1.3 Есімді сөйлемдердің ерекшелігі
Қазіргі кезде есімдердің баяндауыш құрамында сөйлемді тинақтау дәрежесі жылдар өткен сайын үнемі өзгеру үстінде. Өйткені есімдердің баяндауыштық қызметі сол сөз таптарының әрқайсысының морфологиялық өзгерісіне байланысты үнемі өзгеріп отырады. Тек зат есімнің өзі тәуелді жалғау, көптік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғаулар, тіпті септік жалғаулы сөздерге түрлі өмекші сөздердің түйдектелуі арқылы да сөйлемді тиянақтау қасиетін өз бойында сақтай алады. Бұған қарағанда, сөйлем тек етістікті ғана болу керек деген пікірге енді есімді сөйлемдер де сондай дәрежеде жұмсала алады деп білеміз. Есімді сөйлемдер де етістікті сөйлемдердей коммуникативті қызмет атқара алады. Осыдан барып есімді сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы туындайды [75, 47].
Есімді сөйлем мен етістікті сөйлемнің негізгі айырмашылығы – қай түрінің алғаш пайда болуы туралы біз жұмысымыздың бас жағында сөз қозғадық. Әрине, тарихи жағынан келетін болсақ, бұл екі сөйлемнің түрі адамдардың қарым-қатынасында ерекше қызмет атқарды, атқарып келеді. Көптеген авторлар тарихи жағынан есімді сөйлемдер бұрын қалыптасып, етістікті сөйлемдерсіз пайда болған деген пікірді қолдайды. Осы тақырып негізінде біршама пікірталастар да болды.
Н.Л. Марр: “Звуковая речь начинается не только со звуков, но и не со слов, частей речи, а с предложения, resp мысли активно, затем пассивной, т.е. начинается с синтаксиса, строя из которого постепенно выделяются части предложения, определявшиеся по месту их нахождения в речи» - деп ең алдымен есімді сөйлемнің пайда болуын және оның тілде алатын орны туралы осылай қорытындылайды [76, 55].
В.В. Виноградов: “Глагол – самая сложная и самая емкая грамматическая категория русского языка. Глагол наиболее конструктивен по сравнению со всеми другими категориями частей речи. Глагольные конструкции имеют решающее влияние на именные словосочетания и предложения” - деп [34, 37 б.], орыс тілінде етістіктің ең күрделі және ең ауқымды сөз табы екендігін атап өтіп, басқа сөз таптарымен салыстырғанда ең конструктивті және негізінен оның есімді сөз тіркестері мен сөйлемдерге әсер ететіне тоқталып өтеді.
Қазақ тіл білімінде А. Ысқақов етістіктің ерекшелігі туралы былай дейді: «Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты». Ары қарай автор етістіктің лексика-семантикалық формаларының мағынасы да, синтаксистік қызметтері де көбіне сөйлемде, белгілі сөз тіркесінің ауқымында анық ашылатынын сөз етеді [77, 23].
Есімді сөйлемдер мен етістікті сөйлемдердің мағыналық сипаты бірдей емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды қамтиды, ал есімді сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұрғанын, сол сөз табының заттық, сындық, сандық, мекендік т.б. мағыналарын білдіреді. Сонымен бірге әр сөз табының негізгі қасиетін ғана атаумен шектелсе, ал олардың әқайсысының ішкі ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке талданады. Зат есімнің әр түрлі жалғаулар, септік жалғаулы, септік жалғауларына көмекші сөздердің түйдектелуі, осындай өзгерістер зат есімді сөйлемнің мағыналық жағын жан-жақты түрлендіре түссе, сын есімнің әрбір шырай түрі сапалық, қатыстық түрі, сондай-ақ сан есім мен есімдіктердің де әрбір түрінде де осындай мағыналық ерекшеліктері бар.
Есімді сөйлем мен етістікті сөйлемдер айтуда интонацияның қатысына қарай да ерекшеленеді. Есімді сөйлемдердің баяндауышын айтуда дауыс ырғағы басым болатыны мәлім. Есімді сөйлемдердің баяндауышына арнайы екпін түсіріле, сол есім баяндауышқа назар аударыла түседі.
Сын есім, сан есім, есімдікті баяндауышты сөйлемдерде зат есімге қарағанда синтаксистік қасиеті шектеулі. Сын есім, сан есім, есімдік сөз табынан болған баяндауыштар сөйлемнің соңында сөйлемді тиянақтап тұрғанында оларға бағыныңқы сөздер аз. Сондықтан да зат есімді сөйлемдерден гөрі сын есім, сан есім, есімдік баяндауышты сөйлемдер шағын сөзді, ойды тура айтуға құрылған сөйлемдер түрінде келеді.
– Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден тағы бір айырмашылығы, егер есімді сөйлемдер алғашқыда пайда болып, басым болса, бара-бара етістікті сөйлемдер кең өріс алды.
– Есімді сөйлемдердің баяндауыштары зат есімді сын есімді, сан есімді, есімдікті болуымен қатар, кейде құрама баяндауышты сөйлемдерді де және бар, жоқ сөзді баяндауыштарды да есімді сөйлемге қосу арқылы оның аясы да, мағыналық ерекшелігі де арта түсетіні белгілі.
Біз осы уақытқа дейін бастауышы есім, баяндауышы етістікті сөйлемдердің байланысуы туралы үйренгенбіз. Ол үшін зерттеу нысаны болып отырған М. Әуезовтің роман-эпопеясынан алынған мына сөйлемдерді талдап көрсек:
1. Ол жасында найзагер батыр болған.
2. Ол жағын Ұлжан ұқты.
3. Менің әлі сізбен біраз сөйлескім келеді.
4. Ол шынын білгіңіз келсе айтайын.
Осы сөйлемдерде:
– Ол батыр болған;
– Ұлжан ұқты;
– Менің сөйлескім келеді;
– білгіңіз келсе айтайын – дегенде бастауыш та, баяндауыш та жақ жағынан байланысқан. Бастауыштары ІІ, І жақта болса, соған сай батыр болған, ұқты, сөйлескім келеді, айтайын баяндауыштары да сол жақта айтылған. Бұл сияқты жақ, сан жағынан байланысу негізінде етістікке тән екені белгілі.
Енді “Абай жолы” роман-эпопеясынан мына сөйлемдерді талдап көрейік:
1. Менің тап бүгінгі күйім де, туысым да осы жер.
2. Әсіресе өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл.
3. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы
4. Бұл көріністегі Оспан Тобықтының бүгінгі ортасында ешкімге ұқсамаған, алып батырдай
5. Балуандар бәйгесі де сондайлық тоғыз-тоғыздан.
Осы сөйлемдерде:
Достарыңызбен бөлісу: |