2. ГOCТ 7.1 – 2003. Баспаханaлық жұмыс және кітапханалық, ақпараттық стандарттар жүйесі. Кітапханалық жазба. Библиографиялық сипаттама. Дұрыс құрылысы мен жалпы талап.
3. ГОСТ 7.5 – 98. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Журналдар, жинақтар, ақпараттық баспа. Жарияланған мақалалардың рәсімделуі.
4. ГOCT 7.9 – 95. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Рефераттар ен аннотация. Жалпы талап.
5. ГОСТ 7.32 – 2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Ғылыми жұмыс бойынша есеп. Құрылысы мен дұрыс рәсімделуі.
И 1 ИУС № 6-2005 22. 06. 2005
И П ИУС № 5-2002 01. 05. 2002
6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.
АНЫҚТАМАЛАР
ЛИНГВИСТИКА- әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
ПАРАДИГМА- зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
ГРАММАТИКА- тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
МОРФОЛОГИЯ- дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
ЖАЙ СӨЙЛЕМ- бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ- екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
ӘДЕБИ ТІЛ- жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
СИНТАКСИС- сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді.
ТІЛ БІЛІМІ- қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |