Мазмұны нормативтік сілтемелер



бет20/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
арысбаева салтанат

Менің күйім де, туысым да – жер.
Өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл.
Қадырды асыпөлтірген – жер осы.
Оспан Тобықтының бүгінгі ортасында.
Осындағы жер, Қарауыл, осы алыпр батырдай, тоғыз-тоғыздан.
Баяндауыштары өз бастауыштарымен жоғарғы сөйлемдердегідей жақ-жағынан қиыса байланыспаған. Бұл мысалдардағы сөйлем баяндауыштарының ешқайсысын да бастауыштарымен байланыстыратын форма жоқ. Сонда ондай есімді бастауыш пен есімді баяндауыштың байланысы өзара бірге айтылғанда, яғни контексте ғана байқалады. Осының негізінде мұндағы предикаттық қатынас бастауыш, баяндауыштың қатарласа қолданылуы арқылы ғана көріне алады. Бұл предикаттық қатынас көбіне интонация арқылы да жүзеге асады. Әсіресе, ондай есімді сөйлем: Анау- ғимарат, мынау – мектеп сияқты бұрын анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі енді есімді сөйлемге айналуда предикаттық қатынастың қалыптасуына әкеліп соғады. Осы мәселе жөнінде Э.В. Севортян: «Исторически предикативные отношения развивались и даже еще сейчас развиваются так же из атрибутивных отношений на почве грамматического их переосмысления, в результате чего атрибутивное сочетание распадается на подлежащее и сказуемое» [78,7] – деп анықтауыштық қатынастардан предикаттық қатынастардың тарихи дамуы мен қазіргі дамуынан бастауыш пен баяндауыштың бөлінуін көрсетеді. «Бұл – оқушы (қандай оқушы) (түрі енді есімді сөйлемге айналғанын көрсеткен. Жоғарыда біз орыс тіл білімі, түркология, қазақ тілі грамматикасы бойынша есімді сөйлемдер туралы мәліметтер келтірдік. Осы тұжырымдар бойынша мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден, есімді сөйлемдер де етістікті сөйлемдер сияқты мойындалған мәселе. Екіншіден, есімді, етістікті сөйлемдер де коммуникативті мағынасы бар сөйлем түрлері. Үшіншіден, етістікті сөйлемде етістік сөз табы, оның ішкі категориялары ғана қатысатын болса, ал есімді сөйлемдердің аясы, жасалу жолдары әр түрлі.
Есімді сөйлемдердің баяндауыштары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары, олардың ішкі категориялары арқылы жасалады. Сондай-ақ, «бар», «жоқ» сөздері кейде керек сөздері де осы топқа жатады. Ал тұрақты тіркесті баяндауыштардың етістікке де, есімге де жататыны белгілі. Сонымен есімді сөйлемге:
- Зат есім: оның нөлдік, көптік, тәуелдік, септік жалғауларда, сол сияқты –нікі –дікі –тікі қосымшалы түрі және кейде зат есімдерге көмекші сөздердің түйдектелу түрлерін де қарастыруды мақсат еттік.
- Сын есім: сын есімнің сапалық та, қатыстық та, түрлі шырай түлерін де алдық.
- Сан есім: барлық түрі алдында.
Ал енді есімді құрмалас сөйлемнің етістікті құрмалас сөйлемнен негізінде, коммуникациялық жағынан еш айырмашылыы жоқ. Екеуі де кемінде екі жай сөйлемнен құрала отырып, күрделі ойды жүзеге асырудың үлкен құралы. Есімді құрмалас сөйлем мен етістікті құрмалас сөйлемнің негізгі айырмашылықтары тек олардың баяндауыштарының жасалуында. Етістікті құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары тек етістік сөз табы және оның категориялары арқылы, яғни шартты рай, есімше, көсемше, жіктік жалғаулы түрлері арқылы жасалып, олар салалас, сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдерді жасауға қатысады. Ондай кезде етістіктер түрлі тұлғаларда тұрып, салаластың екі сыңарына да, сабақтастың екі сыңарына да қатыса жұмсалады. Сондай-ақ етістіктер құрмалас сөйлемдердің баяндауыш қызметінде:
1) тиянақты түрде, барлық салалас құрмалас сөйлемдер және сабақтас құрмаластың басыңқы сыңарында ғана кездеседі.
2) тиянақсыз түрде, етістіктер тек сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарында ғана жұмсалады. Алғаш рет түркологияда есімді сөйлем туралы А.П. Поцелуевский пікір қозғаса, қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаев етістікті, есімді деп бөлді. Осылайша қазақ тілінде есімді сөйлемдердің бір түрі пайда болып, К.Қ. Оңалбаева, Б. Елікбаев оны арнайы зерттеу объектісі етіп қарастырды.
Б. Елікбаев өз еңбегінде есімді сөйлемдерді үлкен екі топқа бөліп қарастырып, бұрынғы жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің негізгі базасы негізінде қалыптастырады. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді қарастыру барысында:
1. Жай сөйлемді:
а) есімді жай сөйлем
ә) етістікті жай сөйлем
2. Құрмаласты:
а) есімді құрмалас сөйлемдер
ә) етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөлу принципі болмағаны белгілі. Жылдан жылға ғылым дамып, бұрын тек етістікті сөйлемдерге назар аударылса, енді есімді сөйлемдерге де назар аударыла бастады. Осының негізінде енді құрмалас сөйлемдерді:
а) есімді құрмалас сөйлемдер,
ә) етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөліп, енді есімді құрмалас сөйлемдердің баяндауыштарының тек есімдерден:
а) зат есім
ә) сын есім
б) сан есім
в) есімді сөз таптарынан болуы ғана сөз болады.
Сонымен, есімді құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптарынан жасалады екен. Сондай-ақ есімді құрмалас сөйлемдер:
а) зат есім + көмекші етістік;
ә) сын есім + көмекші етістік;
б) сан есім + көмекші етістік;
в) есімдік + көмекші етістік арқылы да жасалады.
Баяндауыштың мұндай түрлерін құрама баяндауыш деп атайды [78]. Осы құрама баяндауыштардың негізгі мағыналық сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары. Олар үнемі дербес мағынада болып, ал көмекші етістіктер оларға түйдектелу барысында шақтық мағына үстейтіні мәлім. Кейде зат есім, сын есім, сан есім, есімдерге модаль сөздер, тіпті шылаулар да түйдектеліп келуі де есімді сөйлемдерді құрайды. Түркологияда ең алғаш рет А.П. Поцелуевский «бар», «жоқ» сөзді сөйлемдерді де есімді сөйлемдерге жатқызса, ал қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаев «бар», «жоқ» сөзді баяндауыштарды не есімді, не етістікті баяндауыштарға қоспайды, оларды өз алдына бар, жоқ, сөзді баяндауыштар деп атайды [4].
Енді есімді сөйлемдердің жасалу түрлерін көрсетсек:
а) зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары арқылы;
ә) субстантивтенген сөз таптары арқылы;
б) үстеу, модаль сөздер қатысты баяндауыштар;
в) құрама баяндауышты түрі арқылы;
г) бар, жоқ сөздері арқылы.
Құрмалас сөйлемдерді бұрыннан:
1. Салалас, сабақтас, аралас түрлеріне бөлеміз.
2. Олардың әрбір сыңары туралы ғана, яғни тиянақты, тиянақсыз сыңары, негізінен етістікті баяндауышы туралы ғана бұрынғыдай, салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлем деп топтай келіп, енді міндетті түрде олардың баяндауыштарының тек есімдерден болуына да назар аударылды. Егер есімді жай сөйлемде баяндауыштарының жасалуына көңіл бөлсек, ал есімді құрмалас сөйлемде осы принципті басшылыққа аламыз. Етістікті құрмалас сөйлемдерде баяндауыш қызметінде етістіктер есімше, көсемше, шартты рай, т.б. түрінде келеді. Ал есімді құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде олар да өзіндік морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.
1. – Бірі – жас жалынды Тоғжан жүзі, екіншісі – жалынын мұңды жаны жеңген – Салтанат.
2. – Ел де сенікі, ел ішіндегі тентек те сенікі .
3. – Бұл не Бөжейдің өлердегі өсиетінен, немесе артында ие боп отырған Байдалы, Байсал, Түсіптердің мінезінен.
4. – Ол – Шыңғыс ішінде, Байсал алған қыстау екен.
5. – Олар Абайдың өзінің аталас елі емес, Мамайдан шыққан, жатақ балалары.
6. – Алдыңғы бәйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз.
Осы сөйлемдерде зат есім, есімдік сан есімді салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышының түрлері көрсетілген. Берілген салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы қызметінде зат есім, есімдік тәуелдік жалғаулы шығыс септік, жатыс септік, зат есімдерге көмекші етістіктердің жалғауы арқылы жасалған сөздер кездеседі. Сонда зат есім, есімдіктер, сан есімдер осы тұлғаларында құрмалас сөйлемнің екі сыңары ретінде біршамааяқталған ойды білдіру арқылы баяндауыштық қызметте жұмсалған.
Енді әрбір сөйлемге жеке тоқталсақ:
1. Салалас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңарының баяндауышы – жүзі, екінші сыңарының баяндауышы – Салтанат. Екеуі де өз алдына құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалып сөйлемді тиянақтап тұр және құрмаластың тиянақтақты баяндауышының одан бетер нақтылана түсуіне ықпал етіп тұр.
2-сөйлемде баяндауыштың екі сыңары да тәуелдік тұлғадағы есімдік – сенікі болып келген.
3-сөйлемде бірінші сыңары - өсиетінен, зат есімге шығыс септігінің жалғасуы арқылы, екінші сыңары Түсіптердің мінезінен – дегенде ілік жалғаулы зат есім (жалқы есім) есім қызметінде жұмсалмай, анықтауыш қызметінде жұмсалуы тиіс. Оның үстіне ілік жалғаулы сөз сол күйінде сөйлемді тиянақтай алмады. Сондықтан ілік жалғаулы сөзді баяндауыш қызметінде жұмсалуына шығыс жалғаулы мінезінен көмекші есімінің әсері зор.
4-сөйлемде бірінші сыңарының баяндауышы ішінде – жатыс септігінде тұр, екінші сыңары қыстау екен, зат есімге «екен» көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған. Қыстау екен – дегенде қыстау сөзінің баяндауыштық қызметін нақтылау түскен екен көмекші етістігі.
5-сөйлемде бірінші сыңарының баяндауышы елі емес, баяндауышы тәуелдік тұлғадағы зат есімге емес көмекші етістігінің формасының түйдектелуі арқылы баяндауыш қызметінде есімді құрмалас сөйлем жасап тұр, екінші сыңарының баяндауышы – жатақ балалары, көптік, тәуелдік тұлғадағы күрделі зат есімдер.
6-сөйлемде бірінші сыңарының да, екінші сыңарының баяндауыштары тоғыз – есептік сан есімі.
Сондай-ақ есімдерге түрлі көмекші сөздер дәнекерлік қызмет атқарып, олар сабақтас құрмалас сөйлемдер құрайды. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан мысалдар келтірсек:
1. Бұл бала күннен Құнанбайдың жігіті боп, қабысып кеткен адам.
2. Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің?
3. Күн ашық болғанмен, шытқыл аяз екен.
4. Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ балғанмен, кең қоныс емес.
5. Абай өзі қандай шарасыз болса, олар да сондай.
6. Сырт ажарлары шынымен егілген, есінен танып, бауыры езілген кісілер тәрізді.
7. Қазірде Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай жалынсыз.
Осы сөйлемдерде мынадай баяндауыштар бар:
жігіті боп – тәуелдік жалғаулы зат есімге көсемше тұлғалы бол көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;
қатты боп – сапалық сын есімге көсемше тұлғалы бол көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған, басыңқы өзің - өздік есімдігі арқылы жасалған;
ашық болғанмен – сын есімге көмектес жалғаулы есімше тұлғалы бол көмекші етістігі арқылы жасалған, басыңқы сыңарының баяндауышы аяз екен – зат есімге екен көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;
бұлақ болғанмен зат есімге көмектес жалғаулы есімше тұлғалы бол көмекші етістігі арқылы жасалған, басыңқы сыңарының баяндауышы қоныс емес – зат есімге болымсыз етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;
шарасыз болса – дегенде сын есімге шартты райлы бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған; басыңқы сыңарының баяндауышы сондай - -дай жұрнағы жалғанған сілтеу есімдігі арқылы жасалған;
– басыңқы сөйлемнің баяндауышы кісілер тәрізді – дегенде кісілер сөзінің баяндауыштың қызметін нақтылай түскен тәрізді модаль сөзі.
– бағыныңқы сыңарының баяндауышы – салқын болса – сын есімге шартты райлы бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған, басыңқы сыңарының баяндауышы жалынсыз сын есімі арқылы жасалған.
Осы баяндауышты сөйлемдердің бәрі де құрама баяндауышты есімді сөйлемдерді құраған. Осы баяндауыштардың құрамындағы негізгі мағынаға ие жігіт, қатты, ашық, аяз, бұлақ, қоныс, шарасыз, кісілер, салқын, жалынсыз – зат есім, сын есімдерді сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде өздері де жұмсалады. Осы аталған баяндауыштардың қатысы арқылы тек салалас құрмалас сөйлем жасалған болар еді. Сонда бұл сөздерді сабақтастың бағыныңқы сыңарында жұмсалуындағы боп, болғанмен, болса көмекші етістіктерінің негізі бол көмекші етістіктері. Бұл көмекші сөздер: олардың көсемше, түрлі септік жалғаулардағы тұлғасы жоғарыдағы сын есім, зат есімдерді сабақтас есімді құрмалас сөйлемдердің тиянақсыз бағыныңқы сыңарын құрауға себеп болады. Сонда етістікті сөйлемдердің баяндауыштары есімше, көсемше, шартты рай, тіпті шылау арқылы жұмсалуы енді есімді құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарлары есімдерге түйдектелетін көмекші етістіктерге тікелей байланысты. Өйткені ондайда қатысты көмекші етістіктер де көсемше, есімше, шартты рай тұлғаларда келуі арқылы есімдерді баяндауыш қызметінде ауыстыруда үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ құрмалас сөйлемде құрмаластырушы дәнекер сөздер, яғни сабақтас құрмалас үшін шылаулар, ал салалас құрмалас үшін жалғаулықтар дейтін принцип есімді құрмаласта да сол қалпында қалатын сияқты. Осы пікірлер бойынша, мынадай қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, есімдер, көмекші етістіктер қандай тұлғаларда баяндауыш болуы белгілі болса, екіншіден, есімді құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын дәнекер сөздер айқындалады.
Бұрын құрмалас сөйлемдерді байланыстырушы дәнекерлер ретінде көбінесе етістіктің тұлғалары (есімше, көсемше, шартты рай, шылаулар) туралы ғана айтылатын.
Етістіктің тиянақсыз тұлғада келуі арқылы сабақтас құрмалас, ал етістікті баяндауыштардың тиянақты тұлғасы арқылы салалас құрмалас сөйлем жасалады деп айтылатын.
Есімді құрмалас сөйлемде:
– біріншіден, есімдер қатысады;
– екіншіден, әр сөйлемнің өзіндік тұлғасы есімді баяндауыш жасауға негіз болады. Оның өзі әрі есім сөз табының тұлғалық ерекшелігіне сай жұмсалады.
Мысалы:
Зат есім:
– нольдік тұлғалы;
– көптік;
– тәуелдік;
– жіктік;
– септік жалғауларда, сондай-ақ ол сөздерге түйдектелген көмекші етістік, модаль сөздер, демеуліктер, көмекші есімдердің де қатысуымен жасалады. Есімді құрмалас сөйлемдегі байланысу тәсілдері бұрынғы аналитикалық, синтетикалық тәсілдердің негізінде жүзеге асады. Мысалы, аналитикалық тәсілге бұрынғы келгеннен кейін сияқты есімшелі түріне бұдан былай есімдердің де, көмекші сөздердің де септелуі қосылып, оның аясын кеңейтеді де, байланыстырушылық дәнекерлер есім сөз таптарының өзінен де және түрлі көмекші сөздер арқылы жүзеге асады екен.
Есімді құрмалас сөйлемдер мен етістікті құрмалас сөйлемдердің семантикасы да көп назар аударуды қажет етеді. Дегенмен, бұл жерде мынаны да ескеруіміз керек. Біріншіден, есімді құрамалас сөйлем мен бір сыңары есімді, бір сыңары етістікті сөйлемдердің ара жігін ажырату да күрделі мәселе. Етістікті сөйлемдердің негізгі мақсаты қимылдың әр уақытта болуын, ойдағы мақсаттың әр түрлі екенін нақтылап айту жағынан нақты көрініс тапса, есімді құрмалас сөйлемде ондай сөйлемдердің қай сөз табынан болуымен ерекшеленеді. Себебі зат есімді құрмалас сөйлем мен сын есімді немесе сан есімді сөйлемдердің мағынасы бірдей деп айтуға болмайды. Себебі олардың әрқайсысының сөйлемді тиянақтаудағы мағынасы олардың сөз табына қарай десек, екіншіден, олардың әрқайсысының тұлғасына да келіп тіреледі. Мысалы: зат есімнің нольдік тұлғасы арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер мен зат есімге түйдектелген көмекші есім, модаль сөздердің мағынасы әр түрлі. Әрине, ондай есімді сөйлемдер нақты заттық мағынаны, мекендік, тәуелдік, көптік үғымдарды қоса айқындайтыны мәлім.
Есімді құрмалас сөйлемдердегі сөйлемдердің орналасу тәртібі тура етістікті сөйлемдердегі сөйлемдермен бірдей деп айтуға болады.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді жай және құрмалас сөйлемдерді арнайы қарастыру барысында сөйлемдердің:
– есімді сөйлемдегі байланысу тәсілдері нақтыланды;
– есімді сөйлемдерді айқындауда әрбір есімді сөз табының морфологиялық өрісі кең айқындалды;
– есімді жай және құрмалас сөйлемдердің семантикасында да өзіндік даму процесі кеңейді;
– есімді жай және құрмалас сөйлемдерді енді арнайы жаттығулар жинағына, ар түрлі оқулықтарда арнайы тақырып ретінде қарастыруда арнайы тақырып ретінде қарастыру керек.
М. Әуезов «Абай» романының кезінен кейінгі әдебиеттер түбегейлі етістікті сөйлемдер мен ғана берілуде. Жалпы М. Әуезов қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді практикалық та теориялық жағынан алғаш дәріптеуші ғалым. Бұл автордың тек әдебиетші ғана емес, тілден де хабары бар екенін көрсетсе керек.
Осы кезге дейін есімді, етістікті сөйлемдердің жасалуы, эволюциясы туралы түрліше көзқарастар бар. Сонда ірі ғалымдар есімді сөйлемдер бұрын қалыптасты десе, керісінше, етістікті сөйлемдер бұрын қалыптасты деген де көзқарастар орын алуда. Орыс тіл білімінде есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден бұрын пайда болды деген М. Ломоносовтың пікірін қолдаушылар А.А. Потебня, А.А. Шахматов, Н.Ю. Шведова, В.А. Белошапкова, Г.А. Золотова, З.П. Табакова, Н.М. Александров, Я.И. Рословец болды. Түркі тілінде А.П Поцелуевский, Э.В. Севортян, Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренников т.б. ғалымдар ең алдымен есімді сөйлем пайда болғанын, содан кейін етістікті сөйлемнің пайда болғанын ғылыми дәлелдейді.
- Ойдың ұғымдық мәнін білдіретін есімді сөйлемдер М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында мол ұшырасуы кейін жазба әдебиетінде есімді жай және құрмаластардың қалыптасуына негіз болды деп білеміз. Сөйлемдердің есімді түрі соңғы уақытта айтыла бастады. Жоғарыда талданған еңбектердің барлығы есімді сөйлемдерді жеке зерттеудің нысаны ретінде қарамаған. Олар сөйлемнің түрін ажыратуда, баяндауыштың жасалу ерекшелігін анықтағанда айтылып отырған. Қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді жеке зерттеу нысанасы ретінде қарастырған елеулі екі еңбек бар. Оның бірі – К.Қ. Оңалбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер» атты кандидаттық диссертациясы. Екінші жұмыс – Б. Елікбаевтың «Қазақ тіл біліміндегі есімді құрмалас сөйлемдер» тақырыбына кандидаттық диссертациясы.
- Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден негізгі айырмашылығы- олардың баяндауыштары есімдерден жасалады және сөйлемдегі ойдың ұғымдық мәнін білдіреді. Есімді сөйлемдер мен етістікті сөйлемдердің мағыналық сипаты бірдей емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды қамтиды, ал есімді сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұрғанын, сол сөз табының заттық, сындық, сандық, мекендік, салыстырмалылық, мезгілдік мағыналарын білдіреді.
– М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдердің баяндауыштың барлық түрлері анықталды. Есімді сөйлемдегі байланысу тәсілдері нақтыланды. Есімді сөйлемдерді айқындауда әрбір есімді сөз табының морфологиялық өрісі кең айқындалды.
– М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші басылымында есімді сөйлемдер мол ұшырасатыны дәлелденіп, кесте арқылы берілді.
М. Әуезовпен қатарлас жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларынан тақырыптары жағынан жақын үзінді алып, баяндауыштары талданды. Көлемі жағынан бірдей әріптік белгілерден тұратын (3400 әріптік белгі), төрт шығармада да «түннің суреті», «кездесу» тақырыптары әр жазушының қаламына сай суреттеліп берілген. Салыстыру нәтижесі М. Әуезовтің шығармасынан алынған мәтін бөлігінде есімді сөйлемдердің мол екені тілдік деректермен нақтыланып, сандық көрсеткіші анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет