ақ 


248 
арман биігінде мерт болудан қаймықпай, тәні ӛлгенмен, рухы ӛлместігіне 
сеніп, бүгіннен келешектің жалғасын кӛреді. Осы арқылы адамның ӛмірі мен 
ӛлімі жайлы “мені” мен “менікінің” айырылғанын, “ӛлді деп ат қойыпты 
ӛңкей білмес” деп ұлы Абай түйген ойды ӛрістете түсіп, ірі философиялық 
пайымдау деңгейіне кӛтеріледі. 
“Н.Қ. ханымға” ӛлеңінен біз елінің ертеңі үшін, жарқын болашағы үшін 
бойындағы барын сарп етер, ештеңеден тайынбайтын қаһарман күрескер 
бейнесін танимыз. 
Шаршайды деп ойлама шалдыққаннан, 
Ұзақсынып жатпаспын жалыққаннан, 
Жұрт қолымнан келмесе ӛкпелемес, 
Барым сақтап, мен аяп алып қалман. 
 
Ақынның лирикалық кейіпкері ӛз тағдырын халық тағдырынан бӛліп 
қарамайды. Сол себептен де ӛз ісінің ақтығына сенген ақын үшін ең ауыр 
күрестің ӛзі қайғы-қасірет емес, ләззат. Бұл қорытындыдан нағыз шынайы 
күрескердің оптимистік рухы сезіледі. Ақаңның осы ӛлеңінің Мұқағалидың 
Фаризаға арнаған ӛлеңімен үндесіп жатуы, ұлылар ұғымының желілестілігін 
танытса керек. 
Ахмет ӛлеңдеріне құрғақ ділмәрсу, мағынасыз ұраншыл айқай жат. Әр сӛз 
ӛз орнын тауып, салмақтана түседі. Сонымен бірге ақын нақты адамды, оның 
сезім-күйін жырлай отыра, қазақ қоғамының ең бір ділгір, мәнді мәселелерін 
кӛтеріп, жалқыдан жалпыға бұрылады. 
А.Байтұрсынов творчествосындағы ұлт-азатшылдық бағыт оның саяси 
бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ халқын орыс патшасы езгісінен азат 
етіп, отаршылдық бұғаудан құтқаруды, қазақ ұлтының ӛзін-ӛзі басқаруына 
қол жеткізуді аңсаған арманынан, соған бар даусымен үн қосуынан кӛрінеді. 
Қазағым – елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып, 
Талауда малың, 
Қамауда жаның, 
Аш кӛзіңді оянып
77

 
Ахметтің осы “Жиған-терген” ӛлеңі түгел күйінде “Масаның” соңғы 
басылымында 1922 жылы жарияланды. Бернияз Күлеевтің айтуына 
қарағанда, тӛңкерістен бұрынғы “масаларда” соңғы шумақ цензура рұқсат 
77
Байтұрсынов А. Маса. –Қазан, 1922. – 30 б. 


249 
етпегендіктен берілмей келген. Ӛйткені мұнда халық басына тӛнген ең күшті 
қауіп анық та айқын кӛрсетілген.
Ӛз ӛмірін күреске арнаған ақын отаршылдықтың шынжыр-бұғауын тас-
талқан етер күнді аңсап, тезірек жетуін асыға күтеді: 
 
Қашан жанып шамшырақ, 
Сәуле беріп жарқырап, 
Болар жарық тӛрт тарап?! 
Қашан маған іздеген, 
Күліп жылы жүзбенен, 
Болар серік бақ қарап. 
Ақын үшін бақ ұғымы, бақыт ұғымы азаттық ұғымына пара-пар. Ақынның 
лирикалық кейіпкері бақытты күнді аңсаушы ғана емес, сол күннің тезірек 
жетуіне себепкер болуға ұмтылушы да. 
“Қарқаралы қаласына” ӛлеңін Ахмет айдауға кетіп бара жатқанда жазады. 
“Бар қаймағын қуып біттің, кім қалады еліңде, доңыздармен сиыспаспын 
бірге тұрып бұл елде” дегенді айтып, ащы шындықты бетке басады. Мұхтар 
Әуезов “Ахаңның елу жылдық тойы” мақаласында: “1907 жылы Қарқаралы 
қаласында Ахаңды алты жолдасымен абақтыға салған. Қарқаралы 
тұтқынында аз уақыт отырған соң, жазалыларды Семейге айдаған. 12 жыл 
ӛмірін ӛткізіп, еңбегі жанбай айдалып жатқанда, Ахаңның қайғылы кӛңілінен 
шыққан ауыр сӛздің бірі: 
“Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған, 
Айдай бер қалса адамың қуылмаған”, – 
деп, ӛлеңнің шыққан уақытына, не себепті жазылғанына, не туралы екеніне 
анықтама берді. 
Зерттеуші-ғалым Ж.Ысмағұлов осы ӛлеңдегі “Қош сау бол Қарқаралы 
жуылмаған” деген жолдар Лермонтовтың “Прощай, немытая Россия” деген 
сӛздерін еріксіз еске түсіреді. Осының ӛзі Ахаңның қай биіктен бой 
кӛрсеткені, кімді бағдар етіп, қандай ұғым-түсініктермен ой толғағанын 
аңғартады”, – деп, Ахаң ойының ӛршіл үнді ақындармен астасып жататынын 
ашып кетеді. 
Ұлы Абайдан тәлім алып, ӛлең құдіреті арқылы халыққа ой салып, саналы 
іс-әрекетке, күреске үндеу – Ахмет поэзиясы әкелген жаңа арна. Сондықтан 
да қазақ поэзиясында Ахаң салған жаңа бағыт – ұлттық бірлік пен ұлттық 
азаттықты жырлау. Құр жырлау, құрғақ ойбай емес, бостандықтың биігіне 
алып шығар жолды кӛрсетіп, жӛн сілтеу. Ахметке дейінгі ақындар ӛз 
халқының қайғы-қасіретін сезініп, жаны езіле зарлағанмен, құтқарудың 


250 
жолын айта алмады. Ал Ахмет кӛрер кӛзге, сезер жүрекке мұны меңзеп қана 
қоймай, нысана етіп қоя білді. Бұның басты себебін С.Қирабаев: “Олардың 
(А.Байтұрсынов, М.Дулатов Ӛ.Ә.) бүкіл россиялық дамудың жаңа бір кезеңі 
туғанын дұрыс танып, соның ыңғайымен қазақ қоғамын қозғалысқа 
келтірудің жолын іздеуінен”
77
деп біледі. 
Ахмет поэзиясындағы ағартушылық – оянуға, ояну – қасіреттің сырын 
білуге, бас кінәліні сезінуге, сезіну – бостандыққа жол ашар бұлқынысқа 
жетеледі. 
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, 
Сӛзі алтын, мағынасы меруерттей. 
Осыдан ғибрат алып жас жігіттер
һәммесі ӛз халқына қызмет еткей! – 
деп, Міржақып тегін айтпаған. Сұлтанмахмұттың сонау 1914 жылы “Ӛткірсің 
наркескеннің алмасындай” деп, ӛлең арнауы да осыдан болатын. 
Бағаң жоқ кӛр соқырдың кӛз алдында, 
Мұңыңды жылап шақшы ӛз алдымда: 
Гауһар тұрсын айырып алтыныңды 
Аузыңа керек тас деп бірі алды ма? 
 
Ӛткірсің наркескеннің алмасындай, 
Жүйріксің “полный ходтың” арабасындай. 
Сен сұңқар, кӛңілі соқыр, сенімен қас, 
Ӛзінің болмады деп қорғасындай. 
Қашанда жаңа ой, жаңа жолдың қалыптасып кетуі, кӛкейден дӛп шыға 
қалуы қиын. Кӛреген де дарынды Сұлтанмахмұт осыны меңзеп отыр.
Ахаң тағдыры қиын екені белгілі. Оның жасандылық атаулыға жат, 
еркіндік үнін шырқау биікке кӛтерген сұңқар жыры қанатын кеңге жайған 
тұста 1916-17-нің дүниені опай-топай еткен алай-дүлей заманына килікті. 
Сеңдей соғылысқан заман ӛтіп, ел Ахмет жырының нәріне қайта ерін тигізе 
бастаған тұста, ақын тағдыры сталиндік зұлматтың тырнағына ілінді. Ақын – 
Ахмет, саясатшы – Ахметтің құрбанына айналып, ӛзіндік сенімі үшін 
жазаланған ақынның ӛзімен бірге түйғын жыры да торға түсті. Жыр ӛрісіне 
Ахмет, Міржақып әкелген елдік, еркіндік атты кӛркемдік ойдың тұнығы 
лайланып, жасампаз жанды пікір тұмшаланды. Бірақ қазақ үшін “шам қылған 
жүрек майын” (Сұлтанмахмұт) Ахмет Байтұрсынов жырының алтын арқауы 
ӛз тұсында да, кейін де сақталды. Іле-шала қазақ әдебиетінің ӛрісті ӛлкесіне 
77
Қирабаев С. Қазақтың алғашқы революцияшыл – демократтары. «Лениншіл жас», 1991. 17 маусым. 


251 
Мағжан, Сұлтанмахмұт сияқты идеялас шәкірттері келіп, Ахаң идеясын алға 
апарды. Кейінгі Сәкен, Ілияста да Ахаңның тұлпар жырының дүбірін сақтап, 
Ахаң бастаған азаттық тақырыбын тың ізденістермен байытып, жаңа рухани 
биіктерге кӛтерді.
Ахмет поэзиясының арналы бағыты, қазақ әдебиетінде алар орны жайлы 
кезінде Міржақып Дулатов былай деген еді: “Ол қарапайым да түсінікті қазақ 
тілінде азаттық туралы, ұлт туралы, езілген, артта қалған қазақ ұлты туралы 
жырлады; ӛнер-білімге, еңбекке, ғасырлық ұйқыдан оянуға үндей отыра, 
әрбір қазақтың азаматтық санасын оятуға ұмтылды. Ішкі сұлулығы мен 
мазмұны жағынан, жинақылығы мен желілігі жағынан А.Байтұрсынов 
жырлары қазақ әдебиетінде бірінші орын алады”. 
Қорыта келе айтарымыз, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы ХХ 
ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес 
болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз ұлт-азатшылдық поэзияның 
қазақ әдебиетіндегі негізін қалап, қазақ ӛлең ӛлкесіне азаттыққа ұмтылған 
азаматтық жыр үлгісін алып келді. Ендеше, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ 
халқының “рухани кӛсемі” (М.Әуезов), ӛнер мен ғылымның сан-саласын 
меңгерген, елінің ұлттық санасының оянуы мен азаматтығы жолындағы 
күресте қатыгез тағдырға қайыспай қарсы тұрған ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет 
Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын бүгінгі ой-сана биігінен осы 
тұрғыдан бағалауымыз керек. 


252 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет