Мазмұны: Кіріспе.Қаржылық есептілік ұғымы. Қаржылық есептілік түрлері. Қаржылық есептілік құрамы. Қорытынды. Кіріспе.Қаржылық есептілік ұғымы



бет2/3
Дата14.05.2023
өлшемі27.97 Kb.
#473681
түріҚұрамы
1   2   3
Қаржылық есептілік

2. Қаржылық есептілік түрлері
Қаржылық есептілік іргелі ұғым болғандықтан оның бірнеше түрлерін ажыратып көрсете аламыз.
Қаржылық есептілікті негізгі белгілері бойынша 3 топқа бөліп жіктей аламыз:
1.Құрастыру кезеңі бойынша
2.Мәліметтер көлеміне қарай
3.Мақсатына байланысты
Құрастыру кезеңіне қарай қаржылық есептілік 2- ге бөлінеді.Олар: аралық және жылдық
Аралық бухгалтерлік есептілікті ұйымдар есепті кезең бастап алғандағы қысқа кезеңдерге қатысты құрастырады. Мысалы, айға немесе тоқсанға
Жылдық қаржылық есептілік жыл қорытындысы бойынша құрастырылады. Оның аралық есептіліктен айырмашылығы ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді, онда балансқа қосымшалар саны өте көп болады және ұйымның қаржылық- шаруашылық қызметінің тиімділігін дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер көлеміне қарай қаржылық есептілік 2-ге ажыратылады.
1.Бастапқы қаржылық есептілік. Бастапқы бухгалтерлік есептілікті жекелеген ұйымдар ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құрастырады. Онда ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайы мен қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі ақпарат беріледі.
2.Жиынтық бухгалтерлік есептілікті еншілес және тәуелді қоғамдары бар ұйымдар құрастырады.
Мақсатына байланысты қаржылық есептілікті мемлекеттік , арнаулы және ішкі деп жіктейміз.
Мемлекеттік қаржылық есептілік ұйым қызметінің маңызды аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер шеңберін қамтиды және әдетте мазмұны бойынша статистикалық есептілікке сәйкес келеді.
Арнаулы қаржылық есептілік белгілі бір көрсеткіштердің жиынтығын қамтиды. Сонымен, ұйымдар әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру аударымдары мен осы аударымдар есебінен шығындар туралы есеп, мүлік салығы туралы декларация және т. б. жасайды.
Ішкі есептілік ұйымның өндірістік-қаржылық қызметін күнделікті жедел басқару үшін қажетті деректерді қамтиды. Мысалы, шеберханалардың жұмысы туралы есептер, өндіріс барысы туралы ақпарат және т. б.
3.Қаржылық есептілік құрамы.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңына сәйкес (15 бап), мемлекеттік мекемелердің есептілігін есепке алмағанда, қаржылық есептілік құрамына кіреді:
1.бухгалтерлiк баланс;
2.пайда мен зияндар туралы есеп;
3.ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4.капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5.түсiндiрме жазба.
Бухгалтерлік баланс немесе бухгалтерлік теңгерім — шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Яғни ,қаржылық есептіліктің негізгі нысаны – бухгалтерлік баланс, ол 6 бөлімшеден тұрады.

Пайда мен зияндар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін пайда мен зияндар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.


Пайда мен зияндар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Пайда мен зияндар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.
Қазақстанның әдістемелік рекомендацияға сәйкес, егер ағымдағы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру кезінде өткен кезеңнің қателері табылса, онда бұл қателерді түзеу ағымдағы кезеңнің таза пайдасы немесе зиянын анықтауға қамтылады.
Бұл есеп берудің негізгі мақсаты ішкі және сыртқы ақша қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құралады және есепберу кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.
Бізге белгілі, халықаралық тәжірибеде ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беруұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды.
Ақпарат толығымен ашылу үшін және түсінікті болу үшін қаржылық есептiлiктің нысандарына түсiндiрме жазбада мазмұнын толық ашатын қосымша ақпаратат келтіріледі. Түсiндiрме жазба 16 кестеден тұрады, әр қайсысы баланстың баптарын ашады. Қаржылық есептілік нысандарының көрсеткіштері бір-бірімен байланысқан, үйлесімді. Көрсеткіштер салыстырмалы болу үшін екі жылға келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет